Көне Египет жер шарындағы тұңғыш мемлекет қана емес, сонымен бірге дүниежүзілік үстемдікке талпынған қуатты да, құдіретті мемлекеттердің бірі болды



Дата17.02.2020
өлшемі49 Kb.
#58216
Байланысты:
Египет мәдениеті
турецкий язык, анализ политики, презентация, реферат, 5лекция слайд, 5лекция слайд, fizika-formuly-ege, Жоспар3, Жоспар3, Жоспар3, 158, Химический состав биогумуса, Химический состав биогумуса, ABDRAKHIMOVA A.O. Tezis 02 ,04,2018
Көне Египет жер шарындағы тұңғыш мемлекет қана емес, сонымен бірге дүниежүзілік үстемдікке талпынған қуатты да, құдіретті мемлекеттердің бірі болды. Ауыз бірлігі күшті, ұйымшылдығы берік, халық – билік жүргізуші тапқа толық бағынған мемлекет. Египеттің жоғары өкіметі мызғымастық және түсініксіздік принциптері негізінде құрылды, ал өз кезегінде бұл принциптер біртұтас Египет мемлекеті пайда болған кезден бастап-ақ оның толық билеушілері – перғауындарды құдай деп санауды өмірлік қажеттілікке айналдырды. Фараондар (перғауындар) құдайдың ұлы деп саналды, сондықтан да фараон өзін «Раның» ұлымын деп жариялады.

Перғауынның жеке-дара билік жүргізуі тіпті оның билігінің Египет халқына ғана емес, көршілес жатқан патшалықтар мен тайпаларға да күшейе түсуі, мәдениеттің дамуына өзіндік ықпалын тигізбей қойған жоқ. Ал осы бір шексіз билік пен мансап, байлық пен құдірет кенеттен жоқ болады. Оны өшіретін ұлы күш - өлім. Міне, сондықтан да болар – көне Египеттің мәдениетінің ең басты ерекшелігі ажалға қарсылық болды. Бұл табиғи қарсылық, немесе мәңгілік өмір сүруге талпынушылық Египет халқының бүкіл діни санасына тереңдей еніп, оның мәдениеті мен өнерін қалыптастыруда айрықша рөл атқарды.

Египеттіктер табиғаттың жыл сайын жаңаратындығын аңғарған, өйткені Ніл өзені тасығанда жерлерді құнарландырады, сөйтіп төңірекке өмір мен береке туғызады, ал тартылғанда құрғақшылық келеді, бірақ бұл ажал емес, өйткені – одан кейін де жыл сайын Ніл қайтадан тасып отырады. Табиғатта болып жатқан осы сияқты құбылыстардың негізінде «өлген адам тіріледі» деген діни ілім пайда болды. Бұл ілім діни және мәдени салада ғана емес, сонымен қатар саяси, экономикалық, саяси өмірде де үлкен рөл атқарады. Тереңірек ойлап қарасақ бұл ілімнің өмірге келуі ажалға деген табанды қарсылықтан туған. Жыл сайын буырқанып таситын Ніл өзені сияқты адам жаны да денеге қайтып оралады деген діни түсінік адамдар санасында берік орнықты. Олар қабірді адамның уақытша баспанасы деп санады. Ендігі жерде мәңгілік өмірді қамтамасыз ету мәселесі тұрды. Ол үшін адамның денесін сақтап, тірлікте оған қажет болғанның бәрімен қабірде де қамтамасыз ету керек, демек денені бальзамдап, оны мумияға айналдыру, не болмаса өлген адамның денесіне ұқсас етіп, оның мүсінін жасау қажеттігі туды. Сондықтан да ежелгі Египетте мүсінші «санх», яғни «өмірді жасаушы» деп атады. Мүсіншілер өлген адамның бейнесін жасауды тіршілікті қайта жандандыру деп санап, бұл кәсіптерін ерекше мақтан етті. Шындығында да, өнердің бұл саласы адамдар түсінігінде сиқырлы күшке айналды. Аруаққа табыну, суретші санасына «егер дене сақталса немесе толық бейнеленсе, өлген адамның жаны оған қайтіп оралады» деген түсінікті сіңірді. Өмірдің табиғи ағысын бұзушылық болып көрінген ажалды тоқтатып, жеңіп шығуға болады деген құштарлық, өлімді жеңуге болады деген үміт оты аруаққа табынуды туғызып, ежелгі Египет өнерінің барлық салаларына өз таңбасын салды.

Адамдар санасында қалыптасқан аруаққа табыну – перғауындарды «құдай» деп танумен тығыз ұштасты. Ал құдай – патшалардың (перғауындардың) құрметіне пирамидалар (мазарлар) салына бастады. Өз кезегінде Египеттің жоғары әміршісі – құдай саналған перғауын өзінің құрметіне салынған мазардың әрі асқақ, әрі берік етіп салынуына ерекше мән берді. Сән-салтанатпен салынатын мұндай пирамидалар қыруар қаржыны ғана емес, ұзаққа созылған ауыр да, азапты еңбекті қажет етті. Осы бір азапты еңбек қасіретті өмір Египет құлдарының үлесіне тиген болатын.

Пирамидалар перғауындар мен ең атақты адамдар үшін ғана салынды. Египет абыздарының қағидаларына сүйенсек, патшалар мен вельможаларға ғана емес, кез келген адам жерлеуге байланысты бүкіл салт-жоралар толық орындалған жағдайда мәңгілік күш-«Қа-ға» (мәнннннңгілік өмір) ие болады. Бірақ қаржыны көп қажет ететіндіктен кедей адамдардың денелері бальзамдалмады, оларды матаға орап, көпшілік зираттарының шетіне көме салды. Демек, пирамидалардың салынуы – көне Египет қоғамындағы адамдар арасындағы шектен тыс теңсіздіктің кеңінен орын алғандығы байқатады.

Б.з.б. III–II ғ. құдай-патшаларға арналған құрылыстар – пирамидалар мен храмдар негізінен тастан жасалды. Пирамидалар салу мемлекеттің экономикасын әлсіретіп, қазынаны тауысты, әсіресе халық тарапынан көп шығын мен жұмыс күшін қажет етті. Сондықтан да, пирамидалар салу – халық қайыршылығының басты себепкері болды. Ал егер пирамидалар салуға жұмсалған қыруар қаржы мен египет халқының табанды еңбегін халық игілігіне жұмсағанда (жолдар салынғанда және т.б.) Египет сөзсіз экономикасы жоғары дамыған өркениетті елге айналған болар еді деген ой еріксіз келеді.

«Құдіретті құдай» - фараондардың о дүниеге барғанда жанға сая, басқа баспана болатын мәңгілік ғұмырдағы үйлері – пирамидалар көргенді де, көрмегенді де таң қалдыратын дәуір ескерткіштері, «әлемнің жеті кереметі» аталған өнер туындыларының бір болып саналады. Ерекше атап өтетін бір жай, Египет сәулетшілері өз есімдерін өздері жасаған ескерткіштерге тасқа қашап жазған, демек олар өз еңбегінің нарқын түсіне білген, сондықтан да өз даңқын шығаруға, оны болашақ ұрпаққа мұра етуге арланбаған. Дұрыс та, әділ шешім, өйткені ежелгі заманды былай қойғанда, осыдан небәрі бірнеше ғасыр бұрын ғана салынған феодалдық Еуропаның соборлары мен сарайларын, шіркеулері мен князь үйлерін және тағы да басқа тамаша ғимараттарды салған сәулетшілердің есімдері ілуде бірі болмаса, көпшілігі осы уақытқа дейін белгісіз күйінде қалды. Ал бүгінгі ұрпақ 5000 жылдай бұрын тұрғызылған Египеттің ең көне пирамидасы – перғауын Джосердің пирамидасын жасаушының аты-жөнін білуі – осы ащы шындықтың айғағы болса керек. Оның сәулетшісі – Имхотептің ғалымдық, дәрігерлік, философиялық еңбектері өз заманында аса жоғары бағаланған. Ал сонымен қатар ұрпақтар есінде ұлы балгер, сиқыршы ретінде де қалған, өйткені ғылым дамуының сонау бастауы кезнінде ғұмыр кешкен ғалымдардың өмірі міндетті түрде балгерлікпен астасып жатқан. Имхотеп тіптен екі рет құдай деп танылған. Арада 2500 жыл өткенде гректер оған «медицинаның құдайы» ретінде табынған. Оның мүсіні сірә ғалымдарға орнатылған алғашқы мүсін болуы да ғажап емес. Оның мүсіндері сақталынбаған, бірақ Мемфисте Имхотептің құрметіне орнатылған ғибадатхана бар.

Джосер пирамидасы көп сатылы құрылыс, ол ұзыннан-ұзақ басқыш тәрізді аспанға өрлей береді. Бұл пирамиданың биіктігі – 60 метр болса, одан кейінгі салынған пирамидалар одан да биік, одан да аумақты. «Сонда осындай алып құрылыстарды салуға неге қажет болды екен ?» - деген ойға еріксіз келесің. Біздің ойымызша, жиналған байлықты қоғам өзінің билеп-төстеушілері арқылы аспан мен жер үстіндегі өктемдегі жүзеге асыру ісіне жұмсаудан басқа амал таппады. Сонымен бірге жұмыр басты пенденің ой-қиялын өзіне табындырып қою үшін тірі құдай – перғауын о дүниеден тыныш орын алмақ та болған шығар. Басқаны былай қойғанда, пирамидалардың өте биік етіп салынуы - өзін құдаймен қатар қойған тәкаппар да, мансапқор перғауынның қарапайым халықтан артықшылығын көрсету мақсатынан да туған сияқты. Әйтеуір, қалай болғанда да Египет мәдениетінің бастауында салынған бұл пирамидалар өз еліндегі ғана емес, бүкіл дүние жүзіндегі ең құдіретті ғимарат болып қала береді.

Адамзат баласын таң қалдырған талаай мәдени мұралар күлге айналып, гүлденген қалалар жермен-жексен болды, мейрімсіз де қатал уақыттың сынына шыдай алмаған кереметтер («әлемнің жеті кереметі») бірінен соң бірі жоғала бастады. Ал бүгінгі күнге кереметтердің ең көнесі осы Мысыр пирамидалары ғана жетіп отыр, ендеше көне тарихтың куәгері болған бұл тамаша ғимараттар әлі де талай ұрпақтардың қызықтай берер аса құнды мәдени ескерткіші ретінде қала бермек.

Б.з.б бір мың жылдықтың басына қарай пирамидалар салынуы тоқтатылды. Пирамидалар ендігі жерде тастан емес, шикі кесектен тұрғызыла бастады, ал мұның өзі бұрынғыдай қымбатқа түспейтін болды. Перғауын бұрынғысынша құдай саналғандықтан олардың құрметіне сансыз мүсіндер орнатыла бастады, демек перғауындарға құдай есебінде табыну көне Египеттің діни наным-сенімдерінде басты орын алды. Египетте құдайлар өте көп болған, тіпті әрбір қаланың бірнеше құдайы болған. Ең құдіретті құдай, яғни құдайлардың құдайы – Күн құдайы «Ра» болды. Одан кейінгі басты орынға - өлім құдайы «Осирис» шықты. Египеттіктер өздері о дүниеге аттанғаннан кейін Осирис жер асты патшалығының құдайы болатындығына кәміл сенген. Құнарлы жер мен аналықтың құдайы Асиристің әрі қарындасы, әрі әйелі – Исида болды. Ай құдайы екінші жағынан жазу құдайы да болып саналса, ал Маат – шындық пен тәртіптің құдайына айналды.

Көне Египетте кеңінен орын алған мұндай көп құдайға табынушылық мемлекетті орталықтандыру ісіне нұқсан келтіріп, басқарушы үкіметті одан әрі әлсірете түсті, тіпті мұндай жағдайда басып алған тайпаларды бағыныштылықта ұстаудың өзі қиындыққа соқты. Міне, осындай сындарлы кезенде тарих сахынасына діни реформатор перғауын Аменхотеп (б.з.б. 1419-1400 аралығында билік жүргізген) шықты. Оның басты мақсаты – бір құдайға табынуды жүзеге асыру болды, сөйтіп адамзат тарихында тұңғыш рет көп құдайға табынушылықтан бір құдайға табынушылыққа көшуге маңызды қадам жасалды. Ол жаңа мемлекеттік діни наным-сенім енгізіп, жалғыз құдай «Атон» деген ат берілген Құн шарын жариялады. Осы күннен бастап көп құдайға табынушылық жойылып, осыған байланысты олардың ғибадатханалары жабылып, олардың иелігіндегі дүние-мүліктер тәркіленді. Бұл шынайы тарихи төңкеріс кезеңінде перғауын IV Аменхотеп өз атын құдай атына сәйкестендіріп «Эхнатон» деп («Атан рухы» деген мағына береді) өзгертіп, Египеттің астанасын ежелгі Фивыдан өзі салдырған «Атон көкжиегі» деген мағынаны білдіретін Ахетотон қласына көшірді (Бұл қаланың орнында қазіргі уақытта Амарн атты шағын қыстақ тұр, сондықтан да Египет тарихының эхнатонға байланысты барлық кезеңі «Амарндық» деп аталады.).

Эхнатонның жүргізе бастаған реформаларының абыздар тарапынан жойқын қарсылыққа ұшырап, өмірінің қысқа болуына қарамастан сол дәуірдің мәдениетінің дамуы барысына, оның болашағына өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Ең бастысы - өнер саласында патша бейнесін барынша дәріптеуден бас тартушылық пен канондар мен стильден гөрі мәдени туындылардың ішкі мазмұнына мән беру құбылысының алғашқы нышандары белгілі бола бастады. Атап айтқанда, «Амарн өнері» деген атауға ие болған бұл дәуір мәдениетінде бейнелердің нанымдылығы, жеке бейнелер мен бүкіл композицияның өзара үйлесімділігі, өнер туындыларындағы лирикалық сырластық, сезімдік қасиеттердің пайда болуы – баға жетпес мәнді мәдени құбылыстар болып табылды.

Ойымыз дәлелді болуы үшін ата-анасының алдында жұсақ жастыққа отырып, қаннен-қаперсіз ойынға кіріскен Эхнатонның қыздары – кіп-кішкентай жалаңаш ханшалар бейнеленген суретті алайық. Рахат та, бейғам өмірдің құшағындағы осы бір бейкүнә сәбилердің шаттық өмірін бейнелейтін бұл суреттің шын мәнісінде Египеттің асқаралы өнеріндегі бұрын кездеспеген жағдай болатын.

Не болмаса Эхнатонның әйелі Нефертитидің портретін көз алдыңызға елестетіңізші. Ғажайып та, сымбатты бұл бейненің даңқы бүгінгі заманға дейін жетіп отырған жоқ па? Әйелге тән нәзіктік пен сұлулық тек әйел атаулыға тән аналық пәк сезім мен ішкі жан тебіренісі, ой тереңдігі мен табиғи тәкәппарлығы ғажайып бейнеден ап-айқын боп көрініп тұрғанын қалайша мойындамасқа! Ендеше, Нефретити портретінің барлық әйелдердің ішіндегі ең тамашасы деген атаққа ие болуы да – осы бір ерекше қасиеттердің құдіретті бейне бойынан табылуы болса керек.

Бұл дәуірден кейінгі кезеңдерде де Египет өнері өз дамуында айта қаларлықтай табыстарға жетті. 1922 жылы дүние жүзін таң қалдырған тамаша жаңалық, яғни баға жетпес көркем өнер қазынасы сақталған перғауын Тутанхамонның мұқият жасырылынған қабірі табылды. Бұл тамаша табыс – ағылшын археологі Г.Картердің «Патшалар алқабындағы» ұзақ жылдар бойы жүргізген еңбегінің жемісі болатын. Эхнотонның мұрагері болған бұл перғауын небәрі 20 жасқа жетпей дүние салған, бірақ ол өз заманында ерекше атқа и бола алмаса да, осы бір сәнді дүниелері арқылы біздің заманымызда ерекше даңққа бөленді. Олай болатын себебі Египеттің бүкіл патшаларының қабірлерінің ішінде тек қана Тутанхамонның қабірі ғана тонаушылар қолына түспей, барлық қазынасымен сақталып қалған.

Египет мәдениеті – сан салалы мәдениет. Солардың бірі – біздің заманымызға келіп жеткен Египеттің ең көне жазу тексттері. Олар – құдайларға құлшылық ету мен шаруашылықты жүргізуге байланысты жазбалар. Б.з.б. 2000 жылдыққа жататын ең көне әдеби мұралардың кейбіреулері сақталып қалған, бірақ ғалымдардың пікірінше, бұлардан да көне әдеби мұралар болғандығы ақиқат. Өкінішке орай, олардың біздің заманымызға дейін келіп жетпеген. Египеттің көркем әдебиетінің түрлі жанрлары болған. Олар: патшалар мен ұлы даналардың өз балаларына арналған нақыл сөздері, түрлі тақырыптарды қамтитын әңгімелер және т.б. Көне Египет әдебиетінің тамаша туындыларының бірі – «Өмірден түнілген адамның өз жанымен сұхбаты» деп аталады. Өмірден қатты түнілген бұл адам өлімге бет бұрады. Бірақ оның жаны бұл әрекетке барынша қарсылық жасап, бұл өмірдің қызығы мен рахатын көруге кеңес беріп, оны өлімнен сақтандырады.

Иероглифтер – көне Мысыр мәдениетінің ажырамас бөлігі болып табылады, өйтені бұл өлкеде салынған қай ғимаратты алсаң да, олар иероглифтерге бай болып келеді. Кейіннен көне мысырлық иероглифтік жазу буындық жүйеге көшті (Қытайлықтар болса мұндай өзгерістерге ұшырамай өз жазба дәстүрлерін сақтап қалған).

Ерекше атап өтетін бір жайт, Египет жерінде салынған ғибадатханалардың алдына сфинкстер тұрғызылды. Тастан қашалып жасалған сфинкстердің денесі арыстан, ал басы адам бейнесінде болды. Оның басы перғауынды бейнеледі. Сфинкс – Египет әміршісінің құдіреті мен күшінің оның даналығы мен жұмбақтығының жаршысы болды. Ең алып сфинкс б.з.б. үшінші мыңжылдықта салынған. Ол осы уақытқа дейін Хефрен пирамидасын күзетіп тұр. Тұтастай алынған жартастан жасалған бұл сфинкстің басы адамның басынан 30 есе үлкен, ұзындығы 57 метрге жетеді. Ғылым саласында да көне Египет айта қаларлықтай жетістіктерге жетті. Тамаша ғимараттардың, әсіресе пирамидалардың салынуына қарап математика, геометрия сияқты ғылым салаларының қаншалықты сатыға көтерілгендігін айқын аңғаруға болатын сияқты. Б.з.б. XXI ғасыр аяғы мен XIX ғасыр басында шардың жоғарғы жағы үлкен дәлдікпен есептеліп шығарылды. Адамзат тарихындағы ең көне сағаттар – су және күн сағаттарын алғаш жасаушылар да осы мысырлықтар болатын. Астрономия ғылымымен қатар, медицина ғылымы да өз дамуында да тамаша табыстарға жетті. Адам организіміндегі мидың атқаратын қызметі анықталды, сонымен қатар әртүрлі ауруларға байланысты көз, тіс және т.б. дәрігерлері пайда болды.



Б.з.б. екінші ғасырдың аяғы бір мыңыншы жылдықтың басынан бастап Египет мәдениетіне Криттің, Сирияның, Қосөзен бойындағы құл иеленуші мемлекеттердің мәдениеті өз әсерін тигізе бастады. Б.з.б. VI ғасыр Египетті парсылар жаулап, ал олардың үстемдігі б.з.б. 405 жылға дейін созылды. Одан кейін де Египет мемлеекетінің тәуелсіздігі ұзаққа созылған жоқ, б.з.б. 332 жылы македондықтар Египетті өздеріне бағынышты етумен қатар, Александыр Маедонскийдің (б.з.б. 356-323 жыл) құрметіне Александрия қаласының негізін қалады. Египет абыздары Македонскийді құшақ жая қарсы алып, оны «Құдайдың ұлы» деп атады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет