Хирургиялық науқастардағы су-электролиттік бұзылыстар және инфузиялық терапияның принциптары



бет5/10
Дата06.02.2022
өлшемі451,07 Kb.
#81687
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Үмбетқали Б.Д 302-А жм
Үмбетқали Б.Д 302-А жм

ІСІНУ

  • Ісіну ( oedema) –қан мен тіндер арасында су алмасуының бүзылуынан тіндерде сұйықтықтың артық жиналуы. Сұйықтықтың дене қуыстарында жиналуын шемен (hydrops) дейді. Іш қуысы сулануын гидроторакс, ми қарыншалары сулануын – гидроцефалус, жүрек қалтасы сулануын гидроперикардиум деп атайды. Оның даму жолдарында:
  • капилляр ішінде қан қысымы көтерілуі
  • онкотикалық қысым азаюы
  • капиллярлардың өткізгіштігі жоғарылауы
  • лимфа ағуының баяулауы маңызды орын алады.

Пайда болу себебіне және даму жолдарына қарай:

  • Пайда болу себебіне және даму жолдарына қарай:
  • жүректік,
  • бүйректің,
  • бауырлар,
  • ашылулық,
  • қабынулық,
  • уыттық,
  • неирогендік,
  • аллергиялық,
  • лимфогендік ж.б. ісінулер ажыратылады.

Жүректік ісіну. Жүректік ісіну жүрек қызметінің жеткіліксіздігі кезінде веналық тамырларда қан іркіліп қалудан және жүректен шығатын қан көлемі азаюынан болады. Жүректен шығатын қан көлемі азаюы:
1.гипосияға, метоболизмдік ацидозға, капиллярлар кемерлердінің өткізгіштігі жоғарылауына;
2. бұйрек ишемиясына, ренин-ангитензин жүйесі арқылы әлдостеренонның артық түзілуіне, гипернатриемияға, гипоталамуста антидиурездік гормонның түзілуі көбейуне, бүйрек өзекшелерінде судың кері сіңіріуі артуына әкеледі.
Ашығулық ісіну гипопротеинемиядан қанда онкотикалық қысым төмендеуімен, капилляр кемерлерінің трофикасы бұзылуынан өткізгіштігі жоғарылаумен байланысты.
Қабынулық және уыттық ісінулер бүліну ошағында микроциркуляцияның бұзылуынан және капиллярлар кемерлерінің өткізгіштігі жогарылауынан болады. Ол қабынулық дәнекерлердің (гистамин, серотонин, брадикинин, простагландиндер ж. б.) әсерлерінен дамиды.
Бауырлық ісіну. Бауыр аурулары кездеріндегі ісіну оның қызметі бұзылудан (қан нәруыздарының түзілуі азаюынан) гипопротеинемиямен, капиллярлар ішінде онкотикалық қысым төмендеуімен байланысты болуы мүмкін. Бауыр циррозы кезінде қан қақпа және ішек-қарын көктамырларында іркіліп қалудан, капиллярлар ішінде қан қысымы көтерілуден іш дуысында сұйық жиналып іш шемендігі дамуына әкелуі мүмкін.
Нервтік ісіну су алмасуьгның нервтік реттелуі және тамыр мен тіндердің ңоректенуі бүзылыстарынан болады.
Аллергиялық ісінулердің жолдары қабынулық жөне нервтік ісінулердің жолдарымен сәйкес болады. Бұл ісінулер кездерінде микроциркуляцияның бұзылуында және капиллярлар кемерлерінің өткізгіштігі жоғарылауында аллергаяның дәнекерлері (медиаторлары) маңызды орын алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет