Г. С. Балтабаева Тәуелсіздік кезеңіндегі



Pdf көрінісі
бет18/47
Дата19.12.2021
өлшемі1,57 Mb.
#103325
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   47
Байланысты:
baltabaeva g tuelsizdik kezenindegi kazak prozasy
ҚАЗІРГІ-ҚАЗАҚ-ӘДЕБИЕТІ-конвертирован, my planner kony study
қара, қара тұту, қара жамылу, 
қара ту, қара тігу, қараны жығу, қаралы көш, қара қазан, қара 
шаңырақ, қара шымылдық, қара жаулық, қара ниет, қара жү-
рек 
  т.б.  Ш.Уәлихановтың,  Ы.Алтынсариннің,  белгілі  этнограф 
Ө.Жәнібековтің  көрсетуінше,  қазақ  халқында  ертеректе  ел 
жақсысы  қаза  тапқанда  шаңырақтан 
қара  ала
 
шашақты  қара 
жалау
  көтеріп,  жақындары 
қара  жамылып
  аза  тұтатын,  оның 
мінген  атын  бір  жылға  дейін  тұлдап,  ер-тұрманына 
қара  жабу
 
жауып,  көші-қон  кезінде  жетелеп  ертіп  жүрген.  Қазақтар  адам 
өлгенде  найзаға 
қаралы  ту   
тағып,  шаңырақтан  шығарып  қоя-
тын болған, адам жерленгеннен кейін найзаны сындыру ырымы 
жасалған. Құрбанғали Халидтің «Тауарих хамса» атты кітабын-
да айқанындай, қазақтар өлікті қойып болған соң 
«қара»
 тұрғы-
зады. 
«Қара»
 дегені – найза ұшына белгі байлау, мәйіт жас бол-
са – қызыл, ересекке – ақ, орта жасар болса – бір жағы қара, бір 
жағы қызыл не ақ матадан құрап тігеді. Бұл 
қара
  қазаның бел-


 
95 
гісі. Өлікке тігілген белгі қай түрлі болсын
 «қара»
 деп аталады. 
«Қара» 
түр-түс  атауының  басқа 
қасиетті,  киелі 
деген  мәнді 
білдіретін  мағынасы бар. Бұл тіліміздегі 
қара қазан, қара шаңы-
рақ 
 сияқты сөз тіркестерінің құрамындағы 
қара 
сөзінен көріне-
ді. 
Қара 
сөзінің ендігі бір символдық мағынасы – 
шыдамдылық, 
төзімділік:қ
ара түсті мал ақ, боз түстіге қарағанда шыдамды ке-
леді екен. Бұдан 
қара
 түсінің шыдамдылық мәнінде болатынын 
көреміз. Қазақтағы қара өлең ұғымы да алғашқылықты, бастап-
қылықты білдіретін сияқты: 
Қазақтың қара өлеңі – құдіреттім, 
Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген 
. Мұнда 
Қара
 заттың түсін 
білдіретін  негізгі  мағынасынан  әлдеқайда  кең  ұғымда.    Демек 
қара өлең 
дегеніміз – байырғы өлең, өлеңнің бастапқы қалпы де-
ген сөз. 
Қара тау, қара халық, қара сөз, қара жол
 деген тіркес-
тердегі анықтауыштар тек түсті ғана білдіріп тұрмағандығы тү-
сінікті: ежелгі тау, негізгі халық, бастапқы сөз, басты жол деген 
ұғым  береді.  Зерттеу  жұмысының  ерекшелігіне  сәйкес  «қара» 
сөзіне байланысты туатын ауыспалы мағыналарға орай ұғымдық 
белгілері  анықталды. Сөйтіп, «
қара» түсіне қатысты атаулар-
ды  мағынасына қарай 6 топқа бөлуге болады:
 
 
Кесте 3 – Қара түсінің мағыналық топтары 
 
 
 
 
Қара 
Жамандықтың белгісі (қара тізім, қара қағаз, қара 
ту т.б.) 
Жауыздық,  қатыгездіктің  белгісі  (қараниет,  қара-
бет, қара көңіл т.б.) 
Алғашқылықтың, бастапқылықтың белгісі (қара су, 
қара тау т.б.) 
Киеліліктің,  қасиеттіліктің  белгісі  (қарашаңырақ, 
қара жер т.б.) 
Қарапайымдылықтың  белгісі  (қара  қазақ,  қара  бұ-
қара т..б) 
Қайғы-мұңның белгісі (қара күн, қара түн т.б.) 
    
