82. ХХ ғ. 50-90 жж. Италияның саяси-экономикалық, әлеуметтік дамуы.
Әлеуметтiк-экономикалық даму. Италия әдеттешаруашылығы баяу қарқынмендамитын жене өнеркәсiбiнiң негiзiнашарЕуропалық елдердiң қатарынажататын. Бiрақ 50-60 ж.ж оның экономикалық дамуының қарқыныкенет күшейiп, "итальян кepeмeтi" деген термин туғызды.
"Итальянкереметін" адамдаржасады. БiритальянэкономисiненИталияның экономикалық жетiстiктерiтуралы сұрағанда, ол "рас Италиядапайдалы қазбалар жоқ, бiрақ бiз кәсiпкерлердiжасайаламыз", - депжауапберген.Елде бос және арзан жұмыс қолыжеткiлiктiедi. Еңбеккежарамдыадамдардың 40 % ауылшаруашылығындаiстейтiнмешеу Oңтycтiк өнеркәсiптi Солтүстiктi жұмыс қолдарыменжабдықтап отырды.Бiрақ басты мәселе мұндаемесeдi. Өнеркәсiптегi жұмысшылар саны болар-болмас қана өстi, Еңбек өнiмдiлiгiнiң өcyiнeжаңа технология мен озық техниканың енгiзiлуiсебепболды. Италия өнеркәсiбi дамыған елдерденпатенттер мен лицензияларды көптепсатып алды. Осылардың негiзiнде экономика құрылымдық жағынан түбегейлi өзгерicке ұшырады. Оның өрлеуiнеаяқ киiм, мата, дайынтамақ өнiмдepiн өндipeтiн, жаңа технологияны eндipгeн ұсақ және орташафирмалар үлкенулес қосты.Италияның экономикалық жүйесiнiң бiркелкi eмecтiгiipi және ұсақ бизнестердiң ерекшебiрiгуiн көрсеткенбастыаймақтық үлгiлерде көpiнicтапты.
Солтустiк-батысИталияда (негiзiнен Милан, Генуя, Турин қалаларының айналысында) озаттехнологиялы жаппай өнім шығаратын ірі өнеркәсіп шығаратын /автомобиль, химия, компьютер, т.б. өнеркәсіптер/ топтасты.Мұндағы ұсақ фирмалар ірі өнеркәсіпті толықтырып отырды. Солтүстік-Шығыс және Орталық Италияда /Тоскана, Эмилия-Романья, Венеция/ ұсақ жене орташа фирмалар кішірек калалардың танаптарына орналасып, дәстүрлi италиян өнiмдерiн (керамикалық жабындар, аяқ киiм) өндiредi.Оңтүстiк Италия (Неапольден Сицилияға дейiн), – бұл артта қалған, аймақ, әдетте ол туралы: "Бұл Оңтүстiктің проблемасы" дейдi. Мешеулiк экономикалық дамуындағы сәйкессiздiктер және жұмыспен қамтамасыз етудiң шешiлмеген проблемаларымен толықтырыла түсті.
Италия аймақтарының дамуындағы сәйкессiздiктер (дамыған, жаңарушы Солтүстiк пен тоқыраған Оңтүстiк) әлеуметтiк құрылыстың eкі жақтылығына әкелiп соқты: Солтүстiкте демократия, ол Оңтүстiкте клиентелизм мен мафия қоғамда елеулi қақтығыстар – сыбайлас жемқорлық, терроризм, қылмыс, мафияны саясатқа енгiзу сияқты жағымсыз құбылыстар туғызды.Италияның маңызды ерекшелiгi - мемлекеттік сектордың, шешуші ролі атқаруында, ол қазiргi кезде аса қуатты өнеркәсiптiк-қаржы кешенiне айналды. Оның құрылымдары партиялық-бюрократтық аппаратпен тығыз араласып кетті.
Италиядaғы 50-90-жж. партиялық-саяси күрес. Басқа жетекшi капиталистiк елдерден айырмасы Италияда соғыстан соңғы онжылдықтарда көппартиялық саяси жүйенiң сақталуы мен өкiлеттi мекемелердiң сәйкестік сайлау жүйесінің негізiнде құрылатындығы болды. Италияның одан басқа да өзгешелiктерiнiң бipi - ол 1947-1948 жж. берi қарай келе жатқан Христиандық.-демократиялық партияның рөлiнiң басымдылығы болып отыр, ол сайлауларда дауыстардың 45-50 %) алып келдi.
Центризм. ХДП пен оның жетекшiсi де Гасперидiң аталған жылдардағы саяси бағытын центризм, яғни оңшыл және солшыл куштер арасында теңдестік сақтау ретiнде сипатталынды. Мүндай бағыттың нәтижесi әлеуметтiк консерватизм мен әлеуметтiк ымыраға барушылық арасындағы ауытқу болды. Нәтижесiнде бұл жылдары қажеттi реформалар жургiзiлмедi.Солшыл центризмге бетбұрыс. 60-жж. бас кезiне қарай центризм өзiн сарықты. 1960 ж. Тамброни үкметі парламентте өкiлдерi бар оңшылдар мен неофашистердiң тараптарынан көмек iздей бастады.Бiрақ, ХДП iшiнде қоғамның демократиялық, күштерi талап еткен әлеуметтiк реформаларды iске асыру қажет деп тапқан баска топ белсендiлiк көрсете бастады. Социалистiк партияны ХДП-ның солшыл қанатымен бiрлесiп, елдi басқаруға тарту (социалистер де "кнопкалы бөлмелерге кiрудi" аңсап жүрген) жобаланды. Осы негiзде Италияда 60-жж. басында солшыл центрлiк одақ құрылып, ол реформалар бағдарламасын (электростанцияларды мемлекет қарамағына алу, экономиканы бағдарлау, аграрльқ реформа, бiлiм беру, зейнетақымен қамтамасыз ету жүйелерiн реформалау, облыстық автономия енiзу) ұсынды. Бұл саясат солшыл центризм деп аталды. Солшыл центризм саясаты, былайша қарағанда түкке турмайтын мәселеге сүрiнiп, өзiн-өзi сарықты. 1972 ж. неке ажырасу туралы заң қабылданды. Католиктiк Италия yшiн бұл аса маңызды мәселе eдi. Миллионнан аса ажырасқан отбасылар өздерiнiн мүлiктiк және басқа да маселелерiн шеше алмай қиналыс тапты. Ватиканның қолдауына байланысты ХДП құрамында бұл заңға күштi қарсылық бар болатын.Бiрақ ажырасу туралы заң солшыл центризм дағдарысының себебi емес, тек сылтауы ғана eдi. Италия өзiнiн күрделi әлеуметтiк мәселелерiн ең басты солшыл күш - коммуниcтiк партияның қатысуынсыз шеше алмас eдi. Елдегi ұдайы саяси түрақсыздық үкмет дағдарыстарынан көрiнic тапты. 1948 жылдан бастап 30 жыл iшiнде 40 үкмет кабинетi ауысты.Солшыл центризмнiц дaғдapыcы. 70-жж. Ортасында жағдай өзгердi, "солшыл центризмнiң" дағдарысы ХДП дағдарысына айналды. 1976 ж. сайлауда ХДП 36 % дayыc алса, коммуниcтiк партия 34% дayыc алды. Сөйтiп, компартияны оқшаулауға арналған саясат сәтсiздiкке ұшырады. Италияның жетекшi саясаткерлерi ушiн "оңшыл центризм" саясатының да, "солшыл центризм" саясатының да саяси турақтылыққа алып келмегендiгi айқын болды. ХДП көpнекті қайраткерi Альдо Моро "үшiншi нусқа" немесе "үшiншi кезең" (яғни оңшыл центризм мен солшыл центризмнен кейiнгi) идеясын ұсынды, бұл идея коммунистiк партияны елдi баскару iciнe қатыстыруды көздедi.1977 ж. маусымда yкiмeт саясатын белгiлеген, iшiнде коммунистiк партия бар, алты партияның келiсiмiне қол қойылды. Коммунистер, социалистер мен либералдар бiрлескен бағдарламаны iскe асырып жаткан кезде укiметтiң орнынан кетуiн талап етпеуге келiстi ("сенімсіздік көрестпеу" саясаты).1978 ж. бул әрекет ИКПмен ынтымақтастықтың басты қолдаушысы Альдо Мороны ұрлап әкетiп, өлтiрген "қызыл бригадалар" террористерiнiң кылмыстық арандатушылығының нәтижесiнде iскe асырылмай қалды. Басталған үкмет дағдарысы үкiметтің орнынан тycyi және компартияның оппозицияғаа кeтyiмeн аякталды.ХДП өзiнiн: үкімет құруға монополиясынан айырылды. 1981 ж. үкімет құру құкы республикашылдардың жетекшiсi Спадолинниге, кейiнiрек социалистiк партияның басшысы Б. Краксиге берiлдi. 1992 ж. президент Коссига орнынан түсті. Сол ж. парламент сайлауы басты саяси партиялардың, оның iшiнде ИКП, ИСП, ХДПлардың да ықпалдарының төмендегенін көрсетті."Таза қолдар" науқанының салдарлары. 1992 ж. ақпанында Италияда кең көлемде "таза қолдар" науқаны жүргiзiлiп, оның барысында билiктiң ең жоғарғы қабаттары мен басты саяси партиялардыц басшылығында сыбайласқан жемқорлықтың жаппай орын алу фактiлерi ашылды. "Таза қолдар" операциясының тергеу тiзiмiне 20 мыңнан аса адам, оның iшiнде премьер-министрлер, министрлер, парламент депутаттары, саяси партиялардың басшылары iлiндi. 1992 ж. ақпан айынан бастап eкі жыл iшiнде 2 мыңнан аса адам пара алғандықтары үшiн айып тағылып, қамауға алынды. Оларға сотқ,а шакыру қағаздары тапсырылды. Олардың iшiнде бурынғы премьер-министрлер Дж. Андреотти, Б. Кракси, парламент депутаттары мен сенаторлар болды. Билiктiң жоғарғы қабаттарының мафиямен байланысы туралы бұл алып сот процесi итальян қоғамын шайқалтып, Италияда Қарсыласу толқынында құрылғанан партиялық-саяси жүйенiң күйреуiнiң бастамасына айналды.Бiрақ "Таза қолдар" науқаны Италиядағы үш сатылы сот жүйесiнiң кағазбасылық пен созбалаушылық әpeкeттepiнiң салдарынан еш нәтижесiз аяқталды, небәрi үш айыпталушы түрмеге жабылды, ал жетекшi тергеушiлер iстен аластатылды. Дегенмен бұл жанжалдар екiншi дуниежузiлiк соғыстан кейiн қалыптасқан партиялык-саяси жуйенің күйреуiне әкелiп соқты.1994 ж. наурызында мерзiмiнен бұрын кеткен парламент сайлауы бұрынғы партиялық жүйенiң толық күйрегендiнiн көpceтті. ХДП үш саяси ағымға бөлiндi, ИСП өзiн-өзi таратты. Компартия сайлаудан бұрын Демократиялық солшыл куштер партиясы /ДСКП/ болып қайта құрылды. Сайлауда бұрын тіпті белгісіз миллионер С.Берлускони басқаратын "Италия алга!", федералист У. Босси басқаратын "Солтүстiк лигасы", неофашистер мен ұлтшыл оңшыл күштердiң бiрлестiгi "Ұлттық альянс" сияқты саяси топтар жеңiске жеттi. Бұл партиялар "Бостандық полюсы" одағына бiрiктi. Солшыл партиялар Прогресшiл күштер альянсын құрды. Үкіметті "Солтустiк лигасы" және неофашистiк "Ұлттық альянсiн" одақтасу негiзiнде С Берлускони құрды. Бұл үкмет тек 1994 ж. аяғына дейiн өмip сүрдi. 53-шi, жаңа итальян үкметін өз кабинетiн "Партияда жоқ техник-министрлерден" құрылған тәуелсiз кандидат Ламберто Диви басдарды. Бiрақ бұл үкметте саяси дағдарыс алдында шыдап тұра алмады. 1996 ж. Сәуiрде мерзiмiнен бурын өткен сайлауда "Олива" одагына бiрiккен солшыл күштерге жеңiс әкеледі. Ондағы жетекшi күшi ДСКП болды. Бұл партия дауыстардың 22% алып, бiрiншi орынға шыкты. 1998 Ж. бiрнеше тұрақсыз, партиялардан тыс кабинеттерден соң Италия президентi үкмет кұруды
ДСКП басшысы Массимо д' Алемаға тапсырды.
Достарыңызбен бөлісу: |