Кіріспе.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ə. Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050»
Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында:
«Бәсекеге қабілетті, дамыған мемлекет болуымыз үшін біз сапалы білімге ие, сауаттылығы жоғары елге
айналуымыз қажет», ‒ деп айқын міндет қойған [1].
Осы тұста білім беру саласында нені оқыту емес, қалай оқыту маңызды екені басымдыққа ие болып
отыр. Сонымен қатар қазіргі уақытта елдердің дамуы, бәсекеге қабілеттілігі білім деңгейімен өлшенеді.
Осы орайда, білім берудегі сапа түсінігіне байланысты дайындаған бұл мақаланың мақсаты ‒ әрбір
жеке тұлғаның көкейінде жүрген білім беру қызметінің сапасын көтеру мәселесіне өзімнің үлесімді қосу.
Осы мақсатта мақалада сапа, білім берудегі сапа және оны жоғарылату әдістері тұрғысынан сөз қозғалады.
Достарыңызбен бөлісу: |