Тапсырма
«Атаулар туралы үш сұрақ» тәсілі негізде «Өліара, Бесқонақ, Қызыр қамшысы, Тобылғы жарған» ұғымдары туралы сұрақтарға жауап береңіз.
Қайда?
Бұл терминдерді
сіз бұрын қайда және
қандай мағынада кездестіріп едіңіз?
Қалай?
Өз тәжірибеңізден осы терминдерді
қолданғаныңыз немесе естігендігіңіз
туралы мысалдар келтіре аласыз ба?
Қандай?
Осы
сабақта бұл атаулар қандай
қолданыста болады деп ойлайсыз?
Мәтінді оқыңыз. Қара түспен берілген атаулардың мағынасын түсіндіріңіз.
Ел болып еңсесін көтерген ежелгі заманнан-ақ біздің ата-бабаларымыз өздері өмір сүріп отырған өңірдің табиғатын, ауа-райын бақылап, әрбір құбылысын зерделеп, жан-жануарлардың да қылықтарын, Ай, Күн, жұлдыздардың да сипатын назарынан тыс қалдырмаған. Осының бәрін сараптай келіп, алдағы жыл мезгілдеріне болжам жасаған. Қазақтардың негізінен, мұндай адамдарды жұлдызшылар деп атағаны мәлім. Қазақ жұлдызшылары неше түрлі ырымдарды да ауа-райын болжауда кеңінен пайдаланды. Сөйтіп, халқымызда Ай санау, Күн санау, Жыл санау деп аталатын мерзім өлшемдері өмірге келді.
Халқымыз жылдың әр айы мен тоқсанында болатын ауа-райындағы, табиғаттағы өзгерістер мен құбылыстарды алдын-ала болжап, оған ат қойып, айдар тағып отырған. Жылдың он екі айындағы табиғат құбылысына байланысты халықтық қағидаларға сәйкес болжамдар мен атаулар наурыз айынан бастау алады.
25