Физика пәнінен зертханалық жұмыстардың тақырыбы 7 – сынып


Құралдар: проекциялық аппарат , сабын қабықшасына арналған сым рамка , сабын ерітіндісі , экран. Жұмысқа нұсқау



бет36/41
Дата10.10.2022
өлшемі3,65 Mb.
#152421
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Байланысты:
Лаборант документ

Құралдар: проекциялық аппарат , сабын қабықшасына арналған сым рамка , сабын ерітіндісі , экран.


Жұмысқа нұсқау:

  1. Конденсор алдында сым тұзақ қойылады. Тұзақты конденсордан шыққан жарық шоғы оны толық жабатындай қашықтыққа орналастырады. Ол үшін тұзақтың артына жарық конусын вертикаль жазықтықта қиып өтетін , кішірек табақ, ақ қағазды жақындап қояды.Оны тұзақпен бірге отырғыштың бойымен қозғай отырып, жарық дағының тиісті өлшемі алынады. Тұзақ астына сабын ерітіндісі бар стақан қойып, тұзақты ерітіндіге толық батырады да, стақанды алып кетеді. Тұзақта сабын қабықшасы пайда болады. Сабын қабықшасынан жағылған жарық шоғының жолына универсал штативтің үшаяғына қондырылған объектив қосылады. Осы шоқтың бойымен объективті қозғай отырып экранда жап – жарық интерференциялық түсті жолақтары бар сабын қабықшасының айқын кескіні шығады.



III. Үйге : № 3 М/ж.даярлық

  1. зертханалық жұмыс.



Дифракциялық тордың көмегімен жарықтың толқын ұзындығын анықтау.


Құрал – жабдықтар: 1) жарықтың толқын ұзындығын анықтайтын аспап; 2)дифракциялық тор; 3)жарық көзі.


Жұмыстың теориясы. Жарықтың дифракциясы дифракциялық тордың көмегімен жақсы бақыланады. Дифракциялық тордың формуласы d sin φ= Rλ ( 1) бойынша түрліше ұзындықтағы толқындар үшін максимумдар түрліше бұрыштармен бақыланады. Φ бұрышы аз және тор мен экранның а қашықтығы саңылаудан толқынның максимумы бақыланатын b қашықтықтан көп үлкен болатындықтан, sin φ=tg= ( 2) деп алуға болады. (§4.5 –ты қараңдар) ( 1 ) мен ( 2 ) формулаларынан λ= аламыз :


Жұмыстың барысы:

  1. Дифракциялық торды (1 )аспаптың рамкасына ( 2 ) қойып , оны көтерілгіш үстелдің қысқышына бекітіңдер ( 1 – сурет ).

  2. Жылжымалы экранды (5) дифракциялық тордан 50 см қашықтыққа қойыңдар.

  3. Дифракциялық тор (1) арқылы қарап, аспапты нысана саңылауынан көрінетін етіп қойыңдар. Осы кезде жылжымалы экранның қараңғы реңінде бірнеше ретті дифракциялық спектрлерді көруге болады. Спектрлер көлбеу тұрса, торды олар вертикаль болатындай етіп бұрып қойыңдар.

  4. Экрандағы шкала бойынша бірінші реттік спектрдің қызыл және күлгін шекарасын анықтаңдар, сонымен қатар спектрдің жасыл сызығының орнын да байқаңдар.

  5. Өлшеу нәтижелерін кестеге түсіріңдер.

  6. Жылжымалы экран мен тордың арақашықтығын өзгертіп, өлшеулерді қайталаңдар. Мұны экранның әр түрлі үш орналасу жағдайы үшін қайталаңдар. үшін толқын ұзындығын анықтаңдар.

  7. Қызыл, жасыл және күлгін сәулелер үшін толқын ұзындығының орташа мәнін табыңдар.

  8. Өлшеу қателігін бағалаңдар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет