2- тапсырма. Шунт (айналып өту жолы) қызметін атқаратын айнымалы резисторы бар аралас жалғаудың сұлбасын оқып –үйреніңдер.
1.13.10-сурет бойынша электр тізбегін құрыңдар.
2.Л1, Л2 шамдары мен айнымалы резистордың өзара қалай жалғанғанын айтып беріңдер.
3.Шамдарға параллель вольтметр қосыңдар. Айнымалы резистор реттегішінің бір шекті жағдайдағы орнынан екінші шекті жағдайына қозғалта отырып, вольтметрдің көрсетуі мен шамның жарықтығын бақылаңдар. Байқалған эффектіні түсіндіріңдер.
4. Резистордың реттегішін максимал кедергіні беретін жағдайға қойыңдар (13.10-сурет). Шамның жарықтығын еске сақтап, осы жарықтыққа сәйкес вольтметрдің көрсетуін жазып алыңдар.
5.Резистордың реттегішін минималды кедергіні беретін жағдайға қойыңдар (13.10-сурет, төменгі бөлік). Шамның жарықтығын есте сақтап, осы жарықтыққа сәйкес вольтметрдің көрсетуін жазып алыңдар.
6.Аталған екі жағдайдағы шамдардың жарықтығы мен прибордың көрсетуін салыстырыңдар. Кедергі аз болғанда ( екінші жағдай), Л1 шам неге жанбайды? Ал оған қосылған вольтметр кернеуді неге көрсетпейді?
Жұмысты орындау:
Кесте толтырамыз:
R
|
U1,B
|
U2,B
|
Rmax
|
1,0
|
4,4
|
Rmin1
|
0,6
|
4,8
|
Rmin2
|
0
|
5,4
|
U1 –бірінші шамның кернеуі; U2- екінші шамның кернеуі.
Қорытынды: Реостатпен жалғанған Л1 шам кернеуіненЛ2 шам кернеуі артса, шам сөнеді. Кедергі аз болғанда Л1 шам жанбайды, кернеуі нөльге дейін кемиді. Себебі, шам қылының кедергісінен реостат кедергі аз болғандықтан тоқтың көп бөлігі Л2 шамға бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |