Позитивизмнің екінші кезеңінде эмпириокритицизм (тәжірибені сынға алу) тұрды. Бұл бағыт ХІХғ. 70 жж.пайда болып кең таралды. Негізін салушылар австриялық философтар Р.Авенариус және Э.Мах. Позитивизм сияқты бұл философияның да оқытатын пәні ғылым және ғылыми біліммен зерттелетін сезімдер арасындағы байланыс болып табылды. Позитивизмнің үшінші кезеңі ХХғ. 20жж. пайда болып неопозтивизм деп аталды. Оның пайда болуы ғылымның, әсіресе математика мен физиканың маңызы арта бастауымен байланысты. Позитивизм назарын ғылым тіліне, оның мазмұнының алатын орнына аударды. ХХғ. екінші жартысында маңызды әлеуметтік - мәдени феноменге айналды.
Достарыңызбен бөлісу: |