I тарау. Ежелгі қазақстан § Қазақстан тас дәуірінде


§ 27.Ноғай ордасы (ХІV-ХVІ ғасырлар)



бет33/99
Дата14.10.2022
өлшемі215,97 Kb.
#153095
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   99
Байланысты:
ТОпиик (копия), Шамаран Дана 318 А ., физика, жас маманнын педагогиалык идеясы
§ 27.Ноғай ордасы (ХІV-ХVІ ғасырлар)

Алтын Орданың ыдырауы, Ақ Орданың әлсіреуі барысында Қазақстанның Солтүстік батысында Ноғай ордасы деп аталатын дербес мемлекет пайда болды. Ноғай ордасының жартылай тәуелсіз ел болып оқшаулануы Алтын Орданы басқарған Едігеден (1396-1411 жж.) басталды. Едіге Ноғай ордасының негізін қалаған. Ноғай ордасында Едіге 15 жылдай уақыт билік құрды. Тарихи деректерде Ноғай ордасы «маңғыт жұрты» деп аталады. Бұл мемлекет Едігенің ұлы Нұраддиннің тұсында (1426-1440 жж.) біржола бөлінді. «Ноғай», «ноғайлар», «Ноғай-Ордасы» терминдері әдебиетте бірінші рет ХVІ ғасырда пайда болды. Ноғай ордасында маңғыт тайпасының өкілдері билік етті. Ноғай ордасының негізгі орналасқан жері Еділ мен Жайық өзендерінің аралығы, Астанасы-Сарайшық қаласы.


Жошы ханның немересі Ноғай Алтын Орда әскері қолбасшыларының бірі болған. Ол Кавказ, Польша, Венгрия, Балкан және Парсы елдеріне әскери жорықтар жасады. 1273 жылы ол Византия императорының қызына үйленді. 1306 жылы Доннан Дунайға дейінгі ұлан-ғайыр өлкені билеген Ноғай Тоқтамыстың қолынан қаза тапты. Ноғайдың қарамағындағы Каспий маңының халықтары Ноғай елі деп атанып кетті. Осылайша ХІV ғасырда Еділ бойында Ноғай ордасы атты жаңа мемлекет пайда болды. Ноғай ордасының дербес мемлекет болуына Едіге көп ықпал еткен. 1426-1440 жылдары Едігенің баласы Нұраддин билік құрған тұста Ноғай ордасы күшейді. Ноғай ордасы феодалдық мемлекет болды. ХVІ ғасырда Ноғай ордасы орыс мемлекетімен біртіндеп сауда-экономикалық және саяси байланыстарын нығайта түсті. Қазан және Астрахань хандықтарын Ресей жаулап алғаннан кейін, Ноғай ордасы бірнеше дербес иеліктерге бөлініп кетті.
Ноғай ордасы құрамындағы қоңырат, қаңлы, арғын, тама, қыпшақ сияқты тайпалардың бір бөлігі қазақтардың кіші жүзіне кірді. Ал қалғандары Орыс князьдығына, Қырым хандығына қарады. Ш.Уәлиханов Ноғай ордасы мен қазақ хандығы халықтарының өзара туыстығы туралы айтқан. Осы мәлімет қазақ ханы Жәнібек кезінде ноғайлар мен қазақтардың, яғни екі туысқан орданың арасында тату қарым-қатынас болғанын байқатады. Осындай қатынастар кейін де жалғасты. Мысалы ХVІ ғасырдың орта шенінде Хақназар ханды тұстастары «қазақ пен ноғай ханы» деп атағанын шежірешілер жазып қалдырған. Бірақ олардың татулығы әр кез сақталды деуге болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет