Хх ғасыр басындағЫ Әдебиет электронды оқу құралы



Pdf көрінісі
бет24/58
Дата14.09.2022
өлшемі3,36 Mb.
#149483
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   58
Байланысты:
annotation124256
Асқорыту жүйесінің жас ерекшелігі., Нурмухамедов К., ²³. Çàòòû? ñàïàëû? ??ðàìûí àíû?òàó, "Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау"
Реферат тақырыптары: 
1. ХХ ғасыр басындағы қоғам және әдебиет 
2. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі ағартушылар. 
3. Олардың шығармашылық ұстанымдары мен ізденістерінің басты 
ерекшеліктері. 
4. ХХ ғасыр басындағы қазақ басылымдарындағы оқу-ағарту 
мәселелері. 
5. ХХ ғасыр басындағы қазақ прозасындағы ағарту тақырыбы. 
СӨЖ тақырыптары: 
1. XX 
ғ.б. қоғамдық-әлеуметтік жағдай және әдебиет. 
2. XX 
ғ.б. мектеп-медреселердің әдебиетке ықпалы. 
3. XX 
ғ.б. оку-ағарту ісінің өркендеуі. 
4. XX 
ғ.б. ағартушы-демократтық бағыттың зерттелуі. 
5. XX 
ғ.б. қазақ әдебиетіндегі әдеби бағыттар. 
 
ҰЛТ-АЗАТШЫЛ БАҒЫТТАҒЫ АҚЫН-ЖАЗУШЫЛАР
 
Ұлт-азатшыл бағыттың басты сипаты мен көрнекті өкілдері. 
Ұлт-азатшыл бағыттағы ақын-жазушылар шығармашылығының басты 
міндеті ұлт-азаттығының тірегі ұлттық сананы ояту болды. Олар өз 
шығармашылығында отаршылдыққа қарсы ашықтан-ашық пікір 
айтып, азатшыл күрес идеясын өркениетті елдердегі саяси күрес 
тәсілімен ұштастыруды мақсат тұтты. Ағартушылық, өнер-білім 
барлығы ең алдымен ұлт-азаттығы үшін қызмет етуі керек деген берік 
байламдағы ой-идеяны насихаттады. “Мақсаты тіл ұзартып, өнер 
шашпақ” болған Абайдың ағартушылық бағыттағы ой-толғамдарын 
жаңа арна-азаттықпен ұштастырды. Тапшылдық, жікшілдік 
мүдделерді көздемей, ұлт тұтастығын сақтауға ұмтылды. “Елім”, 
“Жерім” деген ұрандарды ұлттық сананы ояту жолындағы негізгі 
ұстындарға айналдыруды көздеді. Яғни бұл бағыттағы ақын-


жазушылар шығармашылығында “елшілдік” (М.Әуезов) сипат басым 
болды.
 
Бұл бағыттың қалыптасуына ХХ ғасырдың басында жаңа 
әлеуметтік саяси күш – ұлтжанды зиялы топтың пайда болуы жан-
жақты әсер етті. Олардың көбі шығармашылықпен айналысқандықтан 
да, өз шығармаларында бостандық, теңдік, азаттық идеяларын ту етіп 
көтерді. Ал өздерінің саяси көзқарастарында елдің жігін ажыратпай, 
біртұтас етіп біріктіруді көздеді. Сондықтан ең басты мәселе ретінде 
саяси тәуелсіздікті нысана етіп қоя білді. Ұлттың жан-жақты дамуы, 
өркендеуі ұлттық салт-дәстүрлерді сақтай отырып, өзге өркениетті 
елдерден үйренер еркіндік салтымен жетілуде деп білді. Оқу-ағартуды, 
өнер-білімді ел тәуелсіздігі жолындағы саяси күреске пайдалануға 
әрекеттенді. Әдеби шығармаларында ұлттық сананы оятуды, 
күрескерлік рухты көтеруді басты мақсат тұтты. Сондықтанда олардың 
шығармаларындағы көркемдік әдіс-тәсілдер азатшыл оймен ұштасып 
жатты. Ұлт-азаттық әдебиет бағытының өкілдері қандай да бір әдеби 
шығарма болмасын, оған ұлттық мұрат тұрғысынан талап қойды. 
Сөйтіп қазақ әдебиетіндегі өзінен бұрынғы Дулат, Шортанбай, Мұрат, 
Махамбет дәстүрлерін жаңа арнада дамытты. Халықты саналы іс-
әрекетке үндей отырып, таптық қайшылықты емес, ұлттық бірлікті 
жырлап, ұлт тұтастығын сақтауды көздеді. Бұл бағыттың ірі өкілдері 
Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев 
шығармашылығында Ресей империясы отаршылдық езгісінің бүкіл 
сипаты толыққанды ашылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет