7.Магиялық поэзия ерекшеліктері-2 сұрақпен бірдей
8.А.Байтұрсынов – фольклор зерттеушісі
Ахмет Байтұрсынұлы — қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері.Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.
Ал,ендігі кезекте осы Ұлттың Ұлы Ұстазы атанған ғұламаның Қазақ әдебиетіне, соның ішінде, қазақ халық ауыз әдебиетінде алар орны қандай? Қандай еңбектері мен тұжырымдары бар деген сауалға жауа бере кетейін.А.Байтұрсынұлы ХХ ғасырдың бірінші жартысында қазақ фольклорының жекелеген мәселелерін қарастырған ғалымдардың бірі.
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ халық ауыз әдбиетін зерттеуде елеулі еңбегі сіңген ұлы ағартушылардың бірі.Оны біз ғалымның мынандай еңбек-тұжырымдамаларынан көріп,біле аламыз.
Жалпы, фольклор сөзінің баламасының өзін алғаш "қазақ халық ауыз әдебиеті" деп 1926 жылы қолданған Ахмет Байтұрсынұлы болатын.Ол көркем фольклор, ғұрыптық фольклор секілді фольклор түрлеріне көп тоқталған.Жалпы фольклорды «Сауықтама» және «Сарындама» деп екіге бөліп қараған. «Сарындама» терминін «Жұрттағы келе жатқан салт – сарынды сөздер» деп түсіндіреді. Ал, «Салт» терминін «Обряд» мағынасында қолданған.
Фольклор үлгілерінің бірі «Жоқтау» ды А.Байтұрсынов жинап, құрастырып қайта түзеткен. Оны «Жиырма үш жоқтау» дан көре аламыз. Ахаңның бұл «Жоқтаулар» жинағы өз ішіне қазақ тарихының төрт жүз жылын сидырып отыр .
Сонымен қатар,зерттеуші өзінің "Әдебиет танытқыш" деп аталатын 15 тараудан тұратын көлемді еңбегінің 1 тарауын фольклорға арнаған. . Мұнда тұңғыш рет қазақ фольклортану ғылымы тарихында: фольклордың ішкі жанрлық жағдайы, сюжеті, бейнелер жүйесі, тақырыптық- идеялық ерекшеліктері, әрі фольклорлық жанрлардың іштей жіктелу шарттары, фольклордың атқаратын түрлі қызметтері хақында, фольклорға халықтың көзқарасы, фольклордағы тарих пен шындықтың арақатынасы т.б. бәрі ғылыми жүйеге түсіп, теориялық тұрғыдан, тарихи-типологиялық зерттеу әдісі негізінде сараланған. А.Байтұрсынұлы "әдебиет танытқыш " еңбегінде ауыз әдебиеті түрлерін жіктеген.
Жіктеуіне тоқталсам,
ертегі, аңыз-әңгіме, өтірік өлең, жұмбақ, жаңылтпаш, бас қатырғыш-бұлар бір топ. Батырлар жыры, тарихи жыр, айтыс, өлең, үгіт өлең, толғау, терме – бұлар екінші топ. Мысал, ділмар сөз (афоризм), тақпақ, мақал, мәтел – бұлар үшінші топ. Той бастар, жар-жар, неке қияр, беташар, жоқтау, жарапазан, бата – бұлар төртінші топ. Жын шақыру, құртқыру, дерт көшіру, бесік жыр – бұлар бесінші топ.
Ахмет Байтұрсынұлы халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап қана қоймай, жарыққа шығаруға да зор үлес қосты. Қазақтың «Ер Сайын» атты эпостық жырына алғы сөз бен түсініктемелер жазып, оны 1923 жылы Мәскеуде шығарды. Бұдан бөлек, жоғарыда айтып өткенімдей,қазақ ауыз әдебиетінде молынан сақталған жоқтау-жырларын арнайы жүйелеп, 1926 жылы «23 жоқтау» деген атпен жеке кітап етіп жариялады.
«Күншығыс» баспасынан басылып шыққан халық жыры «Ер Сайын» жырын жеке кітап етіп шығарып, әйгілі орыс ғалымы Шоқан Уәлихановтың досы Григорий Николаевич Потаниннің туғанына 80 жас толуына орай тарту етіп сыйлаған.
Сонымен бірге, батырлар жырының азайып бара жатқанын, бірте-бірте өлең түрінен айырылып, ертегіге айналатынын, рухы жоғалып бара жатқаның ескертіп, сондықтан жыршылар жоғалмай тұрғанда батырлар жырын жазып алуды ел ішіндегі азаматтардың халық алдындағы борышы деп көрсетеді. Мәселен, «Қарақыпшақ Қобыланды батыр», «Нәрікұлы Шора», «Алпамыс батыр», «Ер Тарғын», «Ер Сайын», «Едіге», «Қамбар» қазақ арасында көп айтылатын жырлар ретінде көрсетіледі.
Халық мұрасына үлкен жанашырлықпен қараған Ахмет Байтұрсынұлы «әдебиет тіліне негіз етіп ел аузындағы тіл алынбаса, оның адасып кететіндігін» айтты.
Достарыңызбен бөлісу: |