Графика. Орфография. Орфоэпия


 Кейбір дыбыс құбылыстарының орфографиядағы көріністері



Pdf көрінісі
бет32/195
Дата08.02.2022
өлшемі2,09 Mb.
#124466
түріМонография
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   195
Байланысты:
Н.-Уәлиев-МОНОГРАФИЯ
222, 1CF6083B-4E44-4FC3-A38C-667181A26B43, Инклюзия СТ БЕ 3, Инклюзия СТ БЕ 2
2.5 Кейбір дыбыс құбылыстарының орфографиядағы көріністері 
 
Тілдегі дыбыстық өзгерістер әрқилы. Тілдік дыбыстар сөйлеу кезінде 
акустикалық, артикуляциялық жақтан бір-біріне әсер-ықпалын тигізіп 
отыратындықтан, әртүрлі реңктер пайда болады. Бір дыбыс екінші бір 
дыбыспен алмасып, сөздің дыбыстық құрамы жаңғырып отырады. Дыбыс
құбылыстарының бұдан өзге де бірнеше түрі бар. Олардың орфографиядағы
көрінісі бірдей емес: қайсыбірі жазуда еленсе, қайсыбірі жазуда елене 
бермейді. Тіпті метатеза деп аталатын бір құбылысқа қатысты сөздердің
жазылуы әртүрлі деуге болады. Мысалы, қазақ тілінің орфографиялық 
сөздігінде (1963) 
тепкі, текпі, тепкіршек – текпіршек
варианттары шапқыла 
нұсқасы берілмеген.
Әдетте, сөз ішіндегі дыбыстардың өзара орын алмасуы метатеза деп 
аталады. Мысалы: 
өкпе-өпке, қақпан –қапқан, қақпақ – қапқақ, қақпа – қапқа. 
Тіліміздегі кейбір сөз варианттарының (дублет, синоним, жарыспалы сөздер 
т.б.) пайда болуын, әртүрлі жазылуын метатезамен байланысты қарауға
болады. Мысалы,
ләкпе – ләпке
варианттары метатеза арқылы пайда болған. 
«Келгендердің бәрі де ұғындырған тәртіп бойынша сауда қыла келді. Әр 
күні әр 
ләкпеден
әралуан ұсақ-түйек алды. Алушы жол болып қаңырап тұрған 
ләкпешілерге әңгіме керек» (М.Әуезов. Қилы заман).
Метатеза өзінің фонологиялық табиғаты жағынан негізінен күрделі 
туынды түбірлерде ұшырайды : 
тепкі-текпі, тебрен – тербе
т.б.[30, 98б.].
Метатеза құбылысына орай пайда болған сөз варианттарын басы артық 
нәрсе деп сыңар жақ қарауға болмайды. Метатезаға ұшыраған сөздердің тіл
қолданысында алатын орны әрқилы. Олардың түрлерін, шамамен, мынадай
топтарға бөлуге болады.


1. Метатезаға ұшыраған сөздер әуелде жарыса жұмсала келіп, тілде тек 
бір ғана вариант түрінде орнықты. Мысалы: 
қақпан, қақпақ, өкпе
т.б. Бұлар 
синхрония тұрғысынан 
қапқан
,
қапқақ, қапқа, өпке
делініп, әуелдегі
күйіндегідей қолданылмайды деуге болады. Себеп сөзі де осы тәрізді, 
бастапқы түрі 
әсбәб
(араб сөзі). 
Малақай 
сөзінің «
малай
» диалектизмімен 
метатезалық байланыста екендігін этимология жасай отырып айқындауға 
болады. 
Салыстырыңыз: 
малақай
(Замахшари, 
Мукаддимат) 
<
маңқалай>мақалай>
қазақша
малақай

Малақай
сөзі
маңдай, маңлай

маңқа
атауларымен тектес түбірлер болуы ықтимал [40, 288б.]. 
2. Метатезалық варианттар мағыналық жақтан сараланып дербес сөзге 
айналған: уақ (уақыт) – ауық (бір ауық), демеу (етістік) – медеу (зат есім),
тебірен (әсерлен), тербе (шайқа), айнал (су буға айналады), айлан (айланып- 
толғану).
Ш
мен 
қ 
дыбыстарының орын алмасуынан 
балшық
(
балшақ, а/ы
дауыстыларының алмасуы) және балқаш варианттары пайда болған. Кейбір 
түркі тілдерінде балғаш «балшық» деген мағынаны білдіреді [41, 239б.]. 
Қазақ тілінде 
Балқаш
сөзі гидроним ретінде ғана емес, әсіресе байырғы 
әдебиет өкілдері шығармаларында, аға бун тілінде, жалпы есім мәнінде 
жұмсалады. 
Балқаш, балшық
(балшақ) әуелде мағыналық жақтан жарыса
қолданылғанмен, келе-келе семантикалық дербестікке ие болған. 
Балшық 
«лай», «батпақ» деген мағынаны білдірсе, балқаш «сулы, шөбі мол жер» 
дегенді аңғартады:
Балқашын
орып мал жеген 
Аралас үйрек, қаз жеген
(Қашаған Күржіманұлы)
Метатезалық варианттардың кейбірінде стильдік айырым барлығы 
байқалады: ұшпақ – жұмақ. Қазақ тілінде жұмақ стильдік жақтан бейтарап, 
ұшпақ көбіне сөйлеу тіліне тән. Сондай-ақ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   195




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет