Г. С. Балтабаева Тәуелсіздік кезеңіндегі


  Қазақтың жаңа прозасындағы  өмір мен өлім



Pdf көрінісі
бет45/47
Дата19.12.2021
өлшемі1,57 Mb.
#103325
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47
Байланысты:
baltabaeva g tuelsizdik kezenindegi kazak prozasy

4.4.  Қазақтың жаңа прозасындағы  өмір мен өлім 
концепті (танатологиялық сарын) 
 
Өмір сүре білу – әрбір адам үшін үлкен сынақ. Осы сынақ-
та  уақытша  қиындықтар  мен    ауыртпашылықтарды  көтере  ал-
май, өзіне-өзі қол жұмсау қоғамымызда көп көрініс алуда.   
«Өз-өзіне қол салу қазір төрткүл дүниені қатты алаңдатып 
отырған үлкен мәселеге айналып барады. Кез-келген өлімнің се-
бебіне  үңілсек,  өз-өзін  құрбандық  ету  сегізінші  орында.  Жыл 
сайын 1 млн адам өз-өзін ажалға қияды, ал 10-20 млн. Адам өзін 
өлтіруге  әрекет  жасайды.  1950  жылдан  бері  өз-өзін  өлтіру  дең-
гейі  60  пайызға  өсті»  –  делінген  Ресейдегі  Сербский  атындағы 
әлеуметтік  және  сот  психиатриясы  мемлекеттік  ғылыми  орта-
лығының бөлім басшысы,  профессор Борис Пложийдің дерегін-
де.  
 
Деректерге  сүйенсек,  философиялық  тұрғыдан  өзіне  қол 
жұмсау  – адамның өмірінің мәнін   жоғалтуы, дінде  – түрлі се-


 
241 
бептерге  байланысты    туындайды  деп    көрсетіледі.  Ал,  Меди-
цинада екі түрлі тұжырым қалыптасқан. Яғни мұндай құбылыс-
тың    суицал  патологиясы  бар  адамдарда,  тіпті  мінез-құлқы  сау 
адамдарда да кездесуі мүмкін. 
Исламда  өз-өзіне  қол  салу  –  үлкен  күнә.    Бұл    жөнінде 
Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.)  «Кім  өзін  темірмен  жарып    өлтірсе,  те-
мір  ішіне    қадалған  күйі    тозаққа  кіреді.  Ал,  кім  у  ішіп  өлсе, 
жаһәннамда  мәңгі  сол  уды  ішеді,  кім  жардан  өзін  тастап  жан 
тапсырса,  тозақтың  түбіне  мәңгілікке  тасталады»,  –  дейді.  Өз-
өзіне    қол  жұмсаған  адамдардың  жанының  шығуының  өзі  аса 
қиын    болатынын  бүгінгі  ғылым  да  дәлелдеп  отыр.  Санк-
Петербург техникалық университетіні профессоры, техника ғы-
лымдарының докторы Костантин Коротков  адамдардың жаны-
ның  шығуын  зерттеген.  Тәжірибеден  ғалымның    өзі  де  қатты 
сескенеді. Өз ажалымен өлгендердің жаны денеден  оңай шықса, 
өзін  өлтіргендердің  аса  қатты  қиналғанын  байқаған.  Жанның 
шығуын  бақылайтын  аппараттағы  сызықтар  (өзіне  қол  жұмса-
ғандардың) біресе қатты төмен  сырғып, біресе бірден  жоғарыға 
көтерілген. Ал, өз ажалынан  қайтыс болғандардың  сызығы тер-
белмелі бірқалыпты жағдайда өткен.  
Адамдардың  өз-өзін  құрбан  етуіне  әртүрлі  жағдайлар  се-
беп болады. Кейбір жағдайларда өз-өзіне қол жұмсаушының не 
себептен осы  әрекетке барғаны жұмбақ күйінде қалады. Өз-өзі-
не қол жұмсаушылар әйелдерден  гөрі  ер адамдар арасында жиі 
кездеседі, бірақ әйелдер өлуге екі-үш есе көп әрекет жасамайды. 
Өз-өзіне  қол  салу  бұрын    егде  жастағы  адамдар  арасында  көп 
кездеседі.  Бас  бостандығынан  айрылған  сотталғандардың  әлеу-
меттік  бейімделуінің  бұзылуы,  өзін    қоршаған  ортаға  және  ту-
ған-туыстарына әбден қажетсіз сезінуі, суицидке себеп болады. 
Адамдардың өмір талаптарын игеру, дұрыс шешімдер қабылдау, 
қоғамдағы әлеуметтік жағдайдың  рөлін  түсіну , өзін-өзі қастер-
леу, өзін-өзі тәрбиелеу, қадірлеу қасиетттерінен айрылады. Одан 
әрі  қажу,  абыржу  сезімі  ұлғая  түседі.  Бұл    сезімдердің  ұлғаюы 
суициалды тұлғаны  қалыптастырады. 
Өлім бейнесі – көркем мәтіннің маңызды құрамдас бөлік-
терінің бірі. Әдеби туындылардың әрбір деңгейі танатологиялық 
тұрғыдан қарастырылады немесе қарастырылауы мүмкін. Солай 


 
242 
бола тұрса, "танатолгия" термині әдебиеттануда әлі күнге дейін 
толығымен  енгізілген  жоқ.  Алайда  аталған  термин  философия 
да  белсенді  қолданылады  (Санкт-Петербургте  Танатологиялық 
зерттеулер Орталығы қызмет атқарады). Қазіргі заманғы ғылым-
ның пәнаралық сипат алғандығына талай уақыт өтті, сондықтан, 
осы  мүмкіндіктерді  қолдану  қажеттілігі  туындайды,  сонымен 
қатар, 
барлық 
танатологтар-философтар 
(В.Янкелевич, 
А.Демичев,  В.Рабинович),  тарихшылар  (Ф.Арьес,  М.Вовель)  – 
өздерінің  концепцияларын  мазмұндау  барысында  әдеби  мәтін-
дерге сүйенеді.  
Әдеби-көркем  туындалардың  қандай  деңгейлері  осы  уа-
қытқа дейін танатологиялық тұрғыдан қарастырылды? Ең алды-
мен,  идеялық-тақырыптық  (П.Бицилли,  Ж.Нива,  К.Макамура), 
құрылымдық  (Ю.Лотман),  нарративті  (М.Бахтин).  Осы  аталған 
әдебиеттанушылардың  мақалаларында  танатологиялық  талдау-
лардың алғашқы үлгілері қалыптастырылып, оның бастапқы қа-
ғидалары  пайда  болған:  семантикалық  типтерді  анықтау  кри-
терийлері, сюжет құрылымындағы өлім себебінің орны, әңгіме-
леу  әдістері.  Осылайша,  танатология  басқа  көптеген  ғылымдар 
сияқты  Ежелгі  Грекиядағы  «ғылыми  төңкеріс»  заманынан  бері 
қалыптасып, дамып келеді деп айтуға болады. Сократ ең алғаш-
қы танатолог болған, алайда, оның риторикалық әдістері ғылы-
ми пәнді бекіту ісінде ескірген болып саналады.  
«Танатология»  терминін  анықтауда  белгілі  бір  қиындық-
тар кездеседі. Ол терминнің бір уақытта медицинада және гума-
нитарлық  ғылымдарда  бірдей  қолданылатындығы  болып  табы-
лады. Ұғымның бір саладан екінші салаға өту үрдісі қызық бол-
ған сайын оның мағынасының өзгеруі «драматургиясы да» ерек-
шелене түседі.  
«Танатология как наука о смерти включает в себя не толь-
ко  медицинские,  религиозные,  юридические,  социологические, 
эстетические и философские специальные институт, но и искус-
ствознание и эстетику. Осмысление смерти и изображение смер-
ти в литературе входит в область художественной танатография. 
С  точки  зрения  нашей  проблематики,  предметом  интереса  ста-
новится  не  столько  тема  смерти  как  вечная  тема  искусства, 
сколька зримое, вербализированное изображение смерти персо-


 
243 
нажа  в  художественном  мире  писателя.  Важно  заметить,  что  в 
эпических, лиро-эпических и драматических жанрах смерть изо-
бражается  иначе,  чем  в  лирике,  где  на  первое  место  вынесено 
выражение  отношения  лирического  героя  к  смерти  (своей  или 
чужой).  Подобно  болезни,  история  смерти  персонажа  сюжето-
генна». 
«Танатология» сөзі «Үлкен энциклопедияға» 1896 жылдан 
бері  енгізілген:  «Танатология  (грек.)  –  өлімнің  мәні  мен  себеп-
тері туралы ілім».  
1960  жылдардың  соңында  1970-1980  жылдары  аяқталған 
маңызды  үрдіс  басталды:  танатолгиямен  гуманитарлы  ғылым-
дар, атап айтқанда, философия және тарих ғылымдары айналыса 
бастады.  1966  жылы  В.Янкелевичтің  «Өлім»  атты  философия-
лық еңбегі жарық көрді.    
Өз-өзіне қол жұмсауға көптеген еңбектер арналған. Соны-
мен  қатар,  бұл  феноменді  зерттеумен  айналысатын  арнайы  ғы-
лым – суицидология ғылымы пайда болған. Қазіргі заманғы суи-
цидолог  М.Фарбер  өз-өзіне  қол  жұмсауға  келесідей  анықтама 
берген: «Өз-өзіне қол жұмсау – өзінің өмірін саналы түрде, қаса-
қана  және  жылдам  қию».  «Танатология»  терминінің  жоғарыда 
аталып өткен екі мағыналылығы әдебиеттану үшін де өзекті бо-
лып табылады. Өлімді сипаттаудың әдеби тәжрибесін әдеби та-
наталогия  деп  атасақ,  ал ол  туралы  әдеби еңбектер  әдеби  тана-
тологияның қанқасын құрайды.  
Өлімді  сипаттаудың  әдеби  тәжірибесінің  тарихы  филосо-
фиялық тарихтан да тереңде жатыр. Егер, діни ескерткіш болып 
саналатын египеттік «Өлілер кітабын» есепке алмайтын болсақ, 
онда Гомердің «Иллиадасы» өлімнің бейнесіне ерекше назар ау-
даратын көркем туындылардың ең алғашқысы болып табылады. 
Ежелгі грек әдебиетінде, атап айтқанда, Софоклдің шығармашы-
лығында  танатологиялық  элементтер  мен  басқа  да  мотивтер  – 
тәлкек  және  жаза  арасында  тұрақты  байланыс  алғашқы  рет  қа-
лыптасады. Ежелгі Римдік ақын Гораций «Ескерткіш» тақпағын-
да  шығармашылық  бақилықты  декларациялау  дәстүрін  қалып-
тастырады.  Орта  ғасырлардағы  батырлар  эпосы,  рыцарьлар  ро-
маны, жылнамалар «абыройлы» және «ұятты» өлім арасындағы 
таңдауды  ұсынады.  Жаңа  заман  әдебиеті  секуляристік  танатол-


 
244 
гиялық  ұстанымдардың  алуан  түрлеріне  бағытталған:  клас-
сицизмде  өмір  мен  өлім  Құдайға  емес,  патшаға  тиісті,                    
Дж.Доннаның  «Биотанатосында»  -  жеке  тұлғаға  тәуелді  болып 
келеді, ал маркиз де Сада Танатостың романдарында  «эротика-
мен» ұштастырылады. Романтизм романтикалық кейіпкердің не-
месе  оның  ғашығының  өлімін  эстетикалық  тұрғыдан  сипаттап, 
өлілер мен өлтірушілер әлеміне деген қызығушылық тудырады. 
Реализм өлімді әлеуметтік және тарихи үрдістердің нәтижесі ре-
тінде санай келе, өлім бейнесін роман өрнегінің қорытынды бө-
лімі ретінде пайдаланады. Модернизм мистикаға баса назар ау-
дара және психоталдау жетістіктеріне сүйене отырып, танатоло-
гияға эсхатологиялық сарын береді. Экзистенциализм Танатосты 
адам  өмірі  мағынасын  меңгере  отырып,  «шектік  оқиғалар» 
призмасы  арқылы  әдебиеттің  шеткері  бұрышындағы  тасы  ре-
тінде қалайды. Ал постмодернизм өлімді мүмкіндік, «айырыла-
тын айрық жол» ретінде көрсете отырып, өліммен ойнайды.  
Әдеби  танатология  әдебиеттанумен  қатар  жүріп,  бірге 
дамып  келе  жатыр.  Аталған  тақырыпқа  деген  қызығушылықты 
Аристотельдің «Поэтикасынан» байқауға болады. Бұл жерде ол 
Софоклдің «Эдип-патшасын» нысанға ала отырып, трагедияны, 
перипетияны,  катарсисті  қарастырады.  Одан  ары  қарай  танато-
логиялық мәселеге классицистикалық (Н.Буало, Ф.Лессинг), ро-
маникалық  (Новалис,  И.Тэн)  және  реалистік  (В.Белинский,                  
Г.Флобер) сыншылар назар аудара бастады.  
Алғашқы  өлім  бейнесін  әдебиеттанушылық  зерттеулер      
ХХ  ғасырдың  бірінші  ширегіне  жатқызылады.  1902  жылы 
Мюнхенде  К.Хайнеманның  «Танатос  в  поэзии  и  искусстве 
греков» атты тақырыптағы диссертациясы шығады. 1922 жылы 
Лондонда  Ф.Вебердің  «Аспекты  смерти    связанные  с  ними 
аспекты жизни в искусстве, эпирграммах м поэзии» атты кітабы, 
1934  жылы  Нью-Йоркте  –  Л.Курцтың  «Танец  смерти  и  дух 
Macabre  в  европейской  литературе»  атты  еңбегі,  1936  жылы 
америкалық  Кембриджде  –  Т.Спенсердің    «Смерть  и  трагедия 
елизаветинского времени» атты еңбегі жарияланады. Сол заман-
ның шетелдік әдебиеттануында өлім биінің мотивтеріне ерекше 
қызығушылық  танытқан.  Ресейлік  бастапқы  танатологиялық 
еңбек ретінде ХХ ғасырдың екінші жартысында 1928 жылы  жа-


 
245 
рық  көрген  П.Бицилидің  «Проблема  жизни  и  смерти  в  твор-
честве  Толстого»  атты  мақаласы  саналады.  Бұл  мақала  аталған 
жазушының  туындыларын  сәйкес  саласы  бойынша  зерттеуге 
серпіліс жасады. Сонымен қатар, И.Анненскийдің «Умирающий 
Тургенев» және И.Буниннің «Освобождение Толстого» атты эс-
селерін  биографиялық  және  интуитивистік  ұстанымдар  шегін-
дегі  алғашқы  танатологиялық  қарлығаштар  деп  айтуға  әбден 
болады.  
ХХ  ғасырдың  екінші  жартысында  танатологиялық  әде-
биеттанушылық  библиографияның  өрісі  айтарлықтай  кеңейді. 
Өлімді сипаттаудың әдеби тәжірибесіне арнайы хрестоматиялар, 
комментарий  жазылған  туындылар  жинағы,  мақалалар  жинағы  
арналды.  Аталған  мәселенің  аясында  тарихи-әдеби  кезеңдер, 
ұлттық  мектептер,  стильдер  мен  жанрлар,  соның  ішінде: 
американдық  романдар, орта  ғасырлық  неміс әдебиеті,  орта  ға-
сырлық  ағылшын  әдебиеті,  ежелгі  грек  поэзиясы,  француздық 
Қайта  өрлеу  әдебиеті,  викториандық  әдебиет,  және  т.б.;                     
Дж.Грин, 
М.Унамо, 
Э.По, 
Р.Киплинг, 
Л.Пиранделло, 
О.Мандельштам,  В.Набоков,  Ф.Достоевский  және  т.б.  сияқты 
жеке  жазушылардың  шығармалары  зерттелді.  Шет  елдік  әде-
биеттанушылық жұмыстардың басым көпшілігі аталған өлім биі 
мотивіне  арналған  және  танатологиялық  мотивтерді  өмірдегі 
және өлімнен кейінгі махаббат, шындықтан қашу, гендерлік мә-
селелер сияқты тақырыптармен және образдармен байланысты-
рады.  
Кеңестік  әдебиеттану  аталған  мәселенге  саналы  түрде 
тиіспеуге тырысты. Алайда, М.Бахтиннің 1961 жылғы жазбала-
рында  өлім  бейнесіне  әңгімелеу  әдісі  тұрғысынан  талдау  жа-
сауға арналған продуктивті әдістемелік алғышарттар байқалады. 
Бұл саладағы негізгі ресейлік зерттеулер 1990 жылдарға сәйкес 
келеді.  Ең  алдымен,  Ю.Лотманның  «Смерть  как  проблема  сю-
жета»  мақаласын  атап  өтуге  болады.Аталған  мақала  танатоло-
гиялық  мотивтерге  деген  құрылымдық  көз  қарастың  іргетасын 
қалады.  Сонымен  бірге,  дәл  осы  уақытта  Г.Косяковтың  «Проб-
лема смерти и бессмертия в лирике М.Ю.Лермонтова» тақыры-
бындағы,  Ю.Семикинаның  «Художественная  танатология  в 
творчестве Л.Н.Толстого 1850-1880-х гг.: Образы и мотивы» та-


