І-кл технологиялық дайындық


Су тасқындарының қатерінен жэне салдарынан халықты қорғау мен жасалатын іс-әрекеттер



бет117/131
Дата24.10.2023
өлшемі4,29 Mb.
#188032
түріУчебники
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   131
Байланысты:
АӘжәнеТД 10кл 1-бөлім қаз
Ôèçèêàëû? î?ó ýêñïåðèìåíò³í³? ìà?ûçû æ?íå æ?éåñ³
Су тасқындарының қатерінен жэне салдарынан халықты қорғау мен жасалатын іс-әрекеттер:

  1. Эвакуацияның басталуы туралы ескертуді алған кезде эвакуация ланушы жылдам жиналуы және өзімен бірге:

  • ақша мен бағалы заттарды;

  • медициналық дәрі-дәрмек қобдишасын;

  • маусым бойынша сырткиім мен аяқкиімді;

  • төсек жаймалары мен жуынып-шайыну қүралдарын;

  • азық-түлік өнімдерінің үш күндік корын алуы тиіс.

  1. Заттар мен азык-түліктерді шабадандарға, арқа қапшығына (рюкзак сөмкелерге) салу керек. Эвакуацияланатын адамдардың бәрі белгіленген уақытта тіркелуі және қауіпсіз ауданға жіберілуі үшін эвакуациялык пунктке тез арада келуі кажет.

Қальштасқан жағдайға байланысты халықты эвакуациялау осы мақсатта бөлінген арнаулы көлікпен немесе жаяу жүргізіледі. Эвакуа- цияның соңғы пунктіне келген кезде эвакуацияланған халықты тіркеу және рүксат етілген уакытша тұратын жерге орналастыруды үйым- дастыру жүргізіледі.


Табиғи апаттар және зілзалалар кезінде адамдардың
әрекет ету тәртібі






1 Үрейленбеңдер және үрейге бой алдырмаңдар. Айналадағы адамдарды сабыр- лылыққа шақырыңдар. Кез келген төтенше жағдайда үрейлену ауыр салдарға әкеледі. Құтқарушылардың, өрт сөндірушілердің, медициналық қызметкерлердің және басқа мамандардың іс-әрекеттерін қиындатады.
2. Мүмкіндігіншедереу «101» (құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің телефоны) теле- фонына қоңырау шалыңдар. Өз хабарламаларыңда байсалдылық. ұсгамдылықты сақтаңдар. Қысқаша және түсінікті сөйлеуге тырысыңдар. Хабарламада мыналарды айту қажет:

  • қандай оқиға болғанын;

  • оның қай жерде болғанын, орнын (мекенжайы, бағдары).

Егер сендер оқиғаны көрген болсаңдар және ешқандай қауіп жоқ болса, құтқарушылар, өрт сөндірушілер, полиция қызметкерлері келіп жеткенге дейін өз орындарыңда қалуға тырысыңдар.
3 Егер зардап шексеңдер немесе жарақат алсаңдар немесе зардап шеккен адамға жақын жерде болып қалсандар алғашқы медициналық көмек көрсетіңдер. Өз уақытында көрсетілген алғашқы медициналық көмек ауыр салдарды болдырмауға немесе төмендетуге мүмкіндік береді.
4. Радио, теледидарды қосып, көшедегі микрофон арқылы берілетін ақпаратты тыңдаңдар. Хабарламада қандай жағдай орын алғаны туралы, негізгі ұсынымдар мен мінез-құлық ережелері жеткізіледі.


178


‘Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217




Все учебники Казахстана на ОКЬЬУК.К^


Адамдардың табиғи апат салдарын жоюға, сондай-ақ қүтқару
жүмыстарын жүргізуге қатысулары



Табиғи зілзаланың салдарын жою мен құтқару жұмыстарын жүргізуге азаматтық қорғау қүралымдарынан бөлек, еңбекке қабілетті халық та тартылуы мүмкін.
Халык зардап шеккендерді іздестіру мен қүтқаруға, көшелерді үйінділерден тазартуға, көлік қүралдарын қазып алуға, материалдық құндылықтарды құтқару мен басқа да жүмыстарға тартылуы мүмкін.
Су тасқындарына үшыраған аудандарда халык ауылшаруашылық жануарларын қауіпсіз жерге шығаруға жергілікті колда бар жүзу қүралдарын дайындауға, адамдарды іздестіру мен қүтқару жұмыстарына, бүлінген қүрылыстарды жөндеуге немесе қалпына келтіруге белсене катысуы тиіс.
Үлкен аудандарда дала және орман өрттері өршіген кезде жергілікті халық тартылады. Бұл жағдайда орман өртін сөндірудің ең қарапайым тәсілдері - өрт жиегін сабалау және топырақ лақтыру қолданылуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет