Бейбіт қатар өмір сүру – мемлекеттердің Халықаралық даулы мәселелерді шешуде әскери күш қолданудан бас тарту, даулы істерді сөйлесу-пікірлесу арқылы бейбіт шешуі. Әлеуметтік системасы әр түрлі елдер болса да тату тұру, сауда, мәдени, ғылыми-техникалық байланыстар жаасау, бір-бірінің суверендігін құрметтеу.
Бейтарап аймақ- екі мемлекеттің шекарасындағы аралық жер аймағы. Онда мемлекеттердің екеуінің де әскер ұстауға құқы жоқ. Сонымен қатар ол соғыс майданы болуға тиісті емес.
Бейтараптық – (нейтралитет латынның neutralis – не оған, не басқаға жатпайды деген сөзінен) – халықаралық қарым-қатынаста басқа мемлекеттердің арасындағы дауға, жанжалға, болып жатқан соғысқа араласпау, ешқайсысының жағына шықпау және сонымен сонымен қатар олармен бейбіт қарым-қатынасты сақтау, агрессияшыл соғыс блоктарына қосылмау.
Бироншылдық – I Петр-дің таққа отырған немере қарындасы Анна Ивановнаның (1730-1740) Куляндиядан алып келген сүйіктісі неміс Бирон мемлекеттің барлық істерін басқарды. Қазынаны талан-таражға салу, жаппай жазалау жүргізілген он жылға созылған атал режим бироншылдық деген ат алды.
Боцман – соғыс теңіз флотындағы кіші командалық құрам командирі (мичман немесе старшина). Оның міндетіне кемедегі тазалық, кеме жабдықтарына, кішкене қайықтарға, т.б. иелік ету жатады.