 
246 
қырыбындағы 
диссертациялық 
жұмыстары 
қорғалады; 
В.Хананның «Тема смерти в лирических циклах русских поэтов 
ХХ  века»  атты,  Л.Кацистің  «Русская  эсхатология  и  русская 
литература»  атты,  О.Постновтың  «Пушкин  и  смерть:  Опыт  се-
мантического анализа» атты, Г.Чхартишвилидің «Писатель и са-
моубийство» атты монографиялары жарияланады.  
Әдеби  танатологияға  жасалған  осы  бір  қысқа  шолудың 
нәтижесінде ғылымның аталған саласының шетелде қаншалық-
ты дамығанын анық байқауға болады. Сонымен қатар, «танато-
логия»  сөзі  біртіндеп  әдебиеттанушылық  еңбектердің  атауына 
және  мазмұнына  ене  бастады  (А.Ханзен-Леве  «танатопоэтика» 
деген ерекше ұғымды ғылымға енгізді).    
Әдебиеттанушылық танатологияның тарихы мен пәнін си-
паттай  келе,  оның  ғылыми  пән  ретінде  келесі  міндеттерін  қа-
лыптастырып отырмыз: 
Әдеби  туындының  барлық  деңгейлеріндегі  танатология-
лық мәселелер мен танатологиялық элементтерді зерттеу; 
Әлемдік әдебиетте қалыптасқан танатологиялық ұстаным-
дарды анықтау және жіктеу
Танатологиялық мәселемен байланысты әдеби элементтер 
мен нысандардың генезисін зерделеу; 
Танатологиялық ізденіс әдістерін анықтау; 
Әдебиеттануда  адамзаттық  ғылымның  басқа  салаларын-
дағы  өлімді  бейнелеу  тәжірибесін  пайдалану  мүмкіндігіне  тал-
дау жасау; 
Адамзаттың білімінің және іс-әрекетінің басқа салаларын-
дағы өлімді сипаттау тәжірибесін әдеби тәжірибемен ұштастыру.  
М.Бахтин  Ф.Достоевскийдің  және  Л.Толстойдың  шығар-
машылығындағы  өлімді  бейнелеу  әдістерін  салыстырады.  Сан-
дық тұрғыдан сипаттай келе, ол «У Достоевского вообще гораз-
да меньше смертей, чем у Толстого»,  - деп отырып, бұл екі ав-
тордың көзқарасы бойынша өлім парадигмасының негізгі айыр-
машылықтарын  көре  білді.  Ол  Л.Толстой  туралы:  «Причем  –  и 
это  очень  характерно  –  смерть  он  изображает  не  только  извне, 
но изнутри, т.е., из самого сознания умирающего человека, поч-
ти как факт этого сознания. Его интересует смерть для себя, т.е., 
для  самого  умирающего,  а  не  для  других,  для  тех,  которые  ос-


 
247 
таются. Он, в сущности, глубоко равнодушен к своей смерти из-
нутри»,  -  деп  жазды.  Ал  Ф.Достоевский  туралы:  «Достоевский 
никогда  не  изображает  смерть  изнутри.  Агонию  и  смерть 
наблюдают  другие.  Смерть  не  может  быть  фактом  самого  соз-
нания  <...>  Дело  в  том,  что  смерть  изнутри  нельзя  посмотреть, 
нельзя увидеть, как нельзя увидеть своего затылка, не прибегая 
к  помощи  зеркал. Затылок  существует  объективно,  и  его  видят 
другие. Смерти же, т.е. осознанной своей смерти, не существует 
ни для кого, ни для умирающего, ни для других, не существует 
вообще. Именно это сознание для себя, не знающее и не имею-
щее  последного  слова,  и  является  предметом  изображения  в 
мире Достоевского», - айтып өтті.  
М.Бахтиннің  ой-толғаныстарында  «өлім  ішінен»  -  «өлім 
сыртынан»  деп  келтірілген  оппозиция  өте  маңызды  болып  та-
былады.  Оны  түпкілікті  антропологиялық  негіздемеге  сілтеме 
жасай отырып, әр түрлі авторлардың көркемдік жүйелерін қара-
ма-қарсы қойып салыстыруда критерий ретінде алып қарастыру-
ға  болады:  «Достоевскийдің  әлемінде  өліммен  ештеңе  аяқтал-
майды, себебі, ол әлемдегі ең басты нәрсе  өзінің санасын жанап 
өтеді.  Ал  Толстойдың  әлемінде  өлім  аяқтаушы  және  шешуші 
рөл  атқарады».  Осылайша,  өлімге қатысты  композициялық  ше-
шімдердің біртектілігі өлімге деген авторлық көз қарас бойынша 
гипотеза жасауға желеу болады.   
Қазіргі қазақ прозасындағы өлім тақырыбында жазған шы-
ғармалардың  қатарына  Т.Нұрмағамбетовтің  «Күнді  жек  көру» 
әңгімесін  алуға  болады.  Осы  заманғы  фон.  Әңгімеде  исламға 
шет суицид тақырыбы сеңдей сіресіп тұр. Кейіпкері Бекбай қа-
ратабан  кедей,  жұмыссыз.  Жерлестері  Желдібай  мен  Болыстан 
қарыз алған. Әңгімедегі Бекбайдың басына түскен үмітсіздіктің 
мықтылығы сондай, ол мына қарыздарын өлгенше қайтара алуға 
қауқарсыз  екеніне  көп  нәрседен  айқындалады.  Үмітсіз  шайтан 
ғана  емес  пе!  Ол  өлудің  әртүрлі  жолдарын  қарастыра  береді: 
балконнан  секіру,  асылып  қалу,  астан  улану.  Автор  мұны  тіпті 
жарық  дүниедегі  барша  нәрсені,  ұғымдар  мен  символдарды 
жиып қойып айтуға кәнігіленгеннен жиренбейді. Авторлық кон-
цепция  бойынша  мынау  Бекбай  –қазақ  ұлтының  бейнесі.  Амал 
жоқ  солай  деуге  тура  келеді.  Өз  ұлтын  неге  сонша  қаралайды? 


 
248 
Автор  сонда  қазақтың  болашағын  осылай  көре  ме?  Бекбайда 
жан жоқ сияқты, қуыршақ. Баласын құтқарушы періште көретіні 
де аса сендірмейді. «Бекбай өз әйелінен өзі шошып жүрді». Мы-
нау енді отбасы деуге ауыз бармайтын хал. Бекбай еркек пе, жоқ 
па? Неге сонша жігерсіз, босбелбеу?  Қазақтың бәрі сондай ма? 
Әңгіме соңында да автор біраз үміт шоғын  қыздырғанмен, 
«Бекбай  күнді  жек  көріп  кетті»  деуі  арқылы  сол  әлсіз  үміттің 
күл-талқанын шығарады.  
Бұл  ненің  белгісі?  Қазақ  прозасын  шарттылық  жайлап 
алды. Жаны жоқ құр дүниелерді көп қаузайды. Соның кесірінен 
көркем  сөз  қорланып  жатыр.  Жақсылықты  емес,  жамандықты 
шегіне  апарып  тірнектейді.  Жазушының  миссиясы  төмендеп 
кетті.  Бекбай  шартты  кейіпкер  болғандықтан  ол  туралы  тұшы-
нып сөз айту қиынның қиыны. Тірінің белгісі жоқ. Суға кеткен 
тал қармайды дейтіндей ештеңе табылмайтыны  ұлтқа жабылған 
жала тәрізді ауыр әсері бар. 
Г.Шойбекованың да «Өмір сүру ережесі» атты әңгімесінің 
идеясы  суицид.  Әңгіменің  басты  кейіпкері  қылқаламмен  сурет 
салатын бойжеткен ғана. Оның аты-жөні, кескін-келбеті жазыл-
маса  да,  дүниетаным  дербестігі,  тағдыр-талайы  –  тайталасқан 
жан  әлемін  алдымызға  жайып  салады.  Ол  қасиетті  қадыр  түні 
пәни  жалғанмен  қоштасқысы  келеді.  Мынау  жарық  дүниеден 
неге сонша түңілді екен суретші?! Үңіле қарайтын болсақ: «күй-
бең-күйбең берекесіз тірлік, қадам бастырмайтын сәтсіздік, жан 
дүниесін кеулеп бара жатқан шатасқан ой» екен. Ол  «ешкімнің 
ойына келмеген сурет салғысы келеді» екен. Оның шеше алма-
ған түйіні «біреу жоғары, біреу төмен; біреу білімді, біреу топас; 
біреу  өтірікші,  біреу  қатыгез»,  «адал  аңдардан,  жалғандықтан, 
денесіндегі  тыртығын  жасырып,  әдемі  көйлек  киген  қоғамнан 
жеритіндей». Мұның барлығы кейіпкер жанының қайшылықты, 
үйлесімсіздігінен  дерек  береді.  Жазушы  кейіпкерінің  өмірден 
түңілуінің  себебін  анасымен  тіл  табыса  алмауына  әкеп  тірейді. 
Бұл – «жәннат ананың аяғының астында» деген қазақы танымы-
мызға тосын идея. Кейіпкер ана құрсағында жатқанында нағашы 
атасы мен қос нағашы ағасы дүние салғандықтан, шешесі мұның 
жарық дүние көруін қаламапты. Әкесінің ақ тілегімен ғана пәни 
ғаламның  есігін  ашса  да,  азапты  жолы  ана  құрсағында  баста-