 


 
96 
 
Ақ пен қараның қатар өмір сүруі – табиғаттың бұлжымас 
заңы. Ақтың шын мәнінде аппақ екенін қарамен салыстырып ба-
рып танымаймыз ба?  
Қаламгер ары қарай оқиға желісін  ажал періштелері  екін-
ші  кейіпкер Сәззәт сабаздың жаннын алуға  жерге қайтып  орал-
ғандығын суреттейді.  Екі  дүниенің ортасында есі бір  кіріп, бір 
шығып есеңгіреп жатқан кейіпкерінің шыққысы келмеген жаны-
нын  денесіне  жайылған,  еріген    қорғасынға  еңеп,  жаны  көзіне 
көрінген  аянышты  бейшара  қалпын  психологиялық    шыншыл-
дықпен  берген. 
 Қамшының сабындай қысқа  өмірін пендешілікпен  өткіз-
ген,  тірі пендеге  тырнақтай  жақсылық  жасамаған    адамның  
жан  беруі  оңай  емес екендігін авторлық  өзінің танымы арқы-
лы өз ойын  ортаға  салады. Суреткер  алған «Қара» түс  тағы да  
шығарма  идеясына қызмет  етіп    тұр,  Көңілі,  ниеті   қара   адам-
ның   шығар  жаны да  қара  болады екен. Жалпы  осы  бір-біріне 
қарама-қарсы  «ақ  пен    қара»  түс    әрдайым    қатар  жүргенімен, 
екеуі  қатарласса  жарасымды  контраст    беретіні  де  рас.  Автор-
дың  сюжет желісіне арқау  етіп алып отырған періштелер, ажал  
періштелері  аңыздық,  мифологиялық  танымға  байланысты  шы-
ғып отыр. Мәселен, адамның екі  жағында  екі періштесі − жаса-
ған жақсылық, ізгілік ісін оң жағындағы  періштесі, ал  сол жа-
ғындағы  періштесі  барша жасап отырған  жаманшылық, арам 
ойымен  істеген істерін  амал дәптеріне барлығын  тізіп  жазып  
отырады  дейді  қазақ  мифологиясы.  
«Жазушы  періштелер»  -  Кирамун  Катибун  –  адамның  оң 
және сол жағындағы амал дәптерін дайындайтын екі періштенің 
есімі. Ол жөнінде Құранда: «Оның оңына да солына да екі (сөз-
дері мен амалдарын) байқаушы  отырады»( Қаф, 50/17) (53) де-
лінген. Яғни оң жақтағы періштеге ізгі қайырлы амалдарды, сол 
жақтағы періштеге дініміздің әмірлеріне сәйкес келмейтін түрлі 
іс-әрекеттерді жазу міндеттелген. Сонымен қоса бұл періштелер 
қиямет-қайымдағы есеп күні бүкіл жасалған амалдарға да куәлік 
етеді.  Құранда:  «Сендерді  (жандарыңнан  ажырамайтын)  бақы-
лаушылар  бар.  (Олар)  ардақты  (бейтарап)  жазушылар.  Сендер-
дің не істегендеріңді біледі») Инфитар, 82/10-12) (54);  «Немесе 
олар сырларын, сыбырларын Біз естімейді деп ойлай ма? Әрине, 


 
97 
періштелеріміз алдарында жазуда»(Зұхрұф,43/80). – деп Кирамун 
Катибун  періштелері  туралы  баян  етілуде.  Аллаһ  тағала  осы 
Кирамун Катибун періштелеріне: «Егер де құлым жамандық іс-
тегісі келсе, оны жасағанша күнә жазбаңдар. Ал жасаса, бір күнә 
жазыңдар. Ол істі Мен үшін тәрк етсе, бір сауап жазыңдар. Ал 
жақсылық істегісі келіп, істемесе де бір сауап. Жақсылық істесе, 
он  сауаптан  жетпіс  мыңға  дейін  сауап  жазыңдар»,  (Бухари, 
Риқақ, 31; Таухид, 35; Муслим, Иман, 203-204)   – деп бұйырған. 
Яғни жасамаса да адамның жақсылыққа ниет етуі – сауап, ал жа-
мандық  жасалғанда  ғана  күнә  болып  жазылуын  Аллаһтың  құл-
дарына деген мәрһабаты, рақымы деп түсінуге болады.  
Танымал  түрік  ғалымы  Елмалылы  Хамди  Языр  өз  тәпсі-
рінде бұл  жайында  былай  дейді:  «Аузынан  шыққан  әрбір  сөзін 
қағазға түсіретін періштелердің бар екенін және Аллаһтың өзіне 
күре  тамырынан  да  жақын  екенін  адам  баласы  ұмытпауы  тиіс. 
Аллаһ  тағала  адамның  ішкі  ойларынан  да  хабардар.  Имам 
Мәлік: «барлық сөз жазылады, тіпті ауырған адамның ыңырсуы 
да» (әл-Алуси, Рухул Мәани, Бейрут, ХІІІ, 2/179)   – деп барлық 
сөз атаулының міндетті түрде жазылатындығын ұқтырған. Тәп-
сірші  Алуси:  «Адамдардың  жасаған  әрбір  (жақсылы-жаманды, 
біліп-білмей  жасаған)  амалы  мен  сөздерін  періштелердің  жаза-
тындығына сену – уәжіп», – дейді. Іштей айтылған сөздердің жа-
зылмайтынын  айтқандар  да  бар.  Бәйһаки,  Шуаб  Хузайфа  ибн 
Ямамнан: «Сөздің жеті құлпы бар. Егер олардан сөз шықса мін-
детті түрде жазылады. Шықпаса жазылмайды. Бұлар жүрек, кіш-
кентай тіл, тіл, екі жақ және екі ерін», (Бәйхаки, Шуабул-Иман, 
№5008)  – деп риуаят етеді 
Бірде хазірет Суфиян ибн Уйайнадан бір адам келіп: «Егер 
адам  жақсы  амалға  ниеттеніп,  оны  жасай  алмаса,  Кирамун 
Катибун періштелері не жазбақ?», – деп сұрағанда, Суфиян ибн 
Уйайна:  «Адамның  жақсылығы  мен  жамандығын  жазатын  пе-
ріштелер ғайыпты білмейді. Бірақ адам ізгі амалға ниеттенсе ол 
адамнан  жұпар  иіс  шығатын  көрінеді.  Сол  жұпар  иісті  сезетін 
періштелер ол адамның ізгі амалға ниеттенгенін біледі. Ал теріс 
амалға  ниет  етсе,  жағымсыз  иіс  шығады  екен.  Ізгі  ниетті  іске 
асырмаған күннің өзінде де періштелер сауап жазады. Ал теріс, 
зиянкес  іске  ойы  кетсе  де  оны  жасамайынша  күнә  жазбайды. 


 
98 
Бұл  Аллаһтың  бізге  деген  мейірімділігі»,  –  деп  жауап  берген 
екен.   
Қ.Сейітұлы  бұл  турасында:  «Аллаһ  тағала  біздің  қандай 
амал жасайтынымызды жақсы біле тұра, періштелерге осындай 
істерді
 
міндеттеген.
 
Осылайша,
 
ертеңгі күні адам баласының жа-
саған әрбір әрекеті мен сөздерінің тіркелуі өзіне дәлел болмақ».  
 
Автор қабір азабынан сақтану қажеттігі кезкелген  пенде-
нің міндеті екенін ескерткендей  болады. Естіп біліп жүрген  қа-
бір азабы туралы аңыз-әңгіменің шындығына кейіпкердің көзін 
жеткізу арқылы оқырманды ойландырады. Ал жазушы оқырман  
қауым сіз  қабір  азабынан  өтуге  дайынсыз  ба  деп  сұрақ  қою  
арқылы сақтандырып тұрған  тәрізді». Ал өлу, бұл  фәниден озу-
мен  қатар, Алланың  алдында  жауап  берудің барын  ескерту. 
Таза жүріп, ақ сөйлесең  Аллаһ тағалаға  бір табан жақын бола-
сың деген ойды кесекөлденең тартқандай  болады. 
Суреткер  о дүниеде  істеген ісіңе, жасаған жақсы–жаман 
қылықтарыңа және ең негізгісі Аллаға деген адалдығың жайлы 
Алланың алдында  жауап  бересің деп ескертетін  тәрізді. Аллаһ 
тағала әлемдерді жаратып қана қоймай, әр әлемнің өзіне тән тұр-
ғындарын,  олардың  ризық-несібелерін  де  жаратты.  Сондай-ақ 
әрбір  құлының  бұл  дүниедегі  жасаған  амал-құлшылығына  сай 
баратын, ақыреттік мекендері − жаннат пен тозақты да жаратты. 
Адамзат  аңсаған  жаннаттың  сипаты  осындай.  Құдси  ха-
дисте Аллаһ тағала: «Мен ізгі пенделеріме көз көрмеген, құлақ 
естімеген және адамзаттың жүрегіне түспеген (нәрселер) дайын-
дадым»,− деп айтқан (әл-Бұхари) 
Мәңгілік жұмақ пен тозақтың бар екендігі туралы мифтің, 
яғни    көркем  шындық    болып  келген  қиялдағы    нәрсенің    таза  
өмір шындығына  айналуын  көрсетіп отыр. Жоғарыда берілген 
диалогтан мұқсылмандық танымы, иманы берік  адамның  жауа-
бын көреміз. Бүкіл өмірі ұстаздық пен қатар  иманын  ұмытпай  
бір Аллаға сиынып, Мұхаммед А.А.Ғ басын  иіп өткен кейіпке-
рінің  жұмақтан  орын  алуын  суреттейді.  Кеңес  үкіметі  тұсында 
социалистік  идеологияның  негізінде  «коммунизмнен»  артық  
өмір  жоқ  деп  тұрған  уақытта о дүниеде «жұмақ» барлығын ай-
тып жазудың өзі Алланы  уағыздаумен  бірдей деп  есептеліне-
тін.   


 
99 
Автор  кейіпкерін  егер  құдай  жолымен  жүрмей,  Ібілістің 
айтқанын  істеп,  азғыруына  ілессе,  жалын  атқан  тозаққа  түсер 
еді. Ал міне,  о бастан мәңгілік мекенің  өзі  таңдап алып отыр. 
Адам баласы қалай  өмір  сүрсе, о дүниеде де сондай  өмірге  тап  
болады. Мәселе  байлықпен, барлықпен  шалықтап  өмір сүруде  
емес,  иманын  жоғалтпауда  деп ой салады суреткерлік таным-
мен. Тіршілікте жасаған бір түйір  жақсылығы бақи дүниеде тау-
дай болып алдыңнан шығады деп уағыз айтқандай  болады. 
Жазушы  контрасты  фон  –  АҚ  пен  Қараны    біріне    қарсы 
қойғандай  бұл жерде екі  түрлі  өмір кешіп,  екі  түлі тіршілік 
еткен  екі  қарияның  Ар алдындағы жауаптары да  екі  түрлі бо-
лып  шығуының өзі табиғи заңдылық деп ой түйдіреді. Тіршілік-
те екі жолмен  жүрсе де, қазіргі  бара жолы  бір болып, бірі  жұ-
пыны ғана қоңыр тірлік кешсе, екіншісі  бастық боп  жалғанды  
жалпағынан басса да   өлім   алдында  бірдей,  Алланың алдында  
тең болып тұр. Тіршіліктегі  өмірлері  тәрізді  о  дүниедегі  өмір-
лері  екі  жолмен  басқаша  жалғасын  тапты. Тек керісінше, бі-
реуі  жұмақта,  екіншісі  тозақта... Бұл қалай?  Себебі  неде?   – 
дейді    авторлық    таным. Жалғанды   жалпағынан басып,  құдай-
дан қорықпай,  иманын ұмытқан  пайғамбар жасындағы  қария-
ның  өз  жауабы өзіне  үкім  кестіреді. 
Шығармадағы  жүзі  жайдары  жігіт  –  Сүйсен    ақсақалдың 
тірісінде  жасаған  ізгі  істері болса, ал мына кейіпкердің  өмір 
бойына    жасап  өткен    арам  пиғылдары  мен    ниеттері  алдынан  
алба-жұлба киінген, үстінен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет