Г. Ж. Сұлтанғазина Мәдени және пайдалы өсімдіктер



бет9/13
Дата03.02.2017
өлшемі2,57 Mb.
#8721
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Қажетті материалдар:

-мақта өсімдігінің өскінінің, жапырағының және гүлдерінің кеппешөптеріні

- микроскоптар, пинцет, ланцеттер, ине, 1мм-ден бөлінген сызғыш, лабораториялық өлшегіштер

- даму кезеңіндегі әр түрлі фазадағы салалы зығырдың кеппешөптері

- салалы зығырдың тұқымының үлгісі, сабағының ұзынынан және көлденең кесіндісінің препараты

- микроскоп

Әдебиет: 2, 234-239 бет.

Бақылау сұрақтары:

1. Негізгі талшықты өсімдіктердің маңызын атаңыз?

2. Талшықты дақылдардың тоқыма өнеркәсібіндегі маңызы қандай?

3. Мақта, зығыр, кенеп, кендір- негізгі талшықты өсімдіктер. Олардың жалпы сипаттамасын беріңіз?

4. Өсімдік шикізатын өңдеу қалайша жүреді?

5. Талшықты өсімдіктердің басқа дақылдарға қарағанда қандай ерекшеліктері бар?



Талшықты дақылдардың тізімі:

1.Кәдімгі(орташа талшықты мақта)–(Хлопчатник средневолокнистый)G. hirsutum L.

2.Ұзынталшықты (перуан) мақта –(Хлопчатник длинноволокнистый) G. peruvianum Gav.

3. Кәдімгі зығыр – (Лен обыкновенный) Linum usitatissimum L.

4. Салалы зығыр – (Лен долгунец) v. Elongata.

5. Бұйра зығыр –(Лен кудряш) v. Brevimulticaulia.

6. Жатаған зығыр – (Стелющийся) v. Prostata.

7. Егістік кенеп шөп – (Конопля обыкновенная) Сannabis sativa L.

8. Үнді кенеп шөп – (Конопля индийская) Сannabis indica Lam.

9. Арам кенеп шөп – (Конопля сорная) Сannabis ruderalis janisch.

10. Кенет – (Кенаф) Hibiscus cannabinus L.
Тесттер
1.Талшықты өсімдіктерді талшығының пайда болу орнына байланысты оларды неше топқа бөледі?

А) 1


В) 2

С) 3


D) 4

Е) 5
2.Мақта өсімдігі қандай тұқымдасқа жатады?

А) Solanaceae

В) Malvaceae

С) Chenopodicae

D) Asteraceae

Е)Fabaceae


3. Мақта қандай туысқа жатады?

А) Agropyron

В) Linum

С) Onbrychis

D) Trifolium

Е)Gossypium



4.Мақта неше жылдық өсімдік?

А) 1


В) 2

С) 3


D) 4

Е) көп жылдық


5. Қазақстанда мақта неше жылдық дақыл ретінде өсіріледі?

А) 1


В) 2

С) 3


D) 4

Е) көп жылдық




Көкөніс дақылдар

Жалпы түсінік. Көкөністер адам қорегінде үлкен маңызды рөл атқарады. Оларда көмір суы, белок, май, биокатализаторлар, дәрумендер, минералды тұздар, органикалық қышқылдар, эфир майлары, фитонцидтер болады. Өте құнды, әсіресе жас көкөністер маңызды дәрумендердің мөлшері бойынша өсімдік өнімдерінің ішінде алдыңғы орындағылардың бірінде. Көкөніс диетасы склероздан, бауырды тұз қаптағанда, бауыр тасынан, асқазан жарасынан, сәуле ауруынан және т.б. аурулардан емделгенде қолданылады.

Бұл дақылдар жасушаларына суды мол жинайды және ол онда белсенді күйде болады, жасушалар мен ұлпалардың сумен қанығуы және оның бейтарап сыңар еместігі, өз кезегімен ферментативті реакциялардың жедел өтуіне ықпал жасайды. Осындай ерекшеліктерінің нәтижесінде көкөніс және бақша дақылдары өте қомақты өнім бере алады.

Көкөніс дақылдарының үлкен бөлігінің химиялық құрамында әр түрлі көмірсулар басым болады. Осы дақылдардың аз бөлігі белокты заттарды айтарлықтай мол жинайды. Көмірсулардың құрамында, құрғақ заттар жиынтығының 50 % жуық мөлшерінде, қарапайым қанттар басым келеді.

Бұршақ тұқымдастарда, боташықта және ақжелкекте 2,5% крахмал болады, ол көкөністің басым бөлігінде оның мөлшері өте аз.

Көкөніс және бақша дақылдары, біздің қорегіміздегі дәрумендердің негізгі көзі. Әр түрлі дәрумендерді, өсімдіктің басқа мүшелерімен салыстырғанда ассимиляциялық мүшелері көбірек жинайды. Аскорбин қышқылына өте бай.