 
249 
лыпты. Қолға алған ісін аяғына дейін алып бармайтын, болмашы 
сынға сіркесі су көтермейтін  «боркемік, күйгектігі» соның сал-
дарынан деп ой түйдіреді. Автор танымы қоғамдық құбылыстан 
тысқары,  айнымалы,  тербелмелі,  тұрлаусыз,  толқымалы  адам 
жанының  қайшылыққа    толы  екендігін,  адам  жаратылысынан 
бара-бара  жалғыздық  тығырына  тірейтін  заңдылығын  белгілеп 
тұр. Дегенмен, автор кейіпкерін жалғыздыққа бой ұрған, сәтсіз-
діктен, рухани жүдеушіліктен қажыған адамның бейнесін беруге 
ұмтылғандығымен суицидке бой ұрған кейіпкер бейнесі жасан-
ды  шыққан.  «Уақыт  емші»  -  дегендей  анасымен  өмір  бойы  тіл 
табыса  алмай,  өзінен-өзі  жеріп,  ел-жұрттың  жатсынған  кейіп-
керді  ақтау  қиын.  Өз кемшілігін  көре  алмай, көрсе  де, білсе де 
мойындай алмай жүрген кейіпкерін жазушы басқа сипатта көр-
сетуге ұмтылған. Әлбетте жалғыздық жанын жеген жан. Өзінің 
тұла бой толған күмән. Қадір түні мінәжат қылып, құдайдан өзі-
не өлім тілейді.  Қадір түні! Ол «Тіршілікке қарсы тіршілік» ат-
ты картина салған. Ана махаббатына да күдікпен қарайды. Қыс-
қасы, мінезі суретшіден ғөрі тамұққа қуылған малғұндыққа ұқ-
сас. Әңгіменің тұла бойы толы парадокс. Тым биік пафос, шарт-
тылыққа  толы.  Әңгімеде  жалғандық  мол.  Автор  әлімсақтан 
адамзатқа аян шындықтарды қайталайды. Ажалды күтіп жатқан-
да  келген  мистикалық  Дауыс  иесі  суретшіні  қабірдегі  Әңкүр-
Мүңкірдей тергейді. Ол әңгімеде Құдайдың тұлғалануы. Жалпы 
автор  философиялық  трактат  жаздым  деп  ойлайды,  бірақ  бәрі 
жаттанды,  жалпақшешей  сөздердің  жиынтығы.  Логикалық  ақ-
талмайды. Қазақ прозасында бір сарынды, біртекті проза осын-
дай  жаттандылықтан  туады.  Соны,  көркемдік  тәсілі  өзгеше  дү-
ниелер сирек. «Көк жерге, жер көкке тәуелді». Ар соты бұл да. 
Жалғыздық диалогы. «Жылылықтың да салмағы бар» – бұл енді 
сендіреді. Суретші Дауысқа өмір сүру ережесін үйрет деп сұрай-
ды. Суицидтен арылып өмір сүруге ол тез оралады. Қалай тірші-
ліктен тез жерінсе, солай тез сүйінеді. Психологиялық конфликт 
(дау) мен  психологиялық ақталу әңгімеде атымен жоқ. Кейіпкер 
шартты.  Ол  бақшадағы  қарақшы  сияқты,  иығына    жалбыратып 
киім  ілгенмен жан жоқ. Қоғамдағы адамдарды доңыздар мен та-
уықтарға теңеу де құрғақ уағыз ғана емес, мизонтрофия (адамды 
жек көру). Бұлай ойлау тегінде жазушылықтың кредосына жат. 


 
250 
Шынайы жазушы мейірімді ұлықтайды. Ол Достоевскийдегі ең 
жексұрын адамнан да жақсылық іздеп табатын миссия. Әңгімеде 
жалпы алғанда ештеңе жоқ. Өлі сөздер патшалығы. 
Г.Шойбекованың  «Өмір  сүру  ережесі»  атты  әңгімесіндегі 
кейіпкері  өз-өзінен,  өсіп-өнген  ортасынан  жеріп  жүрсе,  Асқар 
Алтайдың  «Сібір  офицері»  атты  әңгімесіндегі  Бурахан  бүкіл 
саналы өміріне, адамдық болмысына, қазақы танымына төңкеріс 
жасаған  –  «Желтоқсан  көтерілісінің»  елесінен  құтыла  алмай 
әлек. Сол бір қанды оқиғаның ізі жанына жазылмас жара салып, 
ақыры кейіпкер өмірмен өз еркімен қоштасуға бел буып отыр.  
«Бурахан қасарыса тістенді. Желтоқсанның ызғары да жұ-
лын-тұтасын сірестіріп барады. Түстік жағынан селдірей түскен 
күн сәулесі де қызусыз. Тапаншасын тап иек астынан тіреді. Ал-
қымы астынан тірелген ұңғының суық аузын сезінді. Ақырғы се-
зінген сиқырлы жай да сол болды. Шүріппені басып қалды.  Ол 
оқыс селт етті де, бір қырындаған күйі сылқ ете түсті» [56, 44 б]. 
Қаламгер кейіпкерінің өзіне-өзі қол салуына қоғам, кеңес-
тік  саяси  жүйе  кінәлі  десе,  екінші  бір  «Альпенист»  деген  әңгі-
месінде қаланың бір сарынды өмірінен жалыққанда, Алматының 
Алатауын аралаймын деп жүріп, альпенист жігіттерге жолығып, 
оның  соңы  тау-тас  кезіп,  қар-мұз  қиялап,  құс-шың  шарлап,  түз 
адамына айналған кейпкер бейнесін сөз қылады. 
«Қу жаны таумен ауырады, құлазыған көңілі таумен жазы-
лады.  Кіндігін  кескен  де  тау,  көзін  ашқан  да  тау.  Тау  ішін  де 
туды, тау ішінде өсті (Әй, тау ішінде өлетін де шығар!). таусыз 
адам – жансыз. Тау мұның анасы еді. Алтайдың бұл баласы еді. 
Құзғынды деп қияға көз тіккені де сол анаға деген сағыныштан 
екен.  Ал  сағыныштың  сүрленгеніне  де  сан  жылдар  өтіпті.  Са-
ғынбасаң – қас қағым сәт, сағынсаң – бағзы бабалардың да бұл-
дыратып  алар,  сағымға  сіңген  ұзақ  сарын»  –  деп  автор  кейіп-
керінің  тәккапарсынған  талай  таудың  кеудесін  басып,  менмен-
сінген талай шыңның ұшарын таптаған, өмірінің мәні де, сәні де 
тау деп түйсінген альпенист жігіттің азаматтық болмысын оқи-
ғаны  шиеленістіре  барып,  шешеді.  Авторлық  таным  әңгіменің 
өн бойында таулар ғана өз болмысын бұзбаған, таулар ғана тәңір 
алдында таулық мінезін сақтап тұр. Таулық миссиясын адал ат-
қаруда  деп  сендіргенмен,  шығарма  соңында  өзін  адамдық  бол-


 
251 
мысын  таудан  да  биік  ұстап,  өмірден  озған  альпенист  Тайшын 
бейнесі нанымды суреттелген.  
«Ет  жүрегі  дір  етті.  Бір-ақ  жол  –  қылдай  арқанды  қию. 
«Құдай-ау, қосақталған екеуі де жалғыз арқанға жалынулы екен 
ғой...  Өмір  де өрмекшінің  жібіндей  нәзік қылған ілінулі»  деген 
оқыс ой жасындай жарқ етті. 
Енді қайттік, аға?! – Шарасыз дауыс шалықтай естілді. 
Сұңғат!  –  деді  зілді  айқайлап.  –  Сен  енді  жалғыз  қайта-
сың...  Басқа  амал  жоқ.  Сен  мені  кешір!  Үй  ішіме...  Менің 
жайымды түсінген шығарсың. 
Олай  демеңіз,  аға!  Екеуіміз  бірге  барамыз...  Мен  жоғары 
өрмелеймін! 
Осы сәтте арқан сол ете түсті. 
Тоқтат, ақымақ! – деп Тайшын ақырып жіберді. – Екеуіміз 
де өлеміз. Арқан үзіліп, құздан құлап кетті де... Қош! 
Жо-о-о-оқ! – Шың шыңғырғандай болды. 
Тайшын бірақ бөгде ойға бой алдырмады... Жалпақ белдік 
кісесіндегі кішкене пышақты қынынан суырып, қылпылдап тұр-
ған жүзімен жуандығы шынашақтай арқанды осып жіберді. Ші-
рене  тартылған  жібек  арқан  қақ  бөлініп,  бір  ұшы  шолтаң  ете 
қалды». 
Қасындағы серігі, бауырындай болған жас жігіттің өмірін 
сақтап қалу үшін арқанды қиып жіберіп, альпенист Тайшынның 
өзін-өзі  өлтіруі  арқылы  автор  танатологиялық  сарында  мүлдем 
басқа сипатты таңдап алған. Суреткер таудың биіктігімен адами 
болмыстың  биіктігін  психологиялық  параллелизм  тұрғысынан 
қатарластыра алған. Адам парасатынан биіктігінің қасында тау-
дың биіктігі бұйым емес деп ой түйдіреді авторлық таным. 
Қорыта  келгенде,  қазіргі  қазақ  әңгімелеріндегі  өмір  мен 
өлім концептісі сан арналы түрлі формада бейнеленеді. Әсіресе, 
өзін-өзі өлтіру сарыны – шешуі жоқ күрмеулі тақырып болса да, 
қазақ  қаламгерлері  өзіндік  көркемдік  шешім  табуға  тырысқан. 
Аталмыш тақырыпта қарастырылған әңгімелер әртүрлі болғаны-
мен,  қаламгерлердің  айтары  бір.  Ол  әрқашан  да  тіпті  өлім  ал-
дында  да  өзінің  болмысыңды  төмендетпей  биік  ұстау.  Автор-
лардың ұсынатын концепциясы – нендей жағдай болса да осал-
дық танытып, күнәһар болып, өзіне-өзі қол салудан жирендіру.  


 
252 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет