Тізбектің бөлігі үшін Ом заңы.
Жұмыстың мақсаты: тізбектің бөлігіндегі ток күші, кернеу мен кедергі арасындағы тәуелділікті тағайындау.
Керекті құралдар: вольтметр; амперметр; миллиамперметр;номи-налды кедергілері 2Ом болатын резистор; реостат 6 Ом; МН 6,3 х0,3А маркалы шам; 4В-қа негізделген ток көзі; жалғағыш өткізгіштер(сымдар), макеттік тақта.
Жұмыстың орындалу тәртібі.
1- тапсырма.Тізбек бөлігі үшін ток күші, кернеу мен кедергінің арасындағы тәуелділікті тағайындаңдар.
1.13.6- суреттегі сұлба бойынша кедергісі 2 Ом болатын резисторды пайдаланып, электр тізбегін жинаңдар.
2. Тізбекті тұйықтаңдар және өлшегіш құралдардың көрсетуін жазып алыңдар.
3. Әрбір жағдай үшін U/R кернеудің кедергіге қатынасын тізбек бөлігі үшін анықтаңдар.
4. Өлшеу мен есептеулердің нәтижелерін 5-кестеге жазыңдар.
5. Өз корытыңдыларыңды Г. Омның тізбек бөлігіүшін жасалған тұжырымдамасымен салыстырыңдар.
13.6 -сурет
5-кесте
Тәжірибе
№
|
Кедергі R, Ом
|
Ток күші I,A
|
Кернеу U, В
|
U/R
|
1
|
4
|
1,2
|
4,8
|
1,2
|
2
|
6
|
0,8
|
5,0
|
0,83
|
I=U/R; I1= 4,8В/ 4 Ом=1,2А; I2=5B/6Ом=0,83 А
Ескерту:приборлардың аспаптық қателігіне байланысты мәліметтерде айырмашылық бар. Резистор R= 2 0,2 Ом.
Қорытынды:Амперметрдегі ток күшінің мәні мен U/R қатынасы тең болып, Ом заңының тізбек бөлігі үшін дұрыстығы анықталды.
Достарыңызбен бөлісу: |