Жады Қысқа мерзімді жады (жұмыс жадысы) Аткинсон мен Шифрин (1968) қысқа мерзімді есте сақтау адамның жадында негізгі
орын алатынын анықтады. Баддели мен Хитчтің (1974) кейінгі жұмыстарында ол
Жұмыс жадысы деп аталды. Бұл термин статикалық сақтау емес, динамикалық үдерістер жиынтығын
әлдеқайда нақты сипаттайтындықтан, қазір кеңінен қолданылуда. Біз жұмыс жадысы арқылы
санамызға ақпарат енгіземіз, сондықтан біз онымен жұмыс істей аламыз. Жұмыс жадысының
өзіндік ерекшеліктерінің балалар жадысының даму жолдарын анықтайтын көптеген танымдық
міндеттерді орындау қабілеті үшін маңызы зор.