Каротиннің негізгі көзі – сәбіз (100г/36 мг дейін). Жапырақты көкөністер мен қызанақ едәуір каротин жинайды. В1, В2, В6 дәрумендері көкөністерде астық дақылдарымен салыстырғанда азырақ жиналады. Никотин (РР) қышқылы бойынша ерекше атауға тұратындарға сәбізді, гүлді және қытай қырыққабатын, кольрабиді, екпештырды жатқызуға болады. Р (флавонойдтық заттар), К, Е тобының, фоли (Вс) қышқылының және биотин дәрумендерінің молдығымен ерекшеленетіндерге жапырақты көкөністер. Сондай-ақ бұрыш жатады.

130-140 мың өсімдік түрлерінің ішінде 110-120-сы көкөніс дақылдары, олар 78 тұқымдасқа, оның ішінде 86 түрі (59 тұқымдасы) даражарнақтыларға және 33 түрден (19 тұқымдасы) артығы қосжарнақтыларға жатады. Көкөніс дақылдарының жартысына жуығын қолдан өсіреді, ал қалғандары табиғи жағдайда өседі.

Өндірістік жіктеу. Көкөніс шаруашылығында бұл жіктеуді кешенді белгілері (ботаникалық, өнім мүшелері және өсіру тәсілдері) бойынша қолданады. Осы белгілері төменгі топтарға бөледі.



  1. Қырыққабат өсімдіктері – ақ, қызыл, савойлық, брюссельдік, гүлді, кольраби.

  2. Жемістілер – қызанақ, бұрыш, баклажан, қызылқұлақ, асқабақ, қауын, қарбыз, қияр, ас бұршақ, бұршақ, үрме бұршақ, қанттық жүгері, самсар, кәді.

  3. Тамыржемістілер – қызылша, сәбіз, ақжелек, балдыркөк, ботташық, тарна, шомыр, шалқан, шалғам.

  4. Жуалықтар – қатпарлы немесе басты пияз, шалот, порей, сарымсақ

  5. Жапырақтылар – сүтжапырақ (сүтшөп, балпанақ, шашыратқы, шытыр), саумалдық, аскөк, пекиндік қырыққабат, жапырақты қыша, жебір.

  6. Көпжылдықтар – ақжелек, қымыздық, рауғаш, қояншөп, бөрікгүл, жуалар (батун, шнитт, көп қабатты, шырылжын, жусан (шырылжын, қызылшөп), қатыран, жалбыз, зире (зере), әптиек аскөгі.

  7. Саңырауқұлақтар – қозықұйрық, жүзікше, жерқұлақ және т.т

Өсімдік ағзасының қалыптасу негізінде, оның онтогенездегі басты тіршілік процестері - өсімдіктің өсуі және дамуы жатады. Өсу – ағза құрылым элементтерінің жаңадан пайда болуы, әдетте оның және басқа бөліктерінің көлемінің кері айналынбайтындай түрде артуы; даму – тіршілік циклы процесінде өсімдіктің немесе оның жекелеген мүшелерінің, ұлпаларының және жаушаларының құрылымдары мен қызметінің сапалы өзгеруі. Өсу негізінен сандық, даму сапалы өзгеріс сипатымен өтеді.

Өсімдіктің өсу қарқыны құрғақ зат жиналуы сияқты алғашқыда тұрақты түрде гүлденуге дейін арта түседі, сосын ағзаның биологиялық қартаюының куәсі ретінде берте-бірте кеми береді. Өсуді реттеуде басты ролді зат алмасу реакцияларында өсімдік өндіретін өсіргіш заттар және нуклеин қышқылдары атқарады. Соңғылар, клетканың бүкіл тірі құрылымын құрастыратын белоктарды синтездеуде өте маңызды рөл атқарады. Өсімдіктің өсу және даму процестері мүше қалыптастыру процестермен немесе морфогенезбен байланысты.

Көкөніс дақылдарының өсуі, дамуы және өнімділігі өсімдіктің тұқым қуалау ерекшеліктеріне және қоршаған орта жағдайына тәуелді.

Тұқымдық өсімдіктердің көпшілігінің онтогенезінде мынадай негізгі шақтарын: тұқымдық, вегетативтік, және тұқым қалыптастыру кезеңдерін белгілейді.

Тұқымдық шақта тұқымның зат алмасуы аналық өсімдікпен байланысты эмбрионалды кезеңді, жетілген тұқымның әрекетсіз күйге ауысатын – тыныштық кезеңін және тұқымның қоректік заттарын пайдаланып, бөртіп, ұрық өсетін – тұқымның өну кезеңін белгілейді.

Вегетативтік шақта вегетативтік мүшелер – тамырлар, жапырақтар, сабақ қалыптасады. Мұнда үш кезең ажыратылады: көшеттік, азық қорын жинау және тыныштық кезеңі.

Өсу мен дамудың тұқым қалыптастыру шағы төрт – бүршіктену, гүлдеу, жеміс салу және қартаю кезеңдерінен тұрады. Бүршіктену кезеңінде гүлсидамы және гүл шоғыры қалыптасады, гүлдеу кезеңі тозаң мен жыныс клеткасының пісіп-жетілуімен сипатталады. Жеміс салу кезеңінде тұқымның пісуі жемістің қалыптасуынан бұрынырақ жүреді де жан-жануарды өзіне тартады және бұл тұқымның кеңістікте таралуының бір амалы болып саналады. Қартаю – цитоплазма коллоидтарының тұтқырлығын артуымен, оның өткізгіштігінің төмендеуімен сипатталынады. Қоректік заттардың келіп түсуінің қиындауының нәтижесінде өсімдіктің бүкіл мүшесі бірте-бірте өле береді.
Зертханалық сабақтың әдістемелік нұсқаулары

1 тақырып Көкөніс және бақша дақылдарының өндірістік биологиялық сипаттамасы

Мақсаты: Көкөніс өсімдіктерінің агро – биологиялық топқа қатынасын бекіту. Дақылдың тіршілік ұзақтығымен және шығу тегімен танысу.

Жоспар: 1 Көкөністердің тағамдық маңызы және химиялық құрамы.

Көкөніс дақылдарының жалпы сипаттамасы.

2 Көкөніс дақылдарын жіктеу.

3 Көкөніс дақылдарының өсу және даму ерекшеліктері.



Жалпы түсінік

Көкөністер адам қорегінде үлкен маңызды рөл атқарады. Оларда көмір суы, белок, май, биокатализаторлар, дәрумендер, минералды тұздар, органикалық қышқылдар, эфир майлары, фитонцидтер болады. Өте құнды, әсіресе жас көкөністер маңызды дәрумендердің мөлшері бойынша өсімдік өнімдерінің ішінде алдыңғы орындағылардың бірінде. Көкөніс диетасы склероздан, бауырды тұз қаптағанда, бауыр тасынан, асқазан жарасынан, сәуле ауруынан және т.б. аурулардан емделгенде қолданылады.

Бұл дақылдар жасушаларына суды мол жинайды және ол онда белсенді күйде болады, жасушалар мен ұлпалардың сумен қанығуы және оның бейтарап сыңар еместігі, өз кезегімен ферментативті реакциялардың жедел өтуіне ықпал жасайды. Осындай ерекшеліктерінің нәтижесінде көкөніс және бақша дақылдары өте қомақты өнім бере алады.

Көкөніс дақылдарының үлкен бөлігінің химиялық құрамында әр түрлі көмірсулар басым болады. Осы дақылдардың аз бөлігі белокты заттарды айтарлықтай мол жинайды. Көмірсулардың құрамында, құрғақ заттар жиынтығының 50 % жуық мөлшерінде, қарапайым қанттар басым келеді.

Бұршақ тұқымдастарда, боташықта және ақжелкекте 2,5% крахмал болады, ол көкөністің басым бөлігінде оның мөлшері өте аз.

Көкөніс және бақша дақылдары, біздің қорегіміздегі дәрумендердің негізгі көзі. Әр түрлі дәрумендерді, өсімдіктің басқа мүшелерімен салыстырғанда ассимиляциялық мүшелері көбірек жинайды. Аскорбин қышқылына өте бай (21-сурет).



21-сурет. Сәбіз:1- мал азығына өcipiлeтін, барынша көп тараған ШАНТАНЭ 2461 сорты; 2 — eкiншi тіршілік жылыньң өсімдігі (тұқымдық).
Каротиннің негізгі көзі – сәбіз (100г/36 мг дейін). Жапырақты көкөністер мен қызанақ едәуір каротин жинайды. В1, В2, В6 дәрумендері көкөністерде астық дақылдарымен салыстырғанда азырақ жиналады. Никотин (РР) қышқылы бойынша ерекше атауға тұратындарға сәбізді, гүлді және қытай қырыққабатын, кольрабиді, екпештырды жатқызуға болады. Р (флавонойдтық заттар), К, Е тобының, фоли (Вс) қышқылының және биотин дәрумендерінің молдығымен ерекшеленетіндерге жапырақты көкөністер. Сондай-ақ бұрыш жатады.

130-140 мың өсімдік түрлерінің ішінде 110-120-сы көкөніс дақылдары, олар 78 тұқымдасқа, оның ішінде 86 түрі (59 тұқымдасы) даражарнақтыларға және 33 түрден (19 тұқымдасы) артығы қосжарнақтыларға жатады. Көкөніс дақылдарының жартысына жуығын қолдан өсіреді, ал қалғандары табиғи жағдайда өседі.

Өндірістік жіктеу. Көкөніс шаруашылығында бұл жіктеуді кешенді белгілері (ботаникалық, өнім мүшелері және өсіру тәсілдері) бойынша қолданады. Осы белгілері төменгі топтарға бөледі.

1.Қырыққабат өсімдіктері – ақ, қызыл, савойлық, брюссельдік, гүлді,



Кольраби (22,23 сурет).



Каталог: files -> book
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
book -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді
book -> Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет