Графика. Орфография. Орфоэпия



Pdf көрінісі
бет33/195
Дата08.02.2022
өлшемі2,09 Mb.
#124466
түріМонография
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   195
Байланысты:
Н.-Уәлиев-МОНОГРАФИЯ
222, 1CF6083B-4E44-4FC3-A38C-667181A26B43, Инклюзия СТ БЕ 3, Инклюзия СТ БЕ 2
тыпыр етпе – тырп етпе; үлпіл – 
лүпіл, шықырлату – қышырлату
параллельдерінің эмоцияоналдық, 
семантикалық реңкі бірдей емес.
3. Метатезалық варианттардың барлығы бірдей мағыналық немесе 
стильдік тұрғыдан айқын сараланбаған. Оны мынадай салыстырудан 
байқауға болады:
айналсақта – айналқоста 
жыпқыл – жықпыл
алпарыс – арпалыс 
кежеге – кегеже
әлеуметті – әулетті 
кәпкір – кәкпір
әпке – әкпе
күбжеңде – күжбеңде
әпкео – әкпел 
күдері – көдіре
әпкіш – әкпіш 
құптан – құттан 
бастығырыл – бастырығыл
қақсит – қасқит 
бопса – боспа
күнезер – құнезер 
былжыра – жылбыра
қыруар – қырауыр 
дария – дайра
мегзе – мезге 
долана – донала
моқал – молақ 


дорба – добра 
нысап – ынсап
дөрекі – дөкір
сыпатта – ыспатта
жалаңаш – жаңалаш 
шуалшын – шылаушын 
жалау – аужал
шыбжалақта – шыжбалақта 
шыбжыңда – шыжбыңда
Әдеби тіл мүддесі мұндай дублет сыңардың біріне артықшылық беріп 
отыруды қажет етеді. Бұл жерде кейбір жарыспалы қолданыстың бірін 
доминанта вариант деп айқындауда сөздің түбір тұлғасын таяныш етіп алуға 
болады. Нормалаушы сөздіктерде, олардың ішінде орфографиялық сөздікте, 
негізінен, түбір нұсқасын беру тиімді. Мысалы: 
түпкір
(түкпір емес), 
шапқы 
(шақпы
емес), 
тапқыр (тақпыр
емес), 
әпкел (әкпел
емес), т.б. Мұндай екі
ұдай қолданыстардың түбір тұлғасына сүйене отырып, негезгі вариантын 
анықтаудың тиімді жағы мынадан да байқалады: 
түп -, теп-, шаш
- т.б. түбір 
сөздерге әртүрлі қосымшалар жалғанып, жаңа сөз жасауға ұйқты болады 
(түпсіз, теперіш, шабуыл т.б.). Ал метатезаға ұшыраған варианттарда (түк-, 
шақ- т.б.) мұндай қасиет жоқ. Сондықтан дыбыстардың нақтылы бір 
фонемалық жағдайындағы транспозициялануын жазуда ескерілмеуге тиіс.
Жарыспалы сөздердің біріне артықшылық беруде, яғни жазуда
ескеріп отыруға, тек түбір сөзге сүйену кейбір параллельдер үшін 
жеткіліксіз. Мұндайда дыбыстардың транспозициялану бағытына сүйену
тиімді деуге болады. А.А.Пальмбах пен Ф.Г.Исхаков өздерінің «тува 
тілдеріндегі және кейбір түркі тілдеріндегі метатеза құбылысы» деген 
мағыналарында В.В.Радловтың «Тілдің артқы бөлшектерінің түйісуінен 
кейін іле-шала ерінді түйістіру, еріннің түйісуінен кейін іле-шала тілдің
артқы бөлшектерін түйістіруден жеңілдеу» деген пікіріне назар аудартады. 
Сепкіл, 
тепкі, әпке, түпкі
, сөздерінің 
секпіл, текпі, әкпе, түкпі
түрінде (
пк, 
кп
айтылуын В.В.радловтың осы пікіріне байланысты қарастыруға болады.
Яғни еріннің түйісу арқылы жасалатын дыбыстарға (п, б) қарағанда, 
тілдің артқы бөлшегінің түйісуі арқылы жасалатын дыбыстардың (қ, к) 
бұрынғырақ айтылуы физиологиялық тұрғыдан анағұрлым жеңілдеу болуға 
тиіс. Сөз шенінде (п,к) дыбыстары тіркесіп келгенде, сөйлеу кезіндегі 
физиологиялық қолайлыққа байланысты [қ] дыбысы [п]-дан бұрын келуге 
тырысады, яғни дыбыстардың орын алмасуы [п]-дан [к] дыбысына қарай 
бағытталған деуге болады. Сөйлеу кезіндегі (в речи) мұндай спонтандық 
өзгерістердің түп-түгел жазуда еленуі шарт емес. Секпіл, өрекпі, жыпқыл 
тәрізділер – 
сепкіл, өрепкі, жыпқыл
сөздерінің спонтандық варианты. 
Бұларды мағыналық жүк, стильдік реңк алған айнал-айлан, деме-меде 
параллельдерімен бір деңгейде қарауға болмайды. Дыбыстардың 
транспозициялану бағытына түйене отырып, жоғарыда айтылған жарыспалы 
сөздердің жазу-сызуда еленетін нұсқасын былайша көрсетуге болады: 
өрепкі (өрекпі
емес
), жыпқыл (жықпыл
емес), 
шыпқырт (шықпырт
емес), 
әпке (әкпе
емес). Іргелес келген жағдайда жасалу орны ілгеру дыбыстар 
жасалу орны кейінгі дыбыстардан соң айтылуға тырысуы біздің 
жорамалдауымызша тек [к] мен [п] ғана емес, өзге де дыбыстарға қатысты
тәрізді. Мысалы: 
құптан – құтпан, бопса –боспа, күбжеңде – күжбеңде,


шыбжалақта – шыжбалақта
т.б. Мұндағы [п] дыбысы [т]-ға, [б], 
дыбысының [ж]-ға қарағанда жасалу орны ілгеру. Дыбыстардың осындай 
транспозициялану бағытына сүйене отырып, бұлардың жазылуда ескерілетін
варианты 
құптан, бопса, күбжеңде, шыбжалақта
деуге болады.
Г Е М И Н А Ц И Я Л А Н Ғ А Н дауыссыздармен келетін түбір 
сөздердің саны тілімізде біршама шектеулі. Оларға мына тәрізді сөздер 
жатады: 
мүдде, күллі, махаббат, әккі, ләззат, жаппа, ыссы, әдді, гәкку, 
ләббай (ләппай), жаннат (жер жаннаты), лоққы, жаббар (жаппар), әттең, 
ыссы, мұттайым, қисса, әлқисса, оппа, құттықтау, құдды, әккі, тәкаппар 
т.б. Гемината дауыссыздардың тіліміздегі біралуан сөздердің құрамын орын 
тебуі бір сөзбен екінші сөзді ажырату қызметінде жұмсалатындығына 
байланысты. Мысалы
: оппа (оппа қар), – опа (опа бермеу), жаннат (жер 
жаннаты) – жанат (жанат ішік), жаппа (баспана 
мағынасында
) жапа 
(жапа шегу), қисса (қисса дастан) – қиса (етістік
) т.б.
Кейбір дауыссыздардың геминациямен айтылуынан «қашқалақтауға» 
байланысты 
молла, әмме, кәзззап, алла
тәрізді сөздер 
молда, әмбе, кезеп, алда
түрінде игерілгендігі байқалады. Сондай-ақ /ашшы/ 
ащы – ашты, ыссы-
ыстық
параллельдерінің әуелде жарыса жұмсалуы да осы ерекшелікке 
байланысты деуге болады.
Бірсыпыпа сөздердің геминаталар арқылы қолданылуы дыбыстардың 
созылыңқы айтылуында болатын экспрессиялық мүмкіндікті пайдалануға 
қатысты. Мысалы, м
ахаббат, ләззат, мәссаған 
/модаль сөз/, 
жаннат 
/жер 
жанатты/, 
құдды әуппай
/одағай/ т.б. сөздер дауыссыздардың эмфатикалық 
созылыңқылығына байланысты экспрессияға ие болып тұрғандығын 
аңғарамыз. Бұларды «жалған» геминаталар деп атауға да болады. Қазақ 
орфографиясында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   195




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет