Бурлактар – Ресейдегі XVI-XIX ғғ. өзен кемелерін қолмен жылжытып, сүйреу және ескек жұмыстарын атқаратын жалдамалы жұмысшылар.
Бургомистр – 1. Бірқатар капиталистік елдердегі жоғарғы қызмет иесі немесе қала басқарма бастығы.
Виги – XVII ғ. 70 жылдарында құрылған ағылшынның буржуазиялық саяси партиясы. Ол буржуазияшыл дворяндардың, ақсүйектердің, ірі сауда ақша буржуазиясының мүддесін қорғады және ұзақ уаыт үкімет басында отырып, отаршылдық саясат жүргізді. XIX ғ. орта шенінде Виги басқа жер иесі аристократ буржуазияшыл топтармен бірігіп, либералдық партия деген ат алды.
Воеводство– 1. Польшада негізгі әкімшілік – территориялық аймақ. Воевода қарамағындағы жер. 2. Веоводаның атағы, қызметі, воевода басқаруындағы облыс.
Волонтерлер – бірқатар мемлекеттерде (Ұлыбритания, Франция, Италия т.б.) әскери қызметке өз еркімен кіруші адамдар, еріктілер.
Гайдамактар– 1. Украинадағы XVIII ғ. шаруа казактардың көтерілістеріне қатысушылар. Көтерілістер поляк помещиктерінің отарлау саясаты мен өзуіне қарсы бағытталды.
Гарлем – АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы негрлер тұратын кварталдар. Негрлер үшін арнайы қала кварталдарының болуы оларды кемсітушіліктің бір түрі болып табылады.
Гегемония – (гр. hegemonia – басымдылық, басшылық, үстемдік. біріншілік) – белгілі бір таптың немесе мемлекеттің басқа таптардан, мемлекеттерден басым болуы, басшылық етуі, жетекшілік рөлі.
Делегация – конференцияларға, съездерге, халықаралық келіссөздерге, конгрестерге т.б. жіберілген мемлекет мүддесін көздейтін делегаттар тобы.