2 тапсырма. « Жұқа қабықшадағы жарық интерференциясы» Құралдар:проекциялық аппарат , сабын қабықшасына арналған сым рамка , сабын ерітіндісі , экран.
Жұмысқа нұсқау: Конденсор алдында сым тұзақ қойылады. Тұзақты конденсордан шыққан жарық шоғы оны толық жабатындай қашықтыққа орналастырады. Ол үшін тұзақтың артына жарық конусын вертикаль жазықтықта қиып өтетін , кішірек табақ, ақ қағазды жақындап қояды.Оны тұзақпен бірге отырғыштың бойымен қозғай отырып, жарық дағының тиісті өлшемі алынады. Тұзақ астына сабын ерітіндісі бар стақан қойып, тұзақты ерітіндіге толық батырады да, стақанды алып кетеді. Тұзақта сабын қабықшасы пайда болады. Сабын қабықшасынан жағылған жарық шоғының жолына универсал штативтің үшаяғына қондырылған объектив қосылады. Осы шоқтың бойымен объективті қозғай отырып экранда жап – жарық интерференциялық түсті жолақтары бар сабын қабықшасының айқын кескіні шығады.