Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары


ҚОРАЛАС ТАЙПАСЫНЫҢ ЕЖЕЛГІ ТАРИХЫНАН



Pdf көрінісі
бет18/165
Дата14.12.2021
өлшемі4,15 Mb.
#126269
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   165
Байланысты:
1064, 196178, 230835, 425883
ҚОРАЛАС ТАЙПАСЫНЫҢ ЕЖЕЛГІ ТАРИХЫНАН
Қ. Сартқожаұлы
Л.Н. Гумилев атындағы  ЕҰУ-нің жанындағы Түркітану, 
Алтайтану ҒЗИ директоры, ф.ғ.д., профессор
                                                        
Қоралас тайпасы қазақ ішінде Ұлы жүз Дулаттың Ботбай руына сіңген. Қораластарды 
бірде  «қожа»  десе,  бірде  «қыздан  туған  кірме»,  «қорадан  тауып  алған  олжа»  деген 
сияқты ауызекі әңгімелер айтылады.
Осы тайпа хақында ХІХ ғ. шежірелермен қатар қазақ зерттеушілері М.Мағауин, Ха-
сен Қожа-Ахметұлы ізденіс жасап біраз жайды анықтаған. М.Мағауин Қораластардың 
түптегін Қоңыраттан, Хасен Қожа-Ахмет Қиян тайпасынан шығарған. 
Моңғол этносының ішінде өмір сүрген, бүгінде өмір сүріп отырған Қораластар ту-
ралы тарихи ақпарат біраз сақталған. Олар туралы Моңғол ғалымдарының еңбектері 
жеткілікті. Моңғол империясы орнағанға дейін халық жадында сақталған бірлі-жарым 
деректер «Моңғолдың Құпия Шежіресінде» (МҚШ. 7-23), Рашид-ад-дин басшылық 
еткен  «Жылнамалар  жинағы»  (РАА.І.І.с.154)  және  Әбілғазы  Баһадүрдің  «Түрік 
Шежіресінде» (б.45-47) орын алған.


36
Қоралас тайпасының этникалық тегіне сараптама жүргізуден бұрын, ең әуелі атауы-
на тілдік анализ жасауды жөн көрдік.
«Қоралас» атауы Рашид-ад-динде Қуралас (kuralas – PAA. T.I., кн. І.с. 75, 78, 99, 
132, 152, 154, 165. Т.І.кн.ІІ с. 10, 36, 53, 86, 108, 120, 131, 248, 251, 277) [Хетагуров 
А.А.1952]. «Моңғолдың Құпия шежіресінде» «хорулас» (qorulas ) (МҚШ. 6-64) және 
Әбілғазы Баһадүрде «құрлас» деп белгіленген.
ХҮІ  ғасырдан  бастап  монгол  тілінде  «горлос»  (gorlos),  қазіргі  қазақ  тілінде 
«қоралас» (qоralas). Бұл атау байырғы және қазіргі түркі тілінде «қоры (qory)» деген 
түбір мен «-лас» (las) деген жалғаулықтан тұрады. 
Қоры – қорғау, сақтау (МК.І.375; ДТС.438), ал, «қора/қоры» түбірі түркі тілдерінде 
«малдың  қорасы»,  сыртқы  күштен  қорғау  үшін  тұрғызылған,  жасалған  қорғаныс 
бекіністер  және  қорғау  деген  мағына  береді  (ЭСТЯ.2000.с.75).  Моңғол  тіліндегі 
мағынасы түркі тілдеріндегі мағына-мәнімен бірдей, еш айырмашылығы жоқ (БАМРС. 
Т.ІҮ.с.113).
«-Лас» (las) туынды субстантив зат есім тудыратын көне түркі тілінде –das (-daš, 
-tas, -taš), ортағасырлық қыпшақ және қазіргі қазақ тілінде -лас/лес, -дас/-дес. Мыса-
лы, жолдас, қарындас, еншілес т.б. Моңғол тілінде –las/lеs, das/dеs деген жалғаулықтар 
жоқ. 
«Қоралас» атауы Шыңғыс империясы орнағанға дейін пайда болған тайпа. Алқа 
қотан болып ұйысып, қораланып, дөңгелене қоныстанып қорғаныс жасап орналасқан 
көшпелілер лагерін «қоралас» деп атаған. Бұл атауды кейін моңғолдар өз тіліне ауда-
рып «хүрэн» деп атаған. Мағынасы қораланып қоршау. Демек түрік тіліндегі «қора», 
моңғол тіліндегі «хүрээ»-нің мағынасы сөзбе-сөз бірдей. «Қора» сөзінің қатана айты-
лымы «о, а» дыбыстары, моңғол тілінің ұяң айтылымдағы «ү, э» дыбысымен ауысқан. 
Дауыссыз дыбыстар өзгеріске түспеген. Ал орыс және шетелдік зерттеушілер моңғол 
тіліндегі  «хүрээ»  сөзін  өз  тіркесіне  бейімдеп  «курень»  деп  өзгертіп  алып,  ғылыми 
әдебиеттерге еңгізіп жіберген. (Қараңыз РАА және МҚШ). Нақтылап айтсақ, «қоралас» 
атауы  моңғол  тіліндегі  «хүрээ»  атауының  ортағасырлық  түркі  нұсқасы  болмақ. 
Шыңғыс дәуірінен бұрын Орталық Азия көшпелілерінің бірі жалайырлардың бірғана 
қораласында (күренінде) мың түтін болған екен (РАА. Т.І, ІІ.с.18).
Осы  «қораласу»  атауын  Шыңғыс  хан  империясы  орнағаннан  кейін  «курень» 
деп,  түркі  тілді  халықтар  Көк  Түрік  дәуірінде  «курень»  атауын,  «еб»  деп  атаған 
(Қ.Сартқожаұлы. 2002.с.93). Ал Моңғол империясы дәуірінде қарапайым халықтардың 
күренін «еб» деп, ақсүйектердің (Шыңғыс әулетінің) күренін түрікше «еб оғландар» 
деп атаған.  Мысалы, Шыңғыс ханның анасының 13 күренін «еб оғландар» деп атағаны 
осының бір дәлелі болмақ.
Ерте  орта  ғасыр  көшпелілер  армиясының  қолын  алғы  шептегі  «маңдай  түмені», 
екі қапталдағы қолды шабуылшы түмен, әлсіреп бара жатқан әскери түмендерге күш 
қосатын қорғаушы түмендерге бөліп орналастыратын болған. Сол қорғаушы бір ортаға 
топтасып тайпа құрған деректер мол кездеседі. Осылайша, «қоры/қорғау, қауіпсіздікті 
сақтау» сөзі әлеуметтік мағынасы өзгеріп әскери мәнінен қоғамдық, тайпалық атауға 
ауысқан. Барғужин-Төкөм  деген  жерде  (Байкалдың  оңтүстік  шығысы)  мекен  ететін 
ежелгі дарлекин тобының тайпасы Хоры-Түмэд деп аталыпты. Хоры-қору; Түмэд – 


37
түмен  (он  мыңдық)  (+  «-д»  моңғол  тілінің  көптік  жалғауы).  Толық  мәні  қорғаушы 
түмендер. Осылайша, әскери атаудан тайпалық атауға ауысқан. Бұл атау мүмкін, Көк 
Түрік  немесе  Шыңғыс  хан  дәуірінде  армияның  қорғаушы  түмендерінен  құралған 
топ, кейін жеке тайпалық бірлік құрып, бірігіп ұйысқандықтан тайпалық-этникалық 
атау етіп алған сияқты. Сондықтан да Хоры (қорғаушы), - түмен демей, хоры – түмэд 
(түмендер) деп өзгертіп атаған.
Моңғолдың құпия шежіресі мен Рашид-ад-диннің «Жылнамалар жинағы» Қоралас 
руы  Қоңырат  тайпасынан  шыққанын  тайға  таңба  басқандай  жазып  қалдырған. 
«Қоңыраттың алтын құрсағынан тараған үш ұл, кейін үш тайпа ел атанды. Олар: 
1. Жарлұқ-мерген
2. Құбай-ширэ
3. Тус-будай» (РАА. Т.І, І.с.160-166).
1. Жарлұқ-мерген (Рашид-ад-дин дәуірінде. –Қ.С.). шаңыраққа ие болып «қоңырат» 
деп аталатын тайпа. Бұл атауды Л.А.Хетагуров «Журлуқ», Әбілғазы Баһадүр «жарлуқ», 
АҚШ  ғалымы  Вийлер  Такстон  «жорлуқ»  деп  транскрипция  жасаған.  Біз  В.Такстон 
оқылымын қабылдап «жорлық» деп алдық. Мағынасы – жорық. Демек, бүгінгі қыпшақ 
тобының (қазақ) тілінде бұл есімді «жорықшы-мерген» деп жаңғыртуға әбден болады.
2. Екінші ұлы – Құбай-шыра. Одан екі ұл. Үлкені - Икирис, екіншісі – Олқұнут.
Түсініктеме: Құбай – Құба (ақ), Шыра – Шырай. Икирас есімі екі сөзден құралған. 
Икі – екі және рас». Ежелгі және бүгінгі түрік, моңғол тілдерінде Р-мен басталатын 
түбір сөздер болмаған. Қатаң (жуан) айтылатын сөздің басына а, ы, у, о; ұяң (жіңішке) 
айтылатын сөздің басына е, і, ү, ө дыбысы қосылып айтылады. Ұлттық түрік тілінің 
осы заңдылығы бойынша шеттен келген сөз қорларының барлығы осылайша өзгеріп 
отырған.  Мұндағы  парсы  тарихшысының  араб  шрифтісімен  белгілеген  «Икірас» 
сөзінің  «рас»  түбірін  «арыс»  деп  жаңғыртуға  болады.  Арыс  –  тайпа  дәрежесіндегі 
әкімшілік бөлініс атауы. Олқұнут – олқұн –олқын (түбір). Мағынасы: кемшін, немесе 
олқын-толқын (наразылық).
3. Үшінші ұлы –Тусбудай. Одан екі ұл. Қаранут пен Күнқылауыт.
Тус – көне түрікше «көмек беру»; будай – бидай. Қазақша «ас адамның арқауы» де-
ген тіркес бар. Түркі, моңғол көшпелілерінің негізгі тамағы ет. Ал, бидай, арпа, тары 
(сөк) тәрізді терімдік астар көмекші ас –жанама ас, балама ас ретінде қабылданады.
Қаранут лексемасы қара+нут деген «қара» -түбір, «-нут» - көптік жалғаудан тұрады. 
Жалпылама мағынасы «қаралар». 
Күнқылауыт – күн+қылауыт деген екі сөзден құралған. Күн – күн, қылауыт – күн 
қылауытып туып келгенін білдіреді.
Қоңыраттың  үлкен  ұлы  Жорлуқ-мергеннен  тараған  ұрпақ  «Қоңырат»  деген 
атасының атын алып шаңырақты ұстап қалады. Бұл әулеттен Дай-шешен (Дай-ноян), 
Алшын-ноян, Құқұту-ноян сияқты атақты ұлдар мен Бөрте-үжін іспетті әйгілі қыздар 
өмірге  келген.  Бөрте-үжінді  жастайынан  Шыңғыс  ханға  атастырады.  Одан  Жошы, 
Шағатай, Өгедей, Төле атты Шыңғыстың арлан ұрпақтары өмірге келді. Екінші ұлы 
Құба-Шырай  (Құба-Ширэ).    Екі-арыс  (Икирис)  атты  ұлынан  туған  Құтұғтай  атты 
қызын Төле (Тулуй) ханның үлкен ұлы Мөңке-қағанға айттырды. Ол Құтығтай-хатун 
атанды.  Тұлуйдың  (Төле)  ортаншы  ұлы  Құбылай  қағанның  алғашқы  алғыншығы 


38
Құба-шырайдың ұлы Алшын (Алчи)-нояннан туған Жабун-қатун. Жабун-қатун ақыл 
парасатымен,  оған  қоса  құдай  берген  сұлулығымен  атағышыққан  ару  еді.  Құбылай 
қағанға төрт ұл, бес қыз тауып беріп дүниеден өтті. Ол қайтыс болған соң Құбылай 
қаған Жабун-хатунның бөлесі Начин-күйеудің  қызы Намбуй-хатунға үйленді. Өгөдей 
ханның ұлы Қатақашқа Алшын ноянның немересі Кержу сұлуды айттырып қосқан. 
Шыңғыс  ханның  қызы  Тэмүлэнді  Қоңыраттың  Дәрегей  (Дергей)  деген  ноянына 
айттырған.
Есүгей  батырдың  жары  Шыңғысханның  анасы  Өлүн-ана  Қоңыраттың  Олқнут 
тайпасының  ұрпағы.  Өлүн-ананың  бауыры  Тайчу-Күргенге  (күйеу  бала)  Шыңғыс 
ханның кенже қызы Ақтолунды айттырып қосқан.
Қоңыраттың  алтын  құрсағынан  туған  үшінші  ұлы  Тус-Будайдың  бір  ұлы  Күн-
қылау (Кунклиу) әкесі өлген соң оның жас тоқалына үйленеді. Одан Мисар-Күлік де-
ген ұл көреді. Ол жаужүрек батыр, парықсыз аңғал болса керек. Оның ерекшелігі – 
ұйқышылдығы. Бір ұйықтаса үш тәулік орнынан тұрмай ұйықтайды екен. Ол бір көлден 
ұлуқұрт теріп пысырып жейді екен. Бірде Құрт теріп дорбаға салып шаршаған соң 
жастанып ұйықтап қалады. Сол кезде арқасына шағала жұмыртқалап балапан басқан 
екен деген аңыз бар. Осылайша ұзақ ұйқыға кетеді екен. Осы қасиетіне бола алғашқы 
есіміне «Өлік» деген лақап ат қосып Мисар-өлік атаныпты. Мисар-өлік ержетіп, әкесі 
өлгеннен кейін тағы да оның жас тоқалына үйленеді. Мисар-өліктің осы тоқалынан 
Қоралас туған. Осы адамның атымен бүкіл-бүтін тайпа Қоралас атанған. Мисар-өлік 
Маньж тайпасынан тағы бір тоқал алған. Маньжур қызы жастайынан ерке-шолжаң 
өсіп, бойжеткен соң өзім күйеу тауып аламын деп бір есекті ұстап мініп кетіп бара 
жатқанда жол-жөнекей Мисар-Өлік кез болып тоқалдыққа алған екен. Одан туған ба-
лалар Элжігін (есек) атанған. Жылнамалар шежіресінде осылай жазылған (РАА. Т. І.І. 
164-166бет). 
Қоралас  ағайын  туыстарымен  шығыса  алмаған  адам  екен.  Өзінің  әке-туыстары 
Қоңырат, Екі-арыстармен атысып-шабысып, мал-мүлкін тонап тоқтатпаған. Осыдан 
болып Екі-арыстықтар қашып Балжун-нуур (көл)дағы Шыңғыс ханға барып қосылған 
екен. Қораластың күші кемеліне жетіп, айдарынан жел есіп тұрған шағында Утужи 
қораластықтар үш мың қол болыпты. Қоралас өз ішінен Қият-қоралас, Баяут-қоралас, 
Ухлут қоралас, Утужи (оташы) қоралас т.б. он қоралас ел болыпты.
Қораластың  қыздары  да  келбетті  сұлу  болған.  Шыңғыс  ұрпақтарына  қыз  беріп 
қыз  алысып  тұрған.  Бату-күйеу  (күреген),  Дурату-күйеу  (Күреген)  қораластықтар. 
Бүкіл әлемді дүр сілкіндірген Шыңғыс ханның арғы атасы атақты Довун-мергеннің 
жары  Қоралас  тайпасының  қызы  Алун-Құба  хатун.  Алун-құба  хатун,  Довун-мер-
геннен Шыңғысханға дейінгі (әр буында 25 жылмен 325 жыл өмір сүрген) 13 буын-
ды Тәңірдің құдіретімен жаралған қасиетті алтын ұрпақ атандырды. Осы кіндіктен 
тараған бүкіл-бүтін бір ел нұрдан жаратылған Нұр ұрпағы (Нирун) атандырды. Бүкіл 
әлемге  Довун-мерген  ұрпақтарын  ұлықтатты.  Қоралас  Алун-құбаның  құрсағынан 
тараған ұрпақтар хан болды, қаған болды, патша болды, әмір болды, батыр болды, 
бағлан болды. Сондықтан да Қоңыраттарды Орта және Орталық Азия көшпелілерінің 
алтын құрсағына балады.
Қоңыраттар  ұлдарының  ішінен  қаншама  батыр,  бағлан,  әмір,  әскери  басшылар 


39
шыққанымен қыздарының құдіретінен, қыздарының атақ-абыройынан, парасат пай-
ымынан, даңқы мен лауазымынан аса алмады. Сондықтан қыздары арқылы Қоңырат 
тайпасы көшпелілер ортасында атағы шыққан халық.
Екінші Оғыздардан (Сақ, Скиф = іч оғуз) бері қарай көшпелілер әлемінің дүние-
танымдық  идеологиялық,  философиясын  жаңғыртып,  сабақтастығын  жалғас ты рып 
бүгінгі ХХІ ғасырға жеткізді. Жоғардағы Көк аспандағы құдіретті Тәңірінің тылсым 
күші шаңырақтан нұр болып құйылып, сағым болып түсіп Қоңырат аруының жаты-
рына  сіңгендіктен  ұрпақтары  пассионерлік  қуатты  күштің  иесіне  айналды.  Алун-
Құбаға  байланысты  бұл  оқиғаны  зерттеушілер  аңыз  деп  түйіндеді.  Аңыздың  түпкі 
астарында құпия бір мағына жатқанын ұмытпауымыз керек сияқты. Алла тағала ай-
тыпты  деген  бір  әңгімеде:  «Жер  бетіндегі  барлық  жан-жануардың  ебін  таптым.  Ал 
Адам атты пенденің ебін таба алмадым». Табиғат та, адам да жан-жануар да өзінің 
ішкі  қуатымен  өзін  емдеп  жетілдіріп,  қайта  тіріліп,  жамап-жасқап  отырады.  Адам 
атты пенде өзін, ортасын, қоғамын өзі алып жүру үшін не бір ғажайып аңыздарды 
тәлімдерді,  қағидаттарды,  философиялық  тұжырымдарды,  заңдарды  өмірге  әкелді. 
Сондағы жалғыз мақсат –  адам өмір сүріп отырған қоғамды жөнге келтіру, адам атты 
пенделер бірін бірі құрметтеу, аяу, сүю, гуманистік тәрбие беру ғана еді. Иә, қазіргі 
классикалық 4 ұлы дінде, ежелгі грек-рим, үнді, қытай философиясының арғы бастау 
қайнары аңыздан басталған. Заман өте дүниетанымын ғылымиландырып адам атты 
пенденің басын айналдырып қойды. Не бір қиял-ғажайып, философиялық иірімдерді 
ойдан шығарып жасап келді...
Алун-құба оқиғасының сыртқы қабаты аңыз болғанымен ішкі дәні идеология еді. 
Шығысынан батысына дейін 10 000 км, оңтүстігінен солтүстігіне дейін 5000 км алып 
аймақты  иемденіп,  жауласып,  толарсақтан  қан  кешіп,  көз  жасы  көл  болып,  сезім 
шіркін  тасқа  айналған  заманда  оларды  бір  құдіретті  күшке  бағындырып  бас  иідіру 
жалғыз  алып  күш  –    көктегі  Ұлы  Тәңірге  табындыру  керек-тін.  Сол  құдіретті  күш 
ұлы Тәңірдің жерге жіберген өкілі қажет болды. Ол әрине нұр болып құйылып, сағым 
болып сіңіп, сөзі дуалы, ісі құнарлы, өзі батыр, өзі бағлан болу керек-ті. Ата-баба-
дан  жалғасқан  Алун-құба  арманы  –  орталықтанған  бір  идеология,  бір  билікті  қарт 
Азия күтті, ұзақ күтті. Алун-құбадан кейін 13 буын ұрпақ өткізіп барып сол ұрпақ 
дүниеге  келді.  Ол  Шыңғыс  хан  еді.  Міне,  сол  «Нұр»  идеологиясын  дүниетаным 
жағынан ғылымиландырып, күннің биосфера теориясымен қуаттандырып, астасты-
рып, Көшпелілер әлемі тарапынан Жаһанға ұсынған философиялық таным-түсініктің 
бір нұсқасы болатын еді. Оны біздің алдыңғы толқындар да, кейінгісі де, біз де жасай 
алмай келеміз. Мүмкін бір мықты ойшылды Қарт Азия күтіп отырған болар... мүмкін 
сол  ойшылға  Қарт  Азия  толғатып  жатқан  шығар...  бұл  аңыз  Қоңыраттың  Қоралас 
тайпасының  ақылды  қызының  бабалар  идеологиясын  қайта  тірілтіп,  ұмытып  бара 
жатқан рухани байлығын өз ортасына жаңғыртпа алып келуі болар...
«Қоңырат қыздарының сұлулығымен ұрпағының шырайлылығымен ежелден аты 
шыққан ел» деп сол дәуірде Дай-шешен бекер айтпаған. «Моңғолдың Құпия шежіресі» 
атты тарихи түпнұсқада мынандай бір оқиға сақталған (Сол оқиғаны түпнұсқадағы 
қалпын бұзбай толық енгізіп, оқырманға жеткізуді жөн көрдік):
«МҚШ. § 61. Есүкей батыр Тэмүжін тоғыз жасқа толғанда Өлүн-Ананың төркіні 


40
Қоңыраттың Олқнұт елі, нағашы жұртынан қыз іздеуге ұлын ертіп шығады. Жолда 
Сексір мен Шікірүддің ортасында Дай-шешенге тап болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет