Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет60/617
Дата13.12.2021
өлшемі6,54 Mb.
#100264
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   617
Байланысты:
Сборник 24 апреля 2020 г
турецкий язык, анализ политики, презентация, реферат, Египет мәдениеті, 5лекция слайд, 5лекция слайд, fizika-formuly-ege, Жоспар3, Жоспар3, Жоспар3, 158, Химический состав биогумуса, Химический состав биогумуса, ABDRAKHIMOVA A.O. Tezis 02 ,04,2018
Зерттеу әдістері. 
1939 жылғы халық санағының қорытындылары бойынша Қазақстанда 6,2 млн. 
адам тұрған. Демограф-ғалым М. Тәтімовтің пайымдауларына қарағанда соғысқа 500 мың қандасымыз 
аттанған. Оның 350 мыңы қаза тапты, хабарсыз кетті деген санатта майдан даласынан қайтпай қалған. 
Демек, Қазақстанның адам шығыны қанша деген сұраққа ‒ 350 000 деп жауап беруге болады [2.]. 
Қазақстандықтардың  басым  көпшілігі  майдандағы  армияны  толықтыру  ретінде  шақырылса,  ал 
шамамен үштен бірі республикада құрылған құрамалар мен бөлімдерге алынды.  
Соғыстың  алғашқы жылында  Қазақстанда барлығы  14  атқыштар  және атты  әскер дивизиясы,  6 
бригада жасақталып, майданға аттандырылды. Бұдан кейінірек 6 артиллериялық және авиация полкі, 
12 құрылыс, 2 автобатальон, 7 автомашиналар батальоны құрылды. Осы кезеңде тылдағы он мыңдаған 
қазақстандық  соғысып  жатқан  армияға  толықтыру  ретінде  барып  қосылды.  Қазақстан 
территориясында  жасақталған  дивизиялар  соғыстың  алғашқы  қиын  кезеңінде  ерлікпен  шайқасты. 
Кеңес Қарулы күштерінің мақтанышына айналды. Олардың ерлікке толы жауынгерлік жолы Мәскеу, 
Ленинград, Сталинград, Кавказ, Курск, Украинаны азат етуде халықаралық құрметке ие болды. 
Республикамыз офицер кадрларын және армия мен флотқа резервтер дайындауда лайықты үлес 
қосты. Майданда өзгерген жағдайға байланысты КСРО Қорғаныс Халық Комиссариаты 1941 жылы 


«Білім беру, дене мәдениеті, туризм және спорттағы инновация». Алматы, 24 сәуір 2020 
25 
желтоқсанда «Жаңа аумақтық әскери округ құрамы туралы» бұйрық шығарды, сол бұйрық бойынша 
Қазақ КСР-нің әскери Комиссараты құрамынан 4 облыстық әскери комиссариат (ОƏК), соның ішінде 
Орал  әскери  округіне кірген  Қостанай  ОƏК,  Оңтүстік  Орал әскери  округіне  кірген  Гурьев,  Ақтөбе, 
Батыс  Қазақстан  әскери  комиссариатарымен  шақырылып,  олар  Оңтүстік  Орал  округінің  әскери 
құрамына,  ал  Қостанай  облысынан  әскерге  шақырылғандары  Орал  әскери  округінің  бөлімдері  мен 
құрамаларына жіберілді [3].  
Қазақстан  әскери  комиссариаттары  шақырған  адам  ресурстарының  есебінен  республикадан  тыс 
жерлерде  ірі  құрамалар  жасақталды.  Атап  айтқанда,  1942  жылдың  бас  кезінде  Чкалов  облысында 
жасақталған 196-атқыштар дивизиясы қатарындағы жауынгерлер құрамының 80%-ы қазақтар еді. 1942 
жылы  наурызда  Чкалов  облысында  жасақталған  195-дивизияның  да  жеке  құрамының  жартысынан 
астамын, яғни 4129 адамды қазақтар құрады [1.,41-42 бб]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   617




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет