Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет15/165
Дата14.12.2021
өлшемі4,15 Mb.
#126269
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   165
Байланысты:
1064, 196178, 230835, 425883
«та-
мыр  болдың,  айтыс  жоқ,  қолдан  бердің,  қайтыс  жоқ»
  деп  бір  ғана  кесімді  айтады. 
Тамырластықтың аяғы құдаласуға ұласса, құда тамыр деп те атайды.
Уақыт  өте  келе,  заман  өзгере  келе 
дос  тамырмен
  бірге 
ауыз  тамыр
  болу  қазақ 


31
қоғамында кеңінен қолданыла бастады. Ауызтамырлықта достамырлықтағыдай серт-
тесу, қалау айтысу рәсімі болмайды. Бір-біріне көңілі жақын,  ниеті түзу, сыйластығы 
жоғары адамдардың 
тамыр болайық
 деген сөзі жеткілікті саналған. Тамыр болғандар 
бір-бірінің жақсылығына да (той жиынына, той-томалағына), жамандығына да (өліміне, 
қазасына)  ортақ  болып,  ағайын-туғанша  өз  жәрдем  көмегін  аямаған.  Дәстүрлі  қазақ 
қоғамында «бір өлі» «бір тіріде» 
1) ағайын-туыс, 2) құда-жегжат, 3) көрші, 4) дос та-
мыр
 ауызға алынып, алдымен солар қайғы, қуанышты бөлісетін. Ал тамырдың төртінші 
түрі қарға тамыр құданың құдасының құдасы, жекжаттың жекжатының жекжаты, ілік 
шатысы көп дегендей мағынаны білдіреді.Осыған байланысты қарға тамыр қазақ деген 
атау бар: елін, жерін, тегін сұраса келе, әр қазақтың бір-біріне қарғатамырлығы табылып 
жатады.  
Патшалық  Ресейге  тәуелді  болған  қазақ  елінде  қоныстанушы  мәдениет  пен 
жергілікті мәдениет аралығындағы қашықтық бірте-бірте жақындап, түйіскен сәтте 
тамырластық  институты
  қайта  жаңғырды.  Күнделікті  қарапайым  өмірдің  мыса-
лына  жүгінсек,  қазақ  қой-қозысын  апарып,  орыс  тамырының  қуаныш-қайғысына 
ортақтасады,  өз  кезегінде  орыс  тамыр  қауын-қарбызын,  картобын  т.б.  арбасына 
тиеп, қазақ тамырына келетін болған. Міне, бұл екі мәдениеттің күнделікті тұрмыста 
қатарласа  өмір  сүруі  еді.  Бұған  қазақтың  толеранттылық  болмысы  себеп  болды. 
Ал  орыстар  қазақ  тілін  үйренуінің  нәтижесінде  арадағы    коммуникация  құралы, 
мәдениетарлық қатынас қызметін қазақ тілі атқарды.
Әр  басқа  мәдениеттің  өкілі  екеніне  қарамастан  олар  той-томалаққа,  шақырған 
асарға қызу атсалысып, тамырластық тәртібін сақтап отырды. Сөйтіп, қазақ қоғамы 
ойлап  тапқан  тамырластық  институты  екі  мәдениет  арасын  жалғастырушы  қызмет 
атқарды. Мұндай уникалийді Еуропа,  Америка, Ресей т.б. елдердің тәжірибесінде кез-
деспеген ерекше феномен деп қарауға болатын сияқты. Қазақтардың да, орыстардың 
да  тіл бірегейлігі, дін бірегейлігі, салт-дәстүр бірегейлігі сақталмады деуге болмай-
ды, дегенмен кей тұста қазақ қоғамындағы мәдени бірегейліктің бұзылуын патшалық 
режімнің жүргізген ұлт саясатының салдары екені байқалып тұрады. 
Уақыт өте келе қоныстанушы мәдениет өкілдерінің ұрпақтарынан қазақ өнері мен 
мәдениетіне олжа салған Мәриям Жагорқызы, Надежда Лушникова сынды көрнекті 
тұлғалар  шықты.  Сондай-ақ  партия-совет  басшылығында  жүріп  қазақ  тілін  жақсы 
білген  Левинцов,  Канселяристов,  Л.Осипов  тәрізді  тұлғалардың,  ғылым  докторы, 
профессор  И.Нечаев  сынды  ғалымдардың,  колхоз,  совхоз  басқарған  шаруашылық 
мамандарының саны аз емес еді. Сөйтіп, қазақ тілі мәдениетаралық коммуникацияның 
тілі болды.
 
