Қысқа мерзімді жұмыс жадысы және ұзақ мерзімді жады Соңғы кездері жүргізілген нейроғылыми зерттеулер біздің қысқа мерзімді «
жұмыс »
жадысымен қатар ұзақ мерзімді жады иесі екенімізді растады. «Жұмыс» жадысы ұзақ мерзімді
жадыдағы ақпаратпен «
жұмыс істеуге » мүмкіндік ашады. Басқаша айтқанда – ақпаратты
белсенді ұйымдастыру, өзара байланыс орнату немесе оны белгілі бір мақсат үшін, айталық,
есепті шығару, проблемаларды шешу, тілдесу мақсатында қолдану үшін дайындау немесе
іштей ойлану арқылы ұзақ мерзімді жады мүмкіндіктерін өрістету.
Ұзақ мерзімді жады қажет
кезеңінде алып пайдалану үшін ұзақ мерзімді сақтауға жіберілген ақпарат ретінде сипатталады.
Жұмыс жадысы серпінділікке бейім және ұзақ мерзімге созылмайды (бірнеше секундтан
бірнеше минутқа дейін ғана). Ұзақ мерзімді жады анағұрлым тұрақты және өмір бойы сақталуы
мүмкін. Мысалы, біреу Сізден дарынды оқушылар тобын оқыту үшін таптырмас үміткер бола
алатын студентті ұсынуды өтінді делік. Сіз студенттеріңіз жөніндегі негізгі ақпараттар қоры
сақталғанына шек келтірместен, ұзаққа сақталған жадыдағы ақпаратқа сәйкес визуалды және
семантикалық (вербалды) ақпарат көздерін сұрыптай отырып, талапқа сай студенттер туралы
ақпаратты жұмыс жадыңызға тасымалдап, қарастыра бастайсыз. Тікелей немесе жанама
түрде Сіз дарынды оқушыларды бағалауға арналған белгілі бір өлшемдерді саралап, Сіздің
ойыңызша осы талап үдесінен шығатын адамдар тізімін жасай бастайсыз. Ұзақ мерзімді
жадыны бағалау, ақпаратты тасымалдау және мақсатқа жету үшін оны рефлексиялық өңдеу
үдерісі жұмыс жадысында жүзеге асады.