Глоссарий микроэкономика


Қайталауға арналған сұрақтар



бет39/82
Дата13.05.2020
өлшемі425,17 Kb.
#67566
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   82
Байланысты:
Микро УМК

Қайталауға арналған сұрақтар

  1. Ұзақ және қысқа мерзімді кезеңдер арасындағы айырмашылықты түсіндіріңіз.

  1. Изоквантаға сипаттама беріңіз.

  1. Еңбектің орта өнімі нені білдіреді?

  1. Графикті пайдалана отырып шекті өнімнің кему заңын түсіндіріңіз.

  1. Өндірістік ресурстар құрамындағы келесі өзгерістердің қайсысы қысқа мерзімге, қайсысы ұзақ мерзімге жатады?

а) «Казахойл» жаңа мұнай өндейтін қондырғыны құруда.

б) ЖШС «Семей су» тағы 20 жұмысшыны жалдады.


Тақырып 7. Өндіріс шығындары

1. Шығындар теориясы

2. Қысқа мерзімді кезеңдегі шығындар түрлері

3. Ұзақ мерзімді кезеңдегі шығындар

4. Шекті шығындар.
Жалпы өндіріс шығындары, бұл – өндірушінің белгілі бір өнім көлемін өндіруді қамтамасыз етуге жиналған жиынтық шығыны.

Оларға тауарларды не қызметті жасауға қажетті шикізаттар, тұтынушыға жеткізу, оны тұтынуға жарамды түрге келтіруге жұмсалатын шығындар жатады. Шығындарды жеке тауар өндіруші және қоғам тұрғысынан қарастыруға болады. Cол себептен шығындар жеке өндірушінің белгілі бір өнім көлемін өндіруге жүмсалған шығынның барлық элементі: шикізат, жанармай, электр энергиясы материалдар, жалақы.Қоғамдық шығындар өндірістің қоршаған ортаға кері есер етуіне байланысты. Мысалы, химиялық комбинат қандай да бір шығындармен өнім өндіруді жүзеге асырады. Сонымен қоса ол сыртқы қоршаған ортаны ластайды және адамдардың денсаулығына кері әсер етеді. Ресурстардың шектеулігі феноменнің әрекет ету күшіне байланысты шығынсыз өндіріс мүлдем мүмкін емес. Осы жағдайға байланысты белгілі бір өнім өндіру жөнінде шешім қабылдау осы ресурстар қолданылатын басқа өнім өндірісінен бас тартуды білдіреді. Осылайша барлық шығындар альтернативті шығындар болып табылады. Альтернативті шығындарға инвесторларға,жұмысшыларға,табиғи ресурстар иелеріне төленетін төлемдер жатады. Бұл төлемдер өндіріс факторларын тарту мақсатында жүзеге асады. Бұл шығындарды әртүрлі әдістермен топтастыруға болады: айқынды және айқынсыз. Айқын шығындар бұл өндіріс факторлармен аралық бұйымдарды жеткізушілерге ақшалай көріністегі шығындар. Айқын шығындарға жұмысшыларға төленетін жалақы, сауда фирмаларына жарналық төлемдер, қаржылық қызмет көрсететін банктер мен басқада фирмаларға төленетін төлемдер, заң кеңестеріне төленетін сайықылар жатады.

Айқындалмаған шығындар фирманың меншік ресурстарын қолданудың альтернативті шығындары жатады. Шығындарды жіктеу әдісінің ең маңыздысы өндірістік шешім қабылдаудың ұзақтылық мерзіміне байланысты. Шығындар тұрақты және өзгермелі болып бөлінеді.

Тұрақты шығындар (FC-fixed costs)- өндіріс көлемінің қысқаруы мен артуына байланысты қысқа мерзімде өзгермейтін шығындар. Оларға ғимарат, өндіріс жабдықтары, аренда және әкімшілік шығындар жатады.

Айнымалы шығын (VC-variable сost)- өндіріс көлемінің қысқаруы мен артуы на байланысты шамасы өзгеретін шығын. Оларға шикізат электр энергиясы қосымша материалдар жұмысшылардың еңбек ақысына жұмсалатыншығындар жатады.

Жалпы шығындар (TC-total costs)- өндірістің берілген көлемі кезіңдегі тұрақты және өзгермелішығындардың қосындысы.

Басқару шешімдерін қабылдау үшін өндірушілер тек шығындардың жалпы сомасын ғана емес, сонымен қатар өнімнің бір бірлігіне жұмсалған шығындарды,яғни орташа шығындарды білу қажет. Бұл көрсеткіш осы өнім бірлігіне бекітілген бағамен салыстыру үшін керек.Орташа шығындар өзгермелі және орташа тұрақты болып бөлінеді.



Орташа шығындар (AС-average costs) өнімнің бір бірлігіне кеткен шығын.

Оны есептеу үшін жалпы шығындарды өнім көлеміне бөлеміз.

AC=TC/Q

Орташа тұрақты шығынды (AFC)- тұрақты шығындардың өнім көлеміне қатынасы.

AFC=FC/Q


Орташа өзгермелі шығындар( AVC)- өзгермелі шығындарды өнім көлеміне

бөлу арқылы табылады.

AVC=VC/Q

Шекті шығындар (МС-marginal costs) қосымша бір өнім бірлігіне өндіруге жұмсалған шығын.

MC- TC/ Q



Ұзақ мерзімдегі орта шекті шығындарды қарастырмас бұрын ұзақ мерзім ұғымын аңықтап алайық.Ұзақ мерзім- бұл барлық фактор өзгеріссіз қалатын уақыт аралығы.

Ұзақ мерзімде фирманың ғимарат не құрылыстың жалпы көлемін қолданылатын құрал жабдық пен машина санын өзгертуге ал салада өзіндегі әрекет ететін фирмалар санын өзгертуге мүмкіндік береді.Ұзақ мерзімді салаға кіру не шығуға кедергілер жойылады, ұзақ мерзімде фирма өңдірістің барлық параметрлерін өзгерте алады.

Ұзақ мерзімде шығындар тұрақты және өзгермелі деп бөлінбейді. Барлық шығындар өзгермелі болып табылады. Ұзақ мерзімді фирма төменгі орта шығындармен өндірісті жүзеге асырылады.

Қысқа мерзімді шығындар динамикасы кемімелі өнімділік заңы ықпалымен құралған болатын.

Жалпы шығын қисығы (LTC) координат басынан басталады, себебi ұзақ мерзiмде тұрақты шығындар болмайды. LTC қисығы қысқа мерзiмдегi ТС қисықтарын жанап өтедi.



Үшiншiден, ұзақ мерзiмдегi шығындар қисығының иiлу бұрышы қысқа мерзiмдегi қисықтармен салыстырғанда азырақ болады. Ұзақ мерзiмдегi орта шығындар LAC қысқа мерзiмдегi орта шығындар қисығын қимай оған жанама болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет