Оқушылардыwiki-ді пайдалануға тарту Бұл оқушылар тобы үшін сабақта wiki-ді пайдалану жаңалық болды. Біз алдыңғы сабақта
«Википедия» деген не екенін түсінуге бірнеше минут қана бөлдік, бірақ тақырып толық ашылған жоқ.
Оқушыларды жұмысқа тартып, әрекеттерге қатыстыру үшін, олардың біреудің жұмысын өзгертуге
және оны өзінің түсінігімен ауыстыруға жеткілікті деңгейде сенімді болғаны керек. Сабақтың
басында пайда болатын проблемалардың алдын алу үшін, мен өзімнің wiki беттеріме белгісіз бір
дереккөз араласып кеткендей етіп көрсеттім де, тақырыпты қайта қарау кезінде оларды түзетуге
сынып оқушыларынан көмек сұрадым.
Менің беттерімді өзгертуде және үй жұмысы ретінде берілген бір-бірінің wiki беттерін
редакциялау тапсырмасы кезінде де оқушыларда қиындық тудыратындай ешқандай мәселе болған
жоқ, бұл «өзін-өзі жетілдіру» ретінде қаралды.
Жұмыстың бұл түрін пайдалануға үйренген сынып, кейін бір-бірінің жұмысын емін-еркін түзете
және жақсарта алу мүмкіндігіне ие болды. Менің ойымша бұл олардың wiki-ді дұрыс пайдалануын
дамытуға көмектесті.