оқушылармен қарым-қатынасты психологиялық тұрғыда сауатты орната білуі;
дарынды оқушыны оқытудың нәтижесін нақты бағалай білуі;
дарынды оқушының ғылыми-ізденіс жұмыстарына жетекшілік жасай білуі;
дарынды оқушыны олимпиадалар мен сайыстарға дайындауда жетістікке жете алатында деңгейде дайындай алуы;
дарынды оқушының ата-анасына педагогикалық психологиялық көмек көрсете білуі.
Дарынды балаларды анықтау:
баланың қызығушылығы мен бейімділігіне барынша сәйкес келетін қызмет аясында баланың іс-әрекетіне талдау жүргізу;
дамытушылық жағынан ықпал ете отырып баланың психологиялық кедергілерін жоюға мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану;
баланың дарындылық белгісін оның психологиялық дамуының нақты деңгейіне ғана емес, сондай-ақ оның болашақтағы даму мүмкіндігін де есепке ала отырып бағалау;
жұмыс нәтижесін талдау, бақылау, әңгімелеу, мұғалімдер мен ата-ананың сипаттамалық бағалары;
түрлі ақпарат алу көздерін пайдаланып бала қабілетін кең көлемде қамтуға мүмкіндік беретін баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетін жан-жақты бағалаудың кешенді сипаты.