Г. Ж. Сұлтанғазина Мәдени және пайдалы өсімдіктер



бет11/13
Дата03.02.2017
өлшемі2,57 Mb.
#8721
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
23 –сурет. Брюссель қырық қабаты:

1-жалпы түрі; 2-қауданшық; 3-қауданшық кескіні
2.Жемістілер – қызанақ, бұрыш, баклажан, қызылқұлақ, асқабақ, қауын,

қарбыз, қияр, ас бұршақ, бұршақ, үрме бұршақ, қанттық жүгері, самсар, кәді.

3.Тамыржемістілер – қызылша, сәбіз, ақжелек, балдыркөк, ботташық, тарна,

шомыр, шалқан, шалғам (24-сурет).




24-сурет. Мал азықтық тарнаның маңызды сорттары:

1- Куузику; 2 - Вышегородская улучшенная; 3- Красносельская местная;

4 — Шведская

4.Жуалықтар – қатпарлы немесе басты пияз, шалот, порей, сарымсақ

5.Жапырақтылар – сүтжапырақ (сүтшөп, балпанақ, шашыратқы, шытыр),

саумалдық, аскөк, пекиндік қырыққабат, жапырақты қыша, жебір.

6.Көпжылдықтар – ақжелек, қымыздық, рауғаш, қояншөп, бөрікгүл, жуалар

(батун, шнитт, көп қабатты, шырылжын, жусан (шырылжын, қызылшөп),

қатыран, жалбыз, зире (зере), әптиек аскөгі.

7.Саңырауқұлақтар – қозықұйрық, жүзікше, жерқұлақ және т.т

Өсімдік ағзасының қалыптасу негізінде, оның онтогенездегі басты тіршілік процестері - өсімдіктің өсуі және дамуы жатады. Өсу – ағза құрылым элементтерінің жаңадан пайда болуы, әдетте оның және басқа бөліктерінің көлемінің кері айналынбайтындай түрде артуы; даму – тіршілік циклы процесінде өсімдіктің немесе оның жекелеген мүшелерінің, ұлпаларының және жаушаларының құрылымдары мен қызметінің сапалы өзгеруі. Өсу негізінен сандық, даму сапалы өзгеріс сипатымен өтеді.

Өсімдіктің өсу қарқыны құрғақ зат жиналуы сияқты алғашқыда тұрақты түрде гүлденуге дейін арта түседі, сосын ағзаның биологиялық қартаюының куәсі ретінде берте-бірте кеми береді. Өсуді реттеуде басты ролді зат алмасу реакцияларында өсімдік өндіретін өсіргіш заттар және нуклеин қышқылдары атқарады. Соңғылар, клетканың бүкіл тірі құрылымын құрастыратын белоктарды синтездеуде өте маңызды рөл атқарады. Өсімдіктің өсу және даму процестері мүше қалыптастыру процестермен немесе морфогенезбен байланысты.

Көкөніс дақылдарының өсуі, дамуы және өнімділігі өсімдіктің тұқым қуалау ерекшеліктеріне және қоршаған орта жағдайына тәуелді.

Тұқымдық өсімдіктердің көпшілігінің онтогенезінде мынадай негізгі шақтарын: тұқымдық, вегетативтік, және тұқым қалыптастыру кезеңдерін белгілейді.

Тұқымдық шақта тұқымның зат алмасуы аналық өсімдікпен байланысты эмбрионалды кезеңді, жетілген тұқымның әрекетсіз күйге ауысатын – тыныштық кезеңін және тұқымның қоректік заттарын пайдаланып, бөртіп, ұрық өсетін – тұқымның өну кезеңін белгілейді.

Вегетативтік шақта вегетативтік мүшелер – тамырлар, жапырақтар, сабақ қалыптасады. Мұнда үш кезең ажыратылады: көшеттік, азық қорын жинау және тыныштық кезеңі.

Өсу мен дамудың тұқым қалыптастыру шағы төрт – бүршіктену, гүлдеу, жеміс салу және қартаю кезеңдерінен тұрады. Бүршіктену кезеңінде гүлсидамы және гүл шоғыры қалыптасады, гүлдеу кезеңі тозаң мен жыныс клеткасының пісіп-жетілуімен сипатталады. Жеміс салу кезеңінде тұқымның пісуі жемістің қалыптасуынан бұрынырақ жүреді де жан-жануарды өзіне тартады және бұл тұқымның кеңістікте таралуының бір амалы болып саналады. Қартаю – цитоплазма коллоидтарының тұтқырлығын артуымен, оның өткізгіштігінің төмендеуімен сипатталынады. Қоректік заттардың келіп түсуінің қиындауының нәтижесінде өсімдіктің бүкіл мүшесі бірте-бірте өле береді.
Жұмыстың барысы:

1.Жұмыс дәптерінің 4-5 беттеріне өсімдіктердің 40-50 атауын сыйғызу қажет, кестені сызу.

2.Нақты зерзаттарды, өсімдіктің өнім беретін мүшесі, қатырма, сурет

қолданып кестедегі белгілер бойынша өсімдіктерді сипаттау.

Көкөніс өсімдіктерінің өндірістік топтарын сипаттау кезінде мынаған көңіл аударған жөн:

Қырыққабаттар (капуста) тобы бойынша:

1.Қауданды қырыққабаттың бойлық қимасының суретін салып, негізгі

мүшелерін атау. Сыртқы және ішкі мүшелерін белгілеу.

2.Өсіріп жеткізу дегеніміз не? Қандай қырыққабаттарды өсіріп жеткізеді?

Қандай жағдайда және не үшін өсіріп жеткізеді?
Көкөніс өсімдіктерінің өндірістік – биологиялық сипаттамасы

Өөндірістік топтар


Атауы

Тіршілігінің ұзақтығы,жыл

Дақылдарының шығу орталығы

Өнім беретін мүшесі

Дақылдың (қазақша, латынша, орысша)

Тұқымдастың (қазақша, латынша, орысша )

Құрылымының атауы және ерекшелігі

Асқа пайдалану әдісі

Химиялық құрамы

Мысал:

Басты пияз Allium сера

Лук репчатый




Пияз тұқымдастары Alliacen Луковые


Көп жылдық

Орта Азия

Бадана, жапырақтар

Жас және өңделген түрде

Қант, май, ақуыз Е,С,А дәрумендері


Тамыржемістілер бойынша:

1. Тамыр жемістің сыртқы пішінінің суретін салы, негізгі бөліктерін

белгілеңіз.

2.Ұзынша және дөңгелек пішінді тамыр жемістің өсуіне өскіннің қандай

мүшелері және қаншалықты қатысады? Топырақ тығыздылығының және

өскін сиретудің маңызы.

3.Сәбіз тамыр жемісінің ішкі құрылысын суреттеп, сызбасын салу.

4.Шомыр тамыр жемісінің ішкі құрылысын суреттеу.

5.Қызылша тамыр жемісінің ішкі құрылысының суретін салу.

6.Көктеу дегеніміз не? Көктеуге жарамды тамыр жемістерді атап шығу.

7.Қорғаулы және ашық жердегі көктеудің мерзімі.

8.Дамудың қалыпты айналымынан ауытқулары: «гүлсымақ », «қиқарлық»,

олар нені білдіреді?

Жуалар тобы бойынша:

1.Бадананың анықтамасы. Бадананың пісу белгілері. Жапырақтардың жатып қалуының себептері.

2.Басты пияздың бойлық қимасының суретін салу. Негізгі бөліктерін

көрсетіңіз. Құрғақ, шырынды, ашық және жабық қабықшаның ролі.

3.Пияз көшеті дегеніміз не? Пияздың аз және көпұялы сорттары үшін

үлгіқалыпты пияз көшетінің диаметрін көрсетіңіз. Пияз көшетінің міндеті.

4.Іріктемелі пияз дегеніміз не? Оның міндеті және өлшемдері.

5.Өсімтал жұрнақ (ұрық жұрнақ) дегеніміз не, оны қалай анықтайды (суретін

салыңыз). Пияздың неше ұрықты сорттары көктеуге жарамды?

6.Ұялылық дегеніміз не, оны қалай анықтайды?

7.Аймақ жағдайына байланысты басты пиязды өсіру әдістері,

аудандастырылған сорттарын атаңыз.



  1. Азық-түліктік және аналық пиязды сақтау әдістері.

сарымсақтың басты пияздан морфологиялық айырмашылығы. Сарымсақ

пиязшығының суретін салу.

9. Негізгі бөліктерін белгілеу сарымсақтың бір тістілігі дегеніміз не?

сарымсақтың тұқымы бар ма?

