ТР ТР
АРL= — ; АРК = —
L K
Өгермелі фактордың шекті өнімі (MP- marginal product) ол жалпы өнім өсімінің өзгермелі фактор мөлшерінің өсіміне қатынасы.
∆ТР ∆ТР
МРL= — ; МРК = —
∆L ∆K
Басқа факторлар тұрақты болып, өзгермелі факторларды қолдануды арттыру нәтижесінде ең жоғарғы нүктеге жеткеннен кейін, осы факторды қосымша қолданудың өнім көлемінің төмендеуіне әкелуі шекті өнімнің кемімелі заңын білдіреді. Бұл заңның әрекетін өмірден алынған қарапайым мысалмен түсіндіріп көрейік, айталық фермер өзінің 8 гектар жерінен 50 центнер бидай өндіріп жүрді. Енді ол өнімділікті арттыру мақсатында жер қабатын минералды тыңайтқыштармен өңдей бастады. Бір рет өңдегеннен кейін жалпы өнім көлемі 60 центнер құрады, екінші ретінде 65 центнер, ал үшінші ретте 70 центнер өнім алды. Қосымша тағы бір рет өңдеу барысында өнім көлемі 40 центнерге дейін төмендеді. Минералды тыңайтқыштарды қайта-қайта қолдану жердің сапасының нашарлауына әкеліп, өнімділік күрт төмендей бастады. Шекті өнімнің кемімелі заңын келесі кесте мен сурет 4.2. арқылы көрсетуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |