Гравиметриялық анализ әдістері №1 Зертханалық жұмыс Барий хлоридi кристаллогидратындағы кристалданған


Натрий тиосульфатының ерiтiндiсiн дайындау



бет17/29
Дата04.04.2023
өлшемі463,96 Kb.
#173743
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29
Байланысты:
Сандық анализ зерхана
Лекции БУиА каз, Семинары 1-7
Натрий тиосульфатының ерiтiндiсiн дайындау
Натрий тиосульфаты тұзының нақты өлшендісінен оның титрленген ерітіндісін дайындауға болмайды, өйткені оның кристалдары ауа-да кеуіп, кристалдық суын оңай жоғалтатындықтан салмағы өзгереді. Тио-сульфаттың судағы ерітіндісі тұрақсыз. Мысалы, ол суда еріген көмір қыш-қыл газымен әрекеттеседі:

Пайда болған NaHSO3 иодпен әрекеттескенде:

fэкв(NaHSO3) = ½
Тиосульфатқа қарағанда иодтың екі есе артық мөлшері жұмсалады. Осы-ған байланысты тиосульфаттың иодпен алған титрі артады. Сондықтан алды-мен жуықтау нормальды ерітінді дайындап, сонан кейін оның нормальдығын басқа тотықтырғыш ерітіндісімен дәл анықтайды.
100 мл 0,05н натрий тиосульфатының ерітіндісін дайындау:
грамм-эквивалентін оның иодпен реакциясы арқылы анық-тайды, ондағы тиосульфаттың әрбір молекуласы бір электрон беріп жіберуіне негізделген:

Демек, оның тотықсыздандырғыш грамм-эквиваленті грамм-молекула-сына, яғни 248,21 граммға тең болады. 0,1л 0,05н жуықтау концентрациялы ерітінді дайындау үшін:


m = Э ∙ V ∙ N = 248,21 ∙ 0,05 ∙ 0,1 = 1,241г натрий тиосульфатын алу керек.
Аналитикалық таразыда натрий тиосульфатының 1,2-1,3г өлшеп алып, 100 мл өлшеуіш құтыға салып қайнап (СО2 арылу үшін) салқындатылған дистильденген суда ерітеді. Ерітіндінің тұрақтылығын арттыру үшін оған натрий карбонатын 0,1г салып қояды, ол көміртегі(IV) оксидін СО2 байланыстырып тұрады:

Na2S2O3 стандартты ерітіндісін қара құтыда натрон әгі бар хлоркальций түтікшесімен тығындап сақтайды. Титрін анықтамас бұрын осы қалпында 10 шақты күн тұра тұруы керек. Біраз тұрғанда натрий тиосульфатының титрі ауадағы оттектің және көміртегі(IV) оксидінің әсерінен өзгеруі мүмкін:


Көміртегі(IV) оксидінің СО2 әсерінен тиосульфат ерітіндісінің нормаль-дылығы артады, өйткені түзілген гидросульфит ионы иодпен әрекеттеседі:

Ауадағы оттегінің әсерінен Na2S2O3 натрий тиосульфаты ерітіндісінің нор-мальдылығы кемиді, яғни титрлеу қорытындысы дұрыс болмайды, қателік кетеді.
Дұрыс даярланған және дұрыс сақталған жағдайда тиосульфаттың титрі 2-3 айға дейін өзгермейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет