Подкастты қалай құруға болады? Мектеп подкасты мектептің web-сайтына орналастырылатын бір оқиғадан бастап,
келушілер RSS таспасы арқылы жазыла алатын музыкасы мен сұхбаты бар апта сайынғы
радиоқойылымға дейін өзгере алады. Сіздің подкасттыңыз қандай болатыны тек өзіңізге ғана
байланысты.
Подкаст құру үшін Сізге жазатын құрылғы (ішкі және сыртқы микрофон) мен Audacity
бағдарламалық жасақтамасы (http://audacity.sourceforge.net/) бар компьютер қажет. Бұл
бағдарламалық жасақтама тегін жүргізіледі және Сізге жазба жасап, содан кейін оны mp3
файл ретінде экспорттауға мүмкіндік береді. Кейінірек Сіз оны мектептің web-сайтына жүктей
аласыз.
Сондай-ақ төмендегілерді пайдалана отырып, өзіңіздің подкастыңызды әзірлей аласыз:
• Жазбаны ғимарат ішінде емес, mp3 плеерінің жазба құрылғысын пайдалануға мүмкіндігі
бар нақты бір жерде, мектептің жанында немесе ұжыммен серуенге шыққанда жазып
Подкастшыларға арналған плей-парақтарының күйін келтіруге және подкасттардан
тікелей mp3-ке жазуға мүмкіндік беретін күрделі бағдарламалық жасақтама Mixcast
Live (PC) пайдаланыңыз. Сонымен қатар өзіңіздің мектеп подкасттарыңыз үшін iTunes
және Nicecast комбинациясын пайдалануыңызға болады.