Ғылыми жоба Тақырыбы: Сталиндік репрессиялар, олардың ауқымы және ауыр зардаптары Орындаған: Абдыхадыр Бегайым Тексерген: Сагинаева А. Н алматы, 2022ж Мазмұны



бет1/3
Дата03.12.2022
өлшемі0,71 Mb.
#161046
  1   2   3
Байланысты:
Сталиндік репресиялар


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті



Факультеті «География және табиғатты пайдалану»
Кафедрасы «Юнеско»
Мамандық «Экология»

Ғылыми жоба
Тақырыбы:Сталиндік репрессиялар, олардың ауқымы және ауыр зардаптары
Орындаған:Абдыхадыр Бегайым
Тексерген:Сагинаева А.Н

Алматы, 2022ж
Мазмұны
1 Кіріспе
2 Негізгі бөлім
2.1 Сталиндік репрессиялар,олардың ауқымы және ауыр зардаптары.
2.2 Репрессияның пайда болуы
2.3 Сталиндік құрбандар саны
3 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Сталиндік қуғын-сүргін саясатына байланысты Қазақстанда жазалау лагерьлерінің аймағына айнала бастады. Қазақ жерінде Дальний, Степной, Песчанный, Камышлаг, Ақтөбе, Жезқазған, Петропавл лагерьлері, Кеңгір, Өскемен арнайы лагерьлері ашылды. Бұл лагерьлердің ең ірісі- Карлаг (ерекше тәртіптегі Қарағанды лarepi), «Отанын сатқандардың» әйелдеріне арналған Ақмола лагepi («АЛЖИР») болды. 1937 жылдың күзінде Қазақ өлкесіне Қиыр Шығыстан «жапон тыңшылары» деген заңсыз аиып тағылып, 100 мың корей күштеп қоныс аударылды. Осы жылдың күзінде КСРО-ның кавказдық шекарасынан «шекаралық аймақты тазалау мақсатында» мыңдаған курдтар, түріктер, әзірбайжандар, ирандықтар Қазақ жеріне күшпен көшіріліп әкелінді. 1920 жылдардың соңында КСРО да тоталитарлық жүйенің негізі толығымен орнады деуге болады. Бұл 1929 жылғы 6 қарашадағы КСРО-ның БОАК мен ХКК шешімен қayiптi қылмыскерлерді коғамнан аластау мен күшпен еңбек еткізу және алыс әрi игерілyi қиын аудандардағы табиғи ресурстарды игеру үшін КСРО-ның шеткі аймақтарында - солтүстік аудандарда, Оралда, Қиыр Шығыста, Орта Азияда еңбекпен түзеу лагерьлерін құруынан көріндi. Бұл жерде БМСБ мен соттың ерекше қаулысы бойыншы 3 жылдан 10 жылға дейін сотталғандардың еңбегін пайдалану туралы шешім қабылданды. Осы кезде еңбек лагерьлерінің және Еңбек қоныстарының бас басқармасы - ГУЛАГ құрылған. 1940 жылдары ГУЛАГ жүйесінде 53 лагерь болды, ал 1954 жылы олардың саны 64-ке жетті. 1930 жылы лагерьлерде 179 мың адам


тұтқында болса, 1940 жылы 1344408 адам, ал 1953 жылы олардың саны 1727970 адамға жетті.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет