78. Ұлыбританияның ХХ ғ. 90 жж.-ХХІ ғ. басындағы ішкі-сыртқы саясаты.
Англия XX басында экономикасы күшті дамыған ел болып қала берді. Дұние жүзілік есеп айырысу Англияның фунт стерлингімен жүрді. Өндірістің жаңа салалары күшейді. Шойын өндіру көлемі өсті. 1900-1913 жылдар арасында 14,5% өсті. Көмір өндіру 30% ке өсті. Дүние жүзілік жарыста АҚШ Германиядан артта қала бастады. 1910-13 жылдары Англияның үлесі дүние жүзілік өндірістегі 29, 7% тен 21% ке төмендеді, шойын өндіруден 22% ден 13% ке төмендеді. Артта қалудың себебі өндіріске капитал өте ерте салынды, оны жаңартпады. Англияның буржуазиясы шетелден. Отарладан келетін табыстарға қанағаттанды. Бұл кезде АҚШ, Германия бірден өндіріс орындарында өнімді техникалық пайдаланды. Англия сыртқа капитал шығаруда бірінші орын алды, 3,7 млрд фунт стерлиг ақша сыртқа шығарды. Соның есебінен байыды. Англияның экономикасы кейін кете бастады. Еңбек етпей өмір сүретін адамдар тобы қалыптасты. Еңбекке жарамды адамдардың 10% ті қызметшілерге айналды. Англияның қоғамы паразиттік қоғамға айнала бастады. Бұлар үкіметке беделді және ықпалды болды. Бұл жағдай елде монополиялық бірлестіктің жасалуына кедергі болды. Бірінші дүние жүзілік соғыс қарсаңында Англияда банктің 70% ті шоғырланды. Англияда банктер үлкен күшке айналды. Банктің күшеюі өндірістің шоғырлануымен қатар жүрді.
1900 жылы Англияның отарларының жалпы көлемі 33 млн шаршы км болды.Онда 390 млн. адам тұрды. Англия империясының бұл күшеюуі реакциялық ішкі және сыртқы саясатпен қатар жүрді. Англия Африканы түгелдей отарлау үшін саясат жүргізді. Добрая Надежда мүйісінде Трансваль және Оранжевая тұрғындарыбұлар бағынбады. Егерде бұларды бағындырса бұкіл Африканы отарлаған болар еді. Бұларды өзіне бағындыру кезінде Ағылшын-Бур бур соғысы болды. Бур халқы партизандық әдістермен қарсыласты. Англия 500000 әскер апарды. Бурлардың саны 50 000 еді. Ағылшындар олардың деревняларында қалған кемпір-шалдарды, балаларды концлагерьге қуып тықты. Олар жауынгерлердің бала-шағаларын аштан қатырды.
Осыны көрген тауға кеткен бурлар төмен түсті. Лагерьдің өзінде 40% тен артығы аштықтан өлді. 1902 жылы көктемде бурлар берілді.Келісім жасасты. Ағылшындар Оңтүстік Африканың қожайынына айналды. Ағылшынбур соғысы прогрессифті көзқарастағы дүние жүзі адамдарынан қатты сыналды.Англияның тарапынан болған бұл қаталдық Англияның басқа елдермен қатнасын қиындатты. Ағылшын дипломатиясы Германиямен жанжал бола қалса, Англияны ешкім қолдамайтынын білді. Англия мен Германияияның арасындағы шиеленісу күшейді. Германия имперализімі дүниені қайта бөлуді ойластырды. Ағылшын-Герман күресі саяси күреске айнала бастады. Әсіресе бұл бәсекелестік Германия мен Англия арасында теңіздегі қарулану ісінде қатты көрінді. Англия 1905 жылы ірі браноносецті суға түсірді. Осыдан бастап кемелер түсіруден жарыс басталды. Германия мен мұндай қайшылықтан кейін Англия басқа елдермен қатынасын күшейтті. Англия өзіне одақтастар іздей бастады. Англия АҚШ –тың Панама каналын салуына кедергі жасап отыр еді. Енді оған рұқсат берді. Англия және Франция арасындағфы қайшылықты реттей бастады. 1904 ж 8 сәуірде екі ел арасындағы таластарды тоқтату үшін келісім жасады. Франция мен арада Орта шығыс, Ирак жерлеріндегі қайшылықты бісеңдетті. Дипломатиялық жұмыстың нәтижесінде болашақ одақтың негізі жасалды. Англия дүние жүзінде оқшалануданқұтыла бастады.Англияның империалистері де соғысқа дайындалып жатты. Сонғы он жылдың ішінде ғана соғыстың қаржысы 3есе артты.Англия соғысқа дайындалу барысында іскери теңіз-базасын жасады. Бүкіл Англияны әскери окруктерге бөлді. Соғысқа қажеттінің барлығын дайындады. Милиторизмді, шованизмді уағыздады, соған арнап кітаптар, газеттер шығып жатты. Бұған Англиядамүмкіндік бар . Ол бай мемлекет . Ангия мен Франция арасындағы келісім халықтан жасырылды. Парламент оны халыққа білдірмей бекітті.
ХХ ғ басында жұмысшылардың жағдайы 1890- жқарағанда нашарлады. Әр бір оныншы жұмысшы 1908 жылы жұмыссыз болды. Олар кәсіп одақ мүшелері еді. Ал кәсіподаққа мүше емес одақтар адамдарарасында бұданда тіпті күшті болды. Англия дүние жүзілік біріншіліктен айырыла бастады. Англия буржуазиясы жұмысшылардың бір бөлігін “сатып”алу жағдайынан айырылды. Жұмышы қозғалысы күшейді. Англияның жұмышы қозғалысында екі бағыт болды. Ол революциялық және оппортунистік тенденция. Осы екеуінің күресі Англияда революциялық партия құруды күн тәртібіне қоя бастады. Лейбористік партия бар еді. Ол оппортунистік партияға айналып кетті. Тәуелсіз жумысшы партиясының сол қанаты және социял демократиялық партия екеуі бірігіп Британ-социялистік партиясын құрды. БСП . Бұл партия өзінің бағдарламасында социялизм үшін күрес деп көрсетті. Бұл партия жұмысшыларды социялистік рухта тәрбиелеуге біраз жұмыстар істеді. Бірақ сектанттық көзқарастағы партия болды. Буржуазиялық үкімет қарап отырмады. Олар ел ішіндегі наразылықтарды бәсеңдету үшін әрекеттер жасай бастады. 1908 жылы жұмысшыларға жұмыс күнін қысқартуға, зейнетақыны көбейтуге уәделер беріп заңдар шығарды, 70 жастан асқандарға зейнетақы тағайындалды. Бұл саясатты Лойд Джорж кедейлікке қарсы күрес ашамыз деп жариялады. Бірақ бұның бәрі азғана күнгі уәде болып қалды.
Консервативтік партия 1983, 1987, 1992 жж. парламент сайлауларында жеңіске жетіп, 16 жылдан аса уақыт мемлекет басқаруды өз қолында ұстады. Бұл Ұлыбритания үшін рекорд болды!
Бірақ М.Тэтчер тұсында жаңа мәселелер бой көтерді, солардың нәтижесінде ол консервативтік партиясының басшысы қызметінен түсті де, партия келесі сайлауда жеңіліс тапты.
1997 жылы мамырдағы парламент сайлауында барлық қарсыластарын артқа тастап, үлкен басымдылықпен Энтони Блэр бастаған лейбористік партия жеңіске жетті.
Ұлыбритания әдетте Еуропалық және дүниежүзілік саясатта ерекше орын алып келді. Ел құрлықтағы соғыстарға сирек қатысатын, бірақ дипломатиялық күрестің кездейсоқ қалтарыстарында әруақытта жетекші күш ретінде көрініс табатын сыртқы саясат саласындағы көпжылдық тәжірибе Ұлыбританияға Еуропалық «концертте» «бірінші скрипка» рөлін ойнауға мүмкіндік беріп келді.
Екінші дүниежүзілік соғыстан соң жағдай күрт өзгерді: «дүние-жүзінің тағдырына жауапкершілік» рөлі АҚШ-қа көшті де, Ұлыбритания Еуропада өгей бала күйінде қалып қойды. Оның ерекше орны мына үш жақты рөлмен анықталды: Ұлыбритания халықаралық аренда АҚШ-тың басты әріптесіне айналды, екінші жағынан, ол басты Батыс Еуропалық елдердің бірі қалпында қала берді, ең соңында, ол көлемі метрополия көлемінің 20 есе артық доминиондарды біріктіретін ұлттар достығының басшысы ретінде дүние жүзінде танымал еді. АҚШ пен арада әсіресе соғыстан кейінгі алғашқы жылдары «ерекше қатынастар» — бағыныштылық пен қаржы-қаражат саласындағы тәуелділік қатынастары орнады.
Ұлыбритания барлық батысеуропалық одақтарға мүше болды (НАТО, Батысеуропалық одақ). Ұлыбритания Францияның ГФР-мен жақындасуына сенімсіздікпен қарады. Франция болса, өз тарапынан, ағылшын-американдардың тығыз байланыстарына сенімсіздік білдіріп, Англияны АҚШ-тың «троян аты» деп есептеді.
Ұлыбритания ядролық қаруға байланысты ерекше ұстанымда болды. Британ үкіметтері, француз үкіметтері сияқты, өздерінің партиялық тегіне қарамастан, Ұлыбританияның өзінің ядролық үштігіне иелік жасау, тіпті болмағанда, Францияға тең ядролық мәртебеге ие болуға құқын қорғады.
Ұлыбритания Корея, БҰҰ мен АҚШ-тың басқа да әрекеттеріне қатысты.
Ұлыбританияның 1991 ж. Маастрихттегі батысеуропалық бірігу процестері мен ХХІ ғасыр басындағы саяси, экономикалық және валюталық одақ құру туралы құжаттарды дайындау мен қабылдауға қатысуын британ саясатының атлантикалық бағдардан (АҚШ-қа бейімделуден) Еуропалық бағытқа ойысқандығын көрсетті. Ұлыбританияның КСРО мен социалистік елдерге қатынасы бірқалыпты, ұстамды болды, әрине, кейде дипломатиялық жанжалдар да болып отырды.
Достарыңызбен бөлісу: |