Физика және астрономия пәніне арналған Білім беру коды және бейіні: Мамандығы


Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болатын бу қаныққан бу делінеді



бет56/120
Дата04.06.2020
өлшемі1,39 Mb.
#72350
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   120
Байланысты:
Умк (1)
Electronics Workbench бағдарламасымен танысу., Electronics Workbench бағдарламасымен танысу.
Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болатын бу қаныққан бу делінеді.Бұлай аталудың өзі бір температурада берілген көлемде бу мөлшерінің бір шамадан артып кутуінің мүмкін еместігін аңғартады.

Егер сұйық құйылған ыдыстағы ауа алдын ала сорылып шығарылатын болса, онда сұйық бетінде қаныққан бу ғана қалады.



Қаныққан бу қысымы.Егер қаныққан будың алып тұрған көлемін кемітсек, онда қаныққан бу нендей өзгеріске ұшырар еді? Мысалы температурасын өзгертпей, тұрақты ұстап, цилиндрдегі поршеньнің астындағы сұйықпен тепе-теңдікте тұрған буды сығатын болсақ ше?

Бу сығылғанда тепе-теңдік бұзыла бастайды.Будың тығыздығы алғашқы мезетте аздап артады да, сұйықтан газға өтетін молекулалар санына қарағанда, газдан сұйыққа өтетін молекулалар саны арта бастайды. Алайда уақыт бірлігі ішінде сұйықтан бөлініп шығатын молекулалар саны тек температураға тәуелді, ал будың сығылуы ол санды өзгерте алмайды. Бұл процесс, тепе-теңдік пен тығыздық қайтадан қалыптасқанша, яғни молекулалардың шоғыры алғашқы мәніне жеткенше жүре береді. Олай болса, тұрақты температурада қаныққан бу молекулаларының шоғыры көлемге тәуелсіз болады.

Қысым молекулалар шоғырына пропорционал болғандықтан, қаныққан будың қысымы будың өзі алым тұрған көлеміне тәуелсіз екендігі шығады.

Сұйық өзінің буымен тепе-теңдікте болған жағдайда, көлемге тәуелсіз бу қысымы – қаныққан бу қысымы делінеді.

Қаныққан буды сыққан сайын, оның көбірек бөлігі сұйық күйге көшеді. Сұйықтың берілген массасы дәл сондай бу массасына қарағанда аз көлем алады. Нәтижесінде будың тығыздығы өзгерген жағдайда оның көлемі азаяда.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   120




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет