ХХ ғасырдағы жаңа рационализм аналитикалық философиямен көрінеді. Ол ХІХ ғ. 30 жж. позитивизммен басталады. Негізін салушылар О.Конт, Г.Спенсер және Д.С.Милль. Философияның оқытатын негізгі пәні ғылым мәселесі болып табылды,ғылым табиғат пен қоғам заңдылықтарын зерттеді. Позитивизмнің екінші кезеңінде эмпириокритицизм (тәжірибені сынға алу) тұрды. Бұл бағыт ХІХғ. 70 жж.пайда болып кең таралды. Негізін салушылар австриялық философтар Р.Авенариус және Э.Мах. Позитивизм сияқты бұл философияның да оқытатын пәні ғылым және ғылыми біліммен зерттелетін сезімдер арасындағы байланыс болып табылды.
Достарыңызбен бөлісу: |