Фольклор м.Әуезов – фольклортанушы



бет1/76
Дата17.12.2023
өлшемі0,62 Mb.
#197431
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76
Байланысты:
Фольклор м.Әуезов – фольклортанушы-emirsaba.org


Фольклор м.Әуезов – фольклортанушы

ФОЛЬКЛОР
1.М.Әуезов – фольклортанушы
Ең біріншіден, М.Әуезов кім?деген сұраққа қысқаша тоқтала өтсем,Мұхтар Омарханұлы Әуезов — қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі , филология ғылымдарының докторы, профессор , Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері.
Ал енді фольклортанудағы сіңірген еңбектеріне келетін болсам,Мұхтар Омарханұлы Әуезов фольклорды жинаумен, зерттеумен жастайынан шұғылданғаны белгілі. Ол ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдары «Таң», «Шолпан» секілді журналдарға өзінің бірнеше зерттеулері мен жинаған фольклорлық мәтіндерін жариялай бастайды. Мәселен «Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі», «Халық әдебиеті туралы», «Қобыланды батыр», «Әдебиет ескілігін жинаушыларға» секілді мақалалар осы кезеңде жарық көреді. Бұл зерттеулерде Мұхтар Омарханұлының фольклор туралы ғылыми көзқарасы, анығырақ айтқанда фольклор табиғатының күрделі ерекшелігі, фольклор мен әдебиеттің айырмашылығы, фольклордың халықтың тұрмыс-тіршілігі, салты, тарихымен тікелей байланысып тұратындығы туралы ойлары анық бой көрсетеді. М.Әуезов сол кезеңнің өзінде әдебиет пен фольклорлық мәтіндерді ел аузынан қатар жинап, ешқандай өзгертпей ұқыптылықпен жариялай бастайды. Осының нәтижесінде «Таң» журналында «Ай, Таңсықтың қоштасқаны», «Жаман бақсының сарыны», «Жаман сарт сарыны» мен бірыспыра авторлық туындылар жарияланады. Жас М.Әуезов бұл мәтіндерді қайдан, кімнен, қашан жазып алғаны туралы мәлімет беріп, қосымша түсініктермен байытып, мұра жайлы мәліметтерді арттыра түседі. Бұл жайт мәдени мұраны жазып алудың ғылыми принциптерін қатаң ұстанып, оны жариялаудың да тәртібін мұқият орындайтын жас маманның қалыптаса бастағанын көрсетеді.
Жиырмасыншы жылдардың екінші жартысы мен отызыншы жылдардың басынде М.Әуезов туған елінің аса бай фольклорлық қазыналарын жинаумен, зерттеумен үзбей шұғылданғанын байқатады. Бұған дәлел ретінде, «Әдебиет тарихы» деген монографиясын айтуға болады.Бұл монография 1927 жылы жазылғанымен қалтарыста қалып,2001 жылы ғана халыққа жеткен.Атауы «Казахское народное творчество и его поэтическая среда» деген атпен, зерттеу мақаласы ретінде шыққан. Осыдан бұрын шыққан әйгілі «Әдебиет тарихы» монографиясы жарық көре салысымен тәркіленіп, оқуға тыйым салынады. Сол себептен де болар үндес жазылған «Казахское народное творчество и его поэтическая среда» мақаласы жарияланбастан тасада сақталыпты. Шынтуайтында «Әдебиет тарихы» алғашқы оқу құралы еді, онда қазақ фольклорының негізгі жанрлары мен оның мәні, әдебиеттің даму кезеңдері, жекелеген ірі эпикалық шығармалар жан жақты талдау нысанына айналып, тарихи-хронологиялық тұрғыдан жүйелі зерттеледі. Монографияда фольклордың барлық жанрлары: салт өлеңдері, ертегі, батырлық пен романдық эпос, тарихи өлең, айтыс секілді жанрлар жүйелі зерттеу нысанына айналды. Қазақ фольклоры мұндай кең ауқымда бұрын-соңды зерттелмеген еді. Әлбетте автордың кейбір жекелеген ойлары мен ғылыми байламдары бүгіндері өз мәнін жойды, әйткенмен монографияның негізгі тірегі болған негізгі тұжырымдар қазақ фольклортану ғылымының өзегіне, бүгіндері хрестоматиялық құндылыққа айналды.
Монографияның І бөлімі сыршылдық салт өлеңдері деп аталады да оның ішіне ел салтындағы шер өлеңдер,мысалға,жоқтау, естірту, қоштасу, көңіл айту секілді өлеңдер және дін салты мен дін ұғымынан туатын өлеңдер,мысалы,наурыз, бақсылардың сарыны, жарамазан секілді жырлар,сонымен қатар,қыз ұзату үстіндегі салт өлеңдер,яғни,жар-жар, қоштасу-танысу, беташар секілді жырлар болып жіктеледі. Әрине, бұл классификация бүгінгі ғылымның талабына сай келмейді, мұнда отбасылық ғұрып фольклоры, маусымдық ғұрып фольклоры, магиялық фольклор үлгілері бір-біріне араластырылғаны байқалады, әйткенмен М.Әуезов салт фольклорын ең ежелгі жанр ретінде саралағаны танымының зерек екенін білдіреді.
ІІ бөлім батырлар әңгімесі деп аталады.Бұл бөлімде ұлы батырлар әңгімесі,мысалы, «Едіге», «Қобыланды батыр», «Ер Тарғын», «Ер Сайын», «Нәрікұлы Шора» секілді әңгімелер және кіші батырлар әңгімесі,мысалы, «Қамбар батыр», «Алпамыс батыр» деп бөлініп талданады.
ІІІ бөлімде ел поэмалары :«Қозы Көрпеш –Баян сұлу», «Қыз Жібек» жырлары,
Ал ІҮ бөлімде тарихи өлеңдер :«Кенесары– Наурызбай», «Исатай –Махамбет», «Бекет» секілді жырлар
Ү бөлімде ертегі,
ҮІ бөлімде айтыс өлеңдер,
ҮІІ бөлімде зар заман ақындары жайлы талданады.
Әрине, бұлайша жіктеу мейлінше шартты деуге болады.
М.Әуезовтың фолькорьануға қосқан үлесі мұнымен тоқтап қалмайды. Бұдан өзге көптеген келелі еңбектері бар.Солардың бірі,"Қозы Көрпеш-Баян Сұлу" жыры.
М.Әуезов бұл жырды құрастырып, алғы сөзін жазған . «Қозы Көрпеш Баян сұлу» жырының осынау нұсқасын ол ақын Уәйіс Шондыбайұлының аузынан жазып алып, алғы сөзімен, түсініктерімен қамтамасыз етіп 1936 жылы жариялайды. Бұл Қазақстанға совет билігі орнағаннан кейінгі уақытта алғаш рет эпикалық мұраны ғылыми тұрғыдан жариялаған жұмыстың бірі еді. М.Әуезовтің бұл мәтіні бүгіндері жырдың ең таңдаулы үлгісінің бірінен саналады, ол түрлі фольклорлық жинақтарда тұрақты жарияланады, оқулықтарда, сонымен бірге романдық эпосты зерттейтін салада мәнді ғылыми нысанға айналды.
Сонымен қатар,М.Әуезовтің фольклортануға қосқан шоқтықты еңбегінің бірегейі – «Киргизский геройческий эпос «Манас» деген көлемді зерттеуі. Еңбектің алғашқы нұсқасы 1934 жылы дайын болып, оны автор әр түрлі саяси-идеологиялық кедергілерге байланысты 1937, 1940, 1944, 1948, 1954 жылдары редакциялап, өңдеп-жөндегені белгілі. Алайда зерттеудің негізгі тұғырнамасы, іргелі ойлары қаз қалпында сақталып, эпостануға, халық жырының поэтикасын зерттеуге бағыт-бағдар беретін құнды қазынаға айналып отыр.
Жалпы,Сан-салалы қоғамдық қызметтерге араласып, тіпті қуғын-сүргін көргенімен М.Әуезов фольклормен шұғылдануын бір мезет те тоқтатқан емес. Ол кейде зерттеуші ғалым, бірде жазушы ретінде фольклорға тұрақты жүгініп отырды. Оған мысал ретінде фольклорлық сюжеттерге құрылған классикалық пьесаларын былай қойғанда, 1940-1950 жылдары аралығында жариялаған «Ертегілер», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Киргизский героический эпос «Манас»» деген зерттеулерін айтуға болады.
М.Әуезов 1948 жылы жарияланған аса көрнекті еңбек «Қазақ әдебиетінің тарихы» кітабының 1-томы фольклор тарихын жазуға дәйекті де мәйекті ойлар ұсынып, жинақтың жүйе-құрылымын түзіп, жасампаздықпен табандылық танытқаны ерекше бағалы.
Сонымен бірге,қазақ ертегілерін де зерттеуге үлкен үлес қосқан.Ертегіні аңыз-әңгіме секілді прозалық текпен қоса тексеруді ұсынады, оны қиял-ғажайып, хайуанаттар жайында, шыншыл ертегідеп жіктеуді ұсынады.
Фольклордың тағы бір саласы айтыс саласынад да зор еңбек сіңірген. «Айтыс өлеңдері» деген зерттеуінде түрік тектес елдердің ішінде қазақ арасында суырыпсалма өнер деңгейіне жетіп толысып дамыған осы жанрды әдет-салт айтысы мен ақындар айтысы деген екі жікке бөліп, айтыстың шығу тегі, стадиялық кезеңдері, жанрлық жүйесін саралап, осы жанрдың өзегіне тартысты сипат берген ру-тайпа арасындағы талас-тартыс деген дәлелді тұжырым жасайды. М.Әуезовтің бұл бағалы байламдары бүгінгі ғылымда қағидаға, жеке монографияның арқауына айналды, дамытыла түсті.
Қорытындылай айтсам,М.Әуезов отандық фольклортану ғылымының қалыптасуы мен дамуына ерекше үлес қосты, ол халық мәдениетін терең зерттейтін мамандарға әрдайым көшбасшы бола береді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет