Икт крит руководство для учителя 1 каз indd



Pdf көрінісі
бет16/358
Дата11.05.2022
өлшемі7,84 Mb.
#142594
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   358
Пиаже теориясына жүгіну
1960 жылдары когнитивті психология әлемінде ойлауды дамыту теориясы тұрғысынан Жан 
Пиаженің ғылыми идеялары басымдыққа ие болды. Сол кезең үшін бақылау мен эксперимент 
жүргізудің тиімді әдістерін жасаған Пиаже мүлдем өзгермейтін және әмбебап кезеңдерде 
жүзеге асырылатын жалпы танымдық операциялардың кешенді даму көрінісін нанымды 
дәлелдеп шықты.
Пиаже кеңістік, уақыт және сандық аспектілерді қамтитын дамудың жалпы кезеңдерін 
анықтады. Алайда, қырық жылдан кейін қазіргі заман психологтары әрбір аспектіге 
өзіндік 
ережелер мен жүзеге асыру операциялары тән екенін анықтап, 
жалпы 
сатылар мен құрылымдар 
болатынына күмән тудырды.
Пиаже зияткерлікті барлық жеке тұлғаларда бірдей дамитын бірыңғай жалпы қабілет 
деп есептеген. Қырық жылдан кейін ғалымдар адамдар ерекше түрде жұмыс істейтін және 
өзара қарым-қатынаста бола алатын көптеген салыстырмалы түрде тәуелсіз «зияткерлік 
қабілеттерге» ие деген пікірге келді.
Пиажені жеке айырмашылықтар қызықтырмаған, ол «
эпистемиялық субъектіні
» 
зерттеген. Бұл саладағы көптеген соңғы зерттеулер жеке ерекшеліктерге шоғырланған, мұның 
өзінде айрықша таланттар мен кемшіліктер, қабілеттердің өзіндік құрылымына және шектеулі 
мүмкіндіктердің өзіне тән айырмашылықтарына аса мән берілген.
Пиаже жаңа туған нәрестелердің «ана сүтімен қоректену», айналадағыны аңдау сияқты 
шектеулі биологиялық қабілеттермен бірге, оқудың – 
ассимиляция 
және 
бейімделу деп атаған 
басты екі үдерістеріне ие екені туралы да болжаған. Қазіргі психологтар адам біраз туа біткен 
қасиеттерге немесе жеңіл түрде айқындалатын танымдық қабілеттерге ие және Пиаже осы туа 
біткен танымдық құрылымның маңыздылығын жете бағаламаған деген қорытындыға келіп отыр.
Пиаже танымдық дамуды