Сабақтанатын және сабақтанбайтын сарымсақтың көбею мүшесі.

Көкөніс өсімдіктерінің жемістілер тобы бойынша:

1.Қызанақ бұтасының пішіні және оның қалыптасуы.

2.Пісіп жетілудің маңызы. Қандай дақылдар пісіп жетіледі?

3.Тұқыртудың маңызы. Қандай дақылдар тұқыртады?

4.Шағылғыш бұршақтың қантты бұршақтан негізгі айырмашылық белгісі.

Оларды не үшін өсіреді?



Бір жылдық жапырақты және көп жылдық көкөніс өсімдіктер тобы бойынша:

1.Аскөк, саумалдық, ақ сүттігеннің ашық және қорғаулы жердегі орны.

2.Көп жылдық көкөніс өсімдіктердің көбею әдістері.

3.Көп жылдық көкөніс өсімдіктерінің ашық және қорғаулы жердегі орны.

Әдістемелік нұсқаулар.

Өсімдіктердің алуан түрлерінің ішінде көкөніс өсімдіктерінің 78 тұқымдасқа жататын 110-120 түрі бар, олардың 86 түрі (19 тұқымдасы) – қос жарнақты. Көкөніс өсімдіктерінің жартысына жуығы қолдан өсіріледі, қалғаны жабайы өседі.

ТМД елдерінде, биологиясы, өсіру технологиясы және тамаққа пайдалануы бойынша өте алуан, көкөніс және бақша дақылдарының 70-тен аса түрлері өсіріледі.

Көкөніс және бақша дақылдарын оқып – үйренуді жеңілдету үшін оларды өндірістік белгілері және ботаникалық қатынасы бойынша жіктейді. Ботаникалық жіктелудің негізіне бір белгі – биологиялық ұқсастығы, ал өндірістік жіктелуде екі белгі – агротехника және көкөніс мүшелерін азыққа пайдалану ұқсастығы келтірілген.

Көкөніс өсімдіктерінің ботаникалық жіктелуі

Қажетті материалдар:

- көкөніс дақылдарына жататын өсімдіктердің кеппешөптері

- көкөніс дақылдарының түрлері көрсетілген плакат

- формалині бар шыны ыдыста орналасқан қызанақтың тамыр жүйесі



Әдебиет: 7,7-67 бет.

Бақылау сұрақтары:

1. Көкөністердің химиялық құрамына тоқталыңыз?

2. Көкөніс дақылдарының жалпы сипаттамасы қандай?

3. Көкөніс дақылдарын жіктеу қандай принципке бағынады?

4. Көкөніс дақылдарының өсу және даму ерекшеліктері?

5. Көкөністердің тағамдық маңызын атаңыз?


Көкөністі дақылдардың тізімі:

Кызыл қауданды қырыққабат(Капуста краснокочанная) - Brassica oleracia capitala rubra

Қытай қырыққабаты (Капуста китайская) - Brassica oleracia chinensis

Кольраби қырыққабаты (Капуста кольраби) -Brassica olerasia caulorapa

Жапырақты қырыққабат (Капуста листовая) -Brassica oleracia acephala

Пекин қырыққабаты (Капуста пекинская) - Brassica oleracia pekinensis

Гүлді қырыққабат (Капуста цветная) - Brassica oleracia cauliflora
Тесттер
1.Көкөніс дақылдары неше тұқымдастан тұрады?

А)78


В) 59

С) 33


D) 19

Е) 45
2.Көп жылдық дақылдар қалай аталады?

А) монокарптық

В) дикарптық

С) трикарптық

D) тетракарптық

Е) поликарптық

3. Екі жылдық дақылдарға қайсысы жатады?

А) қарақат

В)шалқам

С) асқабақ

D) рауағаш

Е) қозышөп


4. Қызанақтың отаны?

А) Закавказ, Туркия, Иран

В) Ауғанстан, Тәжікстан, Өзбекстан

С) Жерорта теңізінің еуропалық және африкалық жағалаулары

D) Эфиопия, Санали

Е) Мексика, Гватемала, Эквадор


5. Қырыққабат неше жылдық өсімдік?

А) 1


В) 2

С) 3


D) 4

Е) 5
Бақша дақылдары



Жалпы түсінік. Бақша дақылдарына қарбыз, асқабақ, қауын жатады. Олар дәмдік сапасы жоғары шырынды жеміс алу үшін өсіріледі. Бақша дақылдары қарбыз, қауын, асқабақ, кәді – биологиясы мен агротехникасында көп ұқсастық бар, бір жылдық шөп тектес өсімдіктер. Мал азығына асқабақ пен қарбыздың мал азықтық сорттарының жас жемістері пайдаланылады.

Қарбыздың отаны – Африкадағы Калахари және Набиб шөлдері. Азықтық құндылығы құрамындағы 10-15% қантқа, сондай-ақ А, В, С дәрумендерінде, пектин заттарына, минералды тұздарына байланысты. Қарбызды жас күйінде жейді және тұздауға болады. Шырынан бал (нардек) қайнатады. Қарбыздың сабағы жерге төселіп, бірінші және екінші реттегі бұтақтардан тұрады. Жапырақтары ұзын сағақты, өте тілімделген, қауырсын тәрізді, қызып кетуден қорғайтын қою түк басқан. Тамыр жүйесі топыраққа 2-3 м бойлайды. Қарбыз – бір үйлі, дара жынысты өсімдік. Жылылыққа өте жоғары талап қояды. Тұқымы 15-160 өне бастайды. Өскіндері 8-9 тәулікте пайда болады. Көктегеннен шамамен 30-35 тәулік өткен соң аталық, одан кейін аналық гүлі ашылады. Тозаңдануы жәндіктердің көмегімен жүреді. Алғашқы жемістері, сортына және өсу-даму жағдайына байланысты, тозаңданғаннан 35-45 тәулік өткен соң пісе бастайды. Түйнектері күзгі суық түскенше байлана береді, тек олар пісіп үлгермейді. Қарбыздың өсіп-дамуына ең оңтайлы температура - 26 – 28 0С.

Қарбыздың үш түрі бар – азықтық, мал азықты, жабайы кеуекті. Ең көп тарағаны және құндысы асханалық болып табылады, мал азықтығы да кеңінен белгілі, ал жабайысының ыстыққа, құрғақшылыққа және ауруға төзімділігі жағынан селекциялық маңызы бар.

Қарбыздың агротехникасы. Қарбыз қыртыстық дақылдарға жатады. Тыңайған және көп жылдық шөптерден кейін ең жоғары өнім береді. Сондықтан қарбыз үшін көп жылдық шөптен кейінгі қыртысты шым аударғышы бар соқамен жыртып, дайындайды. Эрозияға ұшырамау үшін топырақты 25-27 см, тереңдікке сыдыра жыртып, терең қопсытады. Қыста топыраққа қар тоқтатады, көктемде тырмалайды. Екінші қопсытуды себер алдында, 8-10 см жүргізеді.

Егуге 2-3 жылдық тұқымды пайдаланған жөн. Олар жас тұқымға қарағанда өнімді ертерек береді және жоғары болады.

Себуді топырақтың 10 см тереңдігі 12-130С жылығанда жүргізеді, әдетте бұл мамырдың 15 мен 25 аралығына келеді.

Топырақ үстіндегі қабықты бұзу және алғашқы арамшөптерді жою үшін, өскін пайда болғанша танапты торлы көзді тырмамен тырмалайды. Одан әрі, ең кемінде 3 рет, қатараралығын 13-15 см тереңдікке қопсытады.

Қанттылығы бойынша қауын қарбыздан асып түседі. Орта Азияның ең жақсы сорттарында 20-21%-ке дейін қант болады, ол дәмдігі бойынша ең таңдаулы жемістерден қалыспайды. С дәруменіне, минералды тұздарға бай. Жас және қақталған күйінде желінеді, қайнатпа, пюре дайындалады. Жас түйнектерін қияр сияқты маринадтауға, тұздауға болады.

Қауынның сабағы 2 м дейін төселіп өседі, жапырақтарын қою түк басқан. Тамыр жүйесі кұшті дамыған, жан-жағына 2,5-3 м тарамдалады, топыраққа 40-50см, ал кейбір тамырлары 2,5-3 м дейін бойлайды.

Қауын – бір үйлі, аталық және аналық гүлдері бөлек орналасқан өсімдік. Жылуға, топырақ және ауа ылғалдығына, күн сәулесіне, қоректік элементтерге талабы бойынша қарбызға жақын. Солтүстік Қазақстанда тек ерте пісетін сорттарын ғана өсіруге болады.