Социолингвистикалық әңгіме
«Жақсы үрдісті елемесең, ескерусіз қалады» деген бір орыс ақсақалының айтқан 
әңгімесі  осындайда  еске  түседі:  «Әкем  Қызылағаштың  казак-орысы  болатын,  өзі 
қазақшаға судай – Қазақ ауылында «тамыры» болатын. Баяғыда, әлі есімде әкем та-
мырына барып тұратын, тамыры бізге келіп тұратын. Содан ба, мен де қазақшаға қара 
жаяу емес едім. 1954-65 ж. аудан, облыста басшы қызметтерде болдым. Бала кезімдегі 
қазақшамды қайта жөндедім. Ол кезде кеңселер қазақша жұмыс істейтін. 


32
Қызмет  сондай,  ауыл-ауылды  аралаймын,  қойшы,  қызылшашы,  тракторшылар-
мен  кездескенде,  орысшаның  жарамай  қалатын  кезі  де  болды.  Олармен  қазақша 
сөйлеспесең, шын пейілін бермейді. Әсіресе ауылда қазақша сөйлесең, қалбалақтап 
жандары  қалмайды.  Өтінішіңді  де,  тапсырмаңды  да  тындырады.  Уәдесін  беріп, 
айтқанын орындайды. Малдан да, жерден тәп-тәуір өнім алатынбыз. 60-жылдардан 
кейін, содан саясат басқаша болып кетті ғой. Біздің қазақшамызды ешкім бағалаған 
жоқ, өкімет пен партияны айтам. 
Қазір БАҚ деп жүрсіңдер ғой, шіркіндер орыс пен қазақты бір-біріне теріс қаратып 
қояды. Қазақтілді газеттер «әне көрдің бе, орыстар қиындық болып еді, көшіп кетті» 
дейді.  Ал  дұрысын  айтсам,  Ресейге  көшкен  орыстар  қазақтың  Тәуелсіздігін,  елдің 
Егемендігін мойындағаннан көшті. Менің балаларым да көшіп кетті, «есің барда елің 
тап» дейді қазақ. Тілден қиындық көріп көшкен жоқ. Қалғандарымыз қазақпен біргеміз 
дедік. Ал орыстілді газеттер «қазақ тілін білмейсіңдер деп, орыстарға күн көрсетпей 
жатыр» дейді. Әй білмеймін, бұлай жазып жатқандар орыс емес, басқа «біреулер» не-
месе өздерің айтқандай, қазақша білмейтін «қара орыстар» шығар. 
– Ағасы, маған аты-жөніңізді, бұрын атқарған қызметіңізді айтсаңыз? Керек болып 
тұр! – дедім.
– Менімен сонау жылы, Багитжан Хасенов деген палуан ғалым сөйлескен еді, соған 
бәрін айтып бергем. Оны несіне тағы да айта берем. Сол ғалымға қазақша судай білетін 
орыстардың біразын мұрнынан тізіп, айтып бергем. 
Ақсақалдың  Багитжан  Хасенов  дегені  белгілі  социолингвист  ғалым  профессор 
Бақытжан Хасанов екенін іштей біліп отырдым. Бірақ ақсақалға ештеме демедім, жо-
лымыз екі айырылып кетті.
2. Қуғындалушы мәдениет
 Қазақстанның көпмәдениетті (поликультура, мультикультура) қоғамға айналуының 
үлкен  бір  кезеңі  оның  жеріне  1941  жылдары  тоталитарлық  режімнің  салдарынан 
қуғын-сүргінге (репрессияға) ұшыраған халықтардың қоныстануы болды.
Қапқаздағы шешен, ингуштар, әзербайжан, қарашай, балқар, түрік; Еділ бойындағы 
немістер, Қиыр шығыстағы кәрістер т.б. еріксіз қоныс аударып зардап шегеді. Қазақ елі 
деп аталатын алып бәйтеректің бұтағынан пана тауып, қазақтың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет