Фильтрациялық әрекеттің бұзылуы Бүйректе фильтрация бұзылса


Созылмалы гломерулонефрит



бет7/11
Дата07.02.2022
өлшемі297,22 Kb.
#86395
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Зәр шығаратын жүйеге бүйрек лек сурет
Танымдық психикалық үрдістер бұзылысы
Созылмалы гломерулонефрит.
Әдетте,созылмалы гломерулонефрит бірден созылмалы болып дамитын дербес ауру, бірақ жедел гломерулонефриттің салдары болуы да мұмкін.Созылмалы гломеруланефрит-ұзаққа созылатын өршімелі қабынулық үдеріс. Шумақтарды капиллярлардың базал мембранасына жиналған иммундық кешендер зақымдайды. Ол кешендерді базал мембраналық заттар қоршап, шектейді, бірақ ПЯЛ оларды фагацитозға ұшырата алмайды.о базал мембранасы жалпайып, капиллярларының қабырғасы қалыңдаған нефрондар біртіндеп семіп, жойылады. Оларды дәнекер тін жайлап,склероз дамиды. Ақырында бүйрек біртіндеп кішірейіп,салдарлық сипатта бүріскен бүйрекке айналады.



Бүйректің бұл бүрісуін гипертония ауруы кезіндегі немесе атерсклероздан,яғни біріншілік сипатта бүріскен бүйректен ажырата білу қажет. Бүйректің дәнекер тін жайлап,қатайып,бүрісуі нефросклероз деп аталады.


Нефросклероз бен созылмалы гломеруланефриттің әркеттік зардабы-бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігі.


Пиелонефрит
Пиелонефрит – бүйректің аралық тіндері мен қуысты құрылымдарының инфекциялық себептен қабынуы.



Этиологиясы: әр түрлі микроорганизмдер, көбіне ішек таяқшасы дамытады. Қоздырушылар бүйрекке қан арнасы немесе несеп жолдары арқылы түседі.
Пиелонефриттің дамуына иммунитеттің әлсіреуі, зәр жолдарының бітелуі,зәр жолдарына өткізген катетер, жыныстық органдардың аурулары қолайлы жағдай туғызады.
Бұл ауру әйелдерде жиірек байқалады; өйткені уретрасы қысқалау. Қарттарда пиелонефриттің даму қаупі қуық асты безінің гиперплазиясымен байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет