Подкастқа не қосуға болады? • Мектеп жаңалықтары – балалар мен ата-аналарға мектепте не болып жатқаны туралы
хабарлаудың тамаша тәсілі.
• Балалар жұмыстары – балалар өз жұмысын басқа біреулермен бөліскенді жақсы
көреді. Олардан өз бастарынан кешкен оқиғалары жайлы жазуды немесе мектепте
жасап көрген іс-әрекеттері туралы есеп жазуын сұраңыз.
• Мектеп өлеңдері .
• Сұхбат – мектеп ұжымымен, балалармен, қоғамдастық мүшелерімен және мектепке
келушілермен.
• Музыка – авторлық құқықтың бұзылатынына байланысты подкасттарда коммерциялық
музыканы пайдаланбағандарыңыз жөн. Авторлардың ресми келісімін алған жағдайда
ғана подкасттарда автор музыкасын пайдалануға рұқсат беріледі.