Қауынның агротехникасы. Қауынды қарбыз егілетін ауыспалы егісте орналастырады. Қауын танабының гектарына 20-30 т көң және қажетінше минералды тыңайтқыш енгізілуі керек. Фосфор тыңайтқышы аналық гүлдердің қалыптасуын және жемісінің пісуін жеделдетеді.

Топырақты өңдеу қарбіздікіне ұқсас. Қайт соққан үскірекке төзбейтіндіктен қауынды қарбыздан 5-6 тәулік кешірек себеді.

100 кг мал азықтық асқабақта 10 а.ө.болады, мал азықтық бақша дақылдары Қазақстан Республикасында 9,0 мың га жуық алқапта өсіріледі, ал Солтүстік Қазақстан аймағындағы егістік көлемі айтарлықтай емес (0,5 – 1,0 мың га).

Мал азықтық бақша дақылдарының өнімі жоғары, мәселен қарбыз суарылмайтын жерлерде 200-300 ц/га, ал суармалы жерлерде 400-500 ц/га өнім береді, асқабақтың өнімі – 350-700 ц/га дейін жетеді.

Асқабақтың үш түрі өсіріледі: кәдімгі асқабақ, мал азықтық ірі жемісті және жүзімдік немесе мускат (жұпарлы) түрі. Асқабақтардың тамыр жүйесі жақсы дамыған, сабақтары өрмелегіш, жапырақтары бесқалақты. Жемістердің массасы 20-40 кг, 1000 тұқымның массасы 200-300г. Мал азықтық қарбыздың тамыр жүйесі күшті дамыған, жапырақтары қатты тілімделген қысқа ірі бөліктерден тұрады. Гүлдері ірі, күлтешесінің түсі сарғыш. Жемісінің массасы 10-нан 30 кг дейін 1000 тұқымның массасы 120-240 г.

Асқабақтың ірі жемісті түрі кең таралған: өнімі мол және басқа бақша өсімдіктеріне қарағанда жылуға талабы азырақ.

Асқабақтың отаны – Оңтүстік және Орталық Америка. Асқабақтың тіркемелес сабағының ұзындығы 5-10 м жетеді. Жапырақты ірі, түксіз. Жекелеген өсімдіктердің жапырақ тақтасының беті 20 м2 болады. Тамыр жүйесі өте қуатты. Асқабақ – бір үйлі, гүлдері дара жынысты өсімдік. Жәндіктермен тозаңданады. Гүлдердің пайда болуы және жапырақтарының көбеюі күзгі суыққа дейін жалғасады.

Асқабақтың жемісі ірі келеді: ірі жемісті сорттарының диаметрі 1м-ге дейін болады және массасы 20 кг асады.

Асқабақ жемісінің құрамында қант, крахмал (16%-дейін), дәрумендер бар, әсіресе каротинге бай. Тұқымында 58%-ке дейін май, оның құрамында 140-155 мг % Е дәрумені болады.

Асқабақ – жылу сүйгіш өсімдік. Өскіндері жылылық 140С төмен болмағанда пайда бола бастайды. Өсуі үшін оңтайлы температура 25-280С. Сонымен бірге шамалы уақыт дымқылды және салқын ауа райына шыдайды, ал тамыр жүйесі, қарбыз бен қауынға қарағанда, біршама төмен температурада дами алады.

Асқабақ қарбызға қарағанда жарыққа талабы кемірек, сәл көлеңкеде өсе алады.

Асқабақтың агротехникасы. Асқабаққа күннің көзі түсетін, желден қорғалған, топырағы құнарлы, әрі терең құрылымды үлескені бөледі. Ол көкөністі ауыспалы егісте көң енгізілген қырыққабаттан кейін жемісті жақсы байлайды.

Топырақты дайындау басқа бақша дақылдардікіне ұқсас. Сүдігер көтергенде бір гектарға 20-25 т шірінді, 3-4 ц суперфосфат және 1 ц хлорлы калий енгізу ұсынылады. Көктемде топырақ қопсыту 2-3 ц аммиак селитрасы енгізіледі.

Себуге ірі, жақсы толған тұқым алынады. Тұқымды себуге дайындау қарбыздікіне, қиярдікіне ұқсас.

Асқабақты биік сабақты – жүгері, күнбағыс, сорго дақылдарының ықтырмасында себу жақсы нәтиже береді. Асқабақты күтіп – баптау, қарбыздікіне ұқсас. Өнімділігін көтеру үшін гүлдерін жасанды тозаңдандырады, әсіресе салқын ауа райында. Тозаңдандыруды таңертең, алғашқы аналық гүлдері ашылысымен, арасында 1-2 тәулік салып жүргізеді.

Асқабақ жемісінің пісуін жеделдету үшін күзгі бозқырауға шамамен бір ай қалғанда, жемістен жоғары 6-7 жапырағын қалдырып, сабақ өркендерін шырпиды. Вегетация кезеңінде гектарына 500-600 м3 су беріп 6-7 рет суарады. Жемістерін бозқырау түсер алдында жаппай, шіруден сақтау үшін, жеміс сағағымен жинайды.

Мал азықтық қарбыздың сорттары. Дисхим - Азов-Қаратеңіз АШИ-да шығарылған. Сорт ұзыншырмауықты, негізі бүршігінің ұзындығы 4-5 м.

Зертханалық сабақтың әдістемелік нұсқаулары
1 тақырып Бақша дақылдарының морфологиясы

Мақсаты: Бақша дақылдарының морфологиялық ерекшеліктерімен танысу

Жоспар:

1 Қарбыз – негізгі бақша дақыл.

2 Қауын. Биологиялық ерекшеліктері.

3 Асқабақ. Агротехника ерекшеліктері.



Жалпы түсінік

Бақша дақылдары – қарбыз, қауын, асқабақ, кәді- бір жылдық шөп тектес өсімдіктер.

Асқабақ (тыква) – Cucurdiata

Асқабақтың үш түрі белгілі: қатты қабықты (асханалық) жұпарлы

(мускатты), ірі жемісті және оның түр тармағы- шалма тәрізді (27 сурет)

Асқабақ – жылу сүйгіш өсімдік. Өскіндері жылылық 14 0 С төмен болмағанда пайда бола бастайды. Өсуі үшін оңтайлы температура 25-28 0 С. Сонымен бірге шамалы уақыт дымқылды және салқын ауа райына шыдайды, ал тамыр жүйесі, қарбыз бен қауынға қарағанда, біршама төмен температурада дами алады (25-сурет).



25-сурет. Асқабақ жемістерінің пiшіні.

Асқабақ қарбызға қарағанда жарыққа талабы кемірек, сәл көлеңкеде өсе алады. Сондықтан оны жүгеріге тығыздағыш өсімдік ретінде өсіреді. Бақша дақылдарының ішінде ең ылғал сүйгіші. Ылғал сыйымдылығы жоғары, жақсы қызатын топырақтарда ол жоғары өнім береді.

Асқабақты биік сабақты – жүгері, күнбағыс, сорго дақылдарының ықтырмасына себу жақсы нәтиже береді. Асқабақты күтіп-баптау, қарбыздыкіне ұқсас. Өнімділігін көтеру үшін гүлдерін жасанды тозаңдандырады, әсіресе салқын ауа райында. Тозаңдандыруды таңертең, алғашқы аналық гүлднрі ашылысымен, арасына 1-2 тәулік салып жүргізеді.

Асқабақ жемісінің пісуін жеделдету үшін күзгі бозқырауға шамамен бір ай қалғанда, жемістен жоғары 6-7 жапырағын қалдырып, сабақ өркендерін шырпиді. Вегетация кезеңінде гектарына 500-600 м3 су беріп 6-7 рет суарады.

Жемістерін бозқырау түсер алдында жаппай, шіруден сақтау үшін, жеміс сағағымен жинайды.

Егістікте асқабақтың үш түрі өсіріледі: кәдімгі асқабақ (C. Pepo), ірі жемісті асқабақ (C. Maxima) және мускатты (асханалық) асқабақ (C. Moschata).

Ірі жемісті мал азықтық ақабақтың тамыры қуатты кіндікті, сабағы цилиндрлі, іші қуыс, шырмауықты, жапырақтары бүйрек тәрізді, дөрекі талшықтармен түктелген, гүлдері өте ірі, сарғыш-сары түсті, жемістері шар тәрізді, қысыңқы немесе ұзынша келген, көлденеңінен ұзындығы 50-70 см, әртүрлі түсті. Жемісінің жұмсағы борпас, шырынды, сарғыш, кейде ақ. Тұқымдары ірі, (ұзындығы 2-3 см), жылтыр, 1000 санының массасы 240-300 г.

Қарбыз (арбуз)-Citrullus



Қарбыздың екі түрі – асханалық қарбыз (C. edulis) және мал азықтық қарбыз (C. colocunthoides) - өсіріледі (26-сурет).


26-сурет. Қарбыз:1- аналық гүл; 2- аталық гүл; 3 - аталықтар; 4- өркеннің 6ip бөлігi.
Мал азықтық қарбыздың күшті дамыған кіндік тамыры 4-5 м дейін тереңге және 5-7 м дейін жан-жағына тарайды және асханалық қарбызға қарағанда қуатты. Сабағы шырмауықты, ұзынөрімді (3-2 м), 10-12 бұтақты, қатты талшықтармен түктенген. Жапырақтары қауырсынды тілікті бөліктерге тарамданған. Гүлдері ірі, күңгірт-сары күлтешесі бар, бестік типте, бөлек жынысты. Аталық гүлдері ұзын аяқшаларға, ал анлық гүлдер қысқа аяқшаларға орналасқан және аталықтарға қарағанда ірірек. Жемістері - шар пішінді және ұзынша- сопақ келген, жасыл немесе ашық-жасыл түсті, әрі күңгірт жолақты мрамор суреті бар. Жемісінің массасы 10-15-тен 25-30 кг дейін және одан да жоғары. 1000 тұқымының массасы 100-200 г. Мал азықтық қарбызда тұқым жолы жоқ.
Қауын (дыня) -Melo

Қауынның сабағы 2 м дейін төселіп өседі, жапырақтарын қою түк басқан. Тамыр жүйесі күшті дамыған, жан –ағына 2,5-3 м тарамдалады, топыраққа 40-50 см, ал кейбір тамырлары 2,5-3 м дейін бойлайды.

Қауын – бір үйлі, аталық және аналық гүлдері бөлек орналасқан өсімдік. Жылуға, топырақ және ауа ылғалдылығына, күн сәулесіне, қоректік элементтерге талабы бойынша қарбызға жақын.

Қанттылығы боынша қауын қарбаздан асып түседі. Орта Азияның ең жақсы сорттарында 20-21 % -ке дейін қант болады, ол дәмділігі боынша ең таңдаулы жемістерден қалыспайды. С дәруменіне, минералды тұздарға бай. Жас және қақталған күйінде желінеді, қайнатпа, пюре дайындалады. Жас түйнектерін қияр сияқты маринадтауға болады.

Кәді және самсар

Кәді және самсар – көкөністік асқабақ. Олардың пісіп жетілмеген жас түйіндерін өңдеп пайдаланады. Кәдіні бұқтырады, қуырады, фаршылайды, маринадтайды, одан уылдырықжасайды. Самсарды консервілейді. Самсардың нәзік қытырлауық жемісі дәмі жағынан саңырауқұлаққа ұқсас. Кәді мен самсардың негізгі сабақ өркені (жеміс), қысқа буынарлығын құрастырып, баяу өседі, сондықтан олар бұтаға ұқсас келеді. Гүлдері бөлек жынысты, жәндіктермен тозаңданады. Кәдінің жемісі ұзынша цилиндр сияқты. Олардың ұзындығы 15-20 см және жуандығы 6-8 см жеткенде, 8-10 тәуліктік кезінде жинай береді. Самсардың жемісі тәрелке тәрізді, шеттері тісті келеді. Кәдіге қарағанда еті тығыздау. 3-5 тәуліктік, диаметрі 8 см артық емес түйіндерін пайдаланады.

Кәді мен самсар – жылу сүйгіш өсімдіктер. Тұқымдары 13-14 0 С өне бастайды. Өсіп-дамуы үшін оңтайлы температура – 20-23 0 С. Топырақтың ылғалдылығына жоғары талап қояды, бірақ ауа ылғалдылығы топырақтікінен жоғары болмағаны жөн. Бұлар тез пісетін өсімдіктер. Жеміс өнімін өскіндер пайда болғаннан 50-65 тәулік өткен соң жинай бастайды. Жеміс салуы күзге үсікке дейін жалғасады.

Ерте пісетін бақша дақылдарының ерекшеліктері

Ашық және қорғаулы жерде ерте пісетін бақша дақылдарын көшет арқылы өсіру ерте өнім алуға мүмкіндік береді, айталық, Солтүстік Қазақстан үшін бұл зор мәнге ие болар еді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет