Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет61/617
Дата13.12.2021
өлшемі6,54 Mb.
#100264
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   617
Байланысты:
Сборник 24 апреля 2020 г
турецкий язык, анализ политики, презентация, реферат, Египет мәдениеті, 5лекция слайд, 5лекция слайд, fizika-formuly-ege, Жоспар3, Жоспар3, Жоспар3, 158, Химический состав биогумуса, Химический состав биогумуса, ABDRAKHIMOVA A.O. Tezis 02 ,04,2018
Зерттеу нәтижелері. 
Міне, бұл тарихи деректерден қазақстандықтарды майданға жұмылдырудың 
жоғарғы пайызбен жүргізгенін байқай аламыз.  
Қазақстан  миллиондаған  босқындарды  құшақ  жайып  қарсы  алды,  жетім-жесірлерге  аналық 
мейірімін  төкті,  эвакуацияланған  завод  пен  фабрикаларға,  майданға  керекті  оқ-дәрі  мен  азық-түлік 
жеткізуші үлкен арсеналға айналды.  
Жеңіске  жетудің  бірінші  қадамы  Қызыл  Армияны  дер  кезінде  адамдармен  толықтырып  отыру 
керектігін  халқымыз  жақсы  түсінді.  Қазақ  халқы  өзінің  Отанына,  жеріне  деген  патриоттық  сезімін, 
ұлттық мақтанышын дәлелдеді. 500-ден аса жерлесіміз, оның ішінде 96 қазақ Кеңес Одағының Батыры 
атағын алды.  
Біздің даңқты бабаларымыз өз сенімдері жолында бастарын бәйгеге тікті, әрі тәуекел етті. Олардың 
жан алысып жан беріскен қанды қырғындары бүгінгі бейбітшілік өміріміздің төлемі секілді.  
Қазақтар соғыс кезінде ең алдыңғы сапта шайқасқан, талайды мойындатқан. Батыр халқымыздың 
соғысқа, жеңіске қосқан үлесі өлшеусіз. Күрек ұстауға әлі келген кішкентай жеткіншектен, қаусаған 
қарияға дейін жеңіс үшін тер төкті. 
Жауға  қарсы  шайқастар  алдыңғы  шептегі  ұрыстарда  ғана  емес,  алыстағы  ауыл  мен  кең  байтақ 
далада да жүріп жатты. Кеңес Одағының басқа халқымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне 
қазақ  халқы  да  өзінің  лайықты  үлесін  қосты.  Қазақстандық  жауынгерлер  Брест  қамалынан  бастап 
Берлинге дейін барды. 
Қазақ халқы Ұлы Отан соғысында ата даңқын жоғары көтерді, өзінің қаһарман, батыр, адал халық 
екенін  Отанға, әлемге  паш  етті.  Ата жолын  қуған  еліміздің  ұл-қыздары  ерлік дәстүрін  осы  соғыста 
жалғады, ұлттық, отандық патриотизмнің үлгілерін көрсетті. 
Соның  бірі  аты  әлемге  әйгілі  қазақ  батыры  Қажымұқан  Мұңайтпасұлы  еді.  Ол  егде  тартқан 
шағында концерт бригадасын құрып, көпшіліктің алдында цирк қойылымдарын көрсетті. ҚазақКСР 
Жоғарғы  Кеңестің  төрағасы  Қазақбаевқа  жолығып,  оған  «Ел  аралап,  цирк  өнерін  көрсетсем,  сол 
арқылы ақша тауып, майданға көмектессем», ‒ деген ұсынысын айтты. Бұл ұсынысты үкімет қолдап, 
екі жылға жуық жүріп цирк өнерін көрсетіп, 100 мың сомдай ақша табады. Жиналған 100 мың сом 
қаржысына  Қажымұқан  1944  жылы  ұшақ  сатып  алып,  оны  Азамат  соғысының  батыры  Амангелді 
Иманов атымен атауды өтініп, Жеңіс қорына аударды. 29 қазанда мынадай жеделхат келді: «Оңтүстік 
Қазақстан  облысы,  Шәуілдір  ауданы,  Ақтөбе  колхозы,  Мұңайтпасовқа.  Қызыл  Армияның  әскери 
күштеріне  көрсеткен  қамқорлығыңыз  үшін  менен  сәлем  және  Қызыл  Армиядан  ризашылық 
қабылдаңыз, жолдас Қажымұқан. Сіздің тілегіңіз орындалады. Сталин». 
Өзінің ізгі патриоттық ісі үшін қарт күресші Кеңес әскерінің Жоғарғы басқармасынан алғыс хат 
алды. 1945 жылы КСРО Жоғарғы Президиумы оны «Құрмет белгісі» орденімен марапаттады.  
«Қазақ-ұшақшыларына Қажымұқаннан», ‒ деген жазуы бар ұшақ Кеңес әскерлеріндегі әскери-әуе 
күштерінің  ең  мықты  қазақ  экипажына  тапсырылды.  Қажымұқанның  ұшағына  ие  болған  ұшқыш 
К.Шалабаев Ленинград пен 2-ші Балтық бойы маңайындағы соғыста осы ұшақпен дұшпанға тойтарыс 
берді [4]. 
Соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ, қазақстандық мыңдаған дене тәрбиесі мамандары Отан 
қорғаушылар қатарына өтті. Олар Брест, Мәскеу, Сталинград майдандарында жаумен батыл айқасты. 
Қазақстан дене тәрбиесі ұйымдары қызметінің күн тәртібінде Отанды қорғауға дайындық мәселесі 
бірінші орында тұрды және соғыс аяқталғанша бұл мәселе күн тәртібінен алынбады. 
ҚазақКСР ҰКО жанындағы дене шынықтыру мен спорт жұмысы бойынша комитеттің бұйрық-
тарының  бірінде  былай  жазылған:  «...Қазақстанның  мыңдаған  дене  тәрбиешілері  әскери  шекараны 
қорғай  алатын  дайындығы  мен  қабілеттілігін  көрсетуі  қажет».  Əскери  қауіп  төнген  жағдайда 
республиканың дене тәрбиелеу ұйымдары спорттың қорғау түрлерінің дамуында, спорттың-қорғану 


«Білім беру, дене мәдениеті, туризм және спорттағы инновация». Алматы, 24 сәуір 2020 
26 
кадрларын  дайындауда  елеулі  табыстарға  жетті.  Он  мың  шақты  шаңғышылар,  альпинистер,  қол 
күрестірушілер, атшылар, мотоциклшілер және басқалары дайындықтан өтіп резервте тұрды. 
КСРО Халық Комиссариаты қорғанысының әскерге дейінгі дайындық бойынша  сынақ жаттығу 
туралы бұйрығын жүзеге асыру мақсатында парашютті және көлік спортын дамытуға ерекше көңіл 
бөлінді.  
Қазақстанның  дене  тәрбиелеу  ұйымдары  барлық  жұмыстарын  соғыс  жылдарындағы  әскери 
талаптарға сәйкес қайта құрды. Олар жалпы білім беру органдарымен тығыз байланыста әрекет етіп, 
әсери  қорды  қажет  етіп  отырған  Қызыл  Армияға  қор  дайындау  бойынша  көптеген  жұмыстарды 
тындырды.  Бұл  маңызды  мәселені  шешу  үшін,  спорттың  қорғаныс  түрлері  бойынша  нұсқаушы 
кадрларды дайындау және артығымен дайындау бойынша курстар мен семинарлар ұйымдастырылды. 
Сауықтыру дене тәрбиесі бойынша нұсқаушы әдіскерлерді дайындау бойынша жұмыс күшейтілді.  
Елдегі  соғыс  жағдайына  байланысты  республикамыздың  жоғары  оқу  орындары  мен  мектеп-
теріндегі  дене  тәрбиесі  қайта  құрылды.  Бұл  жауапкершілікті  іс  қазақ  дене  тәрбиесі  техникумы  мен 
педагогикалық училищелердің дене тәрбиесі бөлімдеріне тапсырылды. Дене тәрбиесі мамандары мен 
әскери жетекшілерге әскери-физикалық, алғашқы әскерге дейінгі дайындықты мәдениетті түрде өткізу 
жүктелді.  
Егер  1941  жылы  2,500-ге  жуық  спортшы-разрядшылар  дайындалған  болса,  1945  жылы  спорт-
шылардың саны 3,500-ден асып кетті. 1941 жылы дене тәрбиесі ұжымы 2,732-ге жетсе, 1945 жылы 
олардың  саны  183,468  адамға  жетті.  Соғыс  кезінде  спорттың  әскери-қолданбалы  түрі  бойынша  1,5 
миллионға жуық адам дайындықтан өтті [4]. 
Майданға өз еркімен сұранған қыз-жігіттер де болды. Солардың қатарында Қазақ дене шынықтыру 
институтын 20 жыл басқарған (1952-1972 жылдары) Хамза Мұхамеджанов та болды. Ол 1941 жылы өз 
еркімен майданға сұранып, саяси комиссар, өрт сөндіруші, взвод командирі сияқты жауапкершілікті 
міндеттерді  атқарды.  Мәскеу  түбіндегі,  Берлиндегі  (1-ші  Белорус  майданымен)  соғысқа  қатысты. 
Майданнан  көптеген  марапаттармен  оралды.  Висло-Одер  операциясымен  қатар  «Варшаваны  азат 
еткені үшін», «Берлинді алғаны үшін», Отан соғысы және соғыстың Қызыл Туы медальдармен аман- 
есен елге оралады.  
Елге  келгеннен  кейін  Қазақстандағы  спортты  дамыту  бойынша  көптеген  ұйымдастыру  жұмыс-
тарын  жүргізді,  1946  жылы  Қазақстан  Республикасы  Министрлер  Кабинеті  жанындағы  дене  шы-
нықтыру және спорт жөніндегі Республикалық комитеттің төрағасы болып қызмет атқарды. 1952-1972 
жылдары Қазақ дене шынықтыру институтының ректоры болды. Осы 20 жыл аралығында институтты 
бітірген  3  мыңнан  астам  түлектің  есінде  Хамза  Мұхаммеджанов  «Батыр  ата»  деген  атпен  мәңгілік 
қалды [5]. 
Сұрапыл соғысты КСРО халқы жұдырықтай жұмылған бірліктің нәтижесінде жеңді.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   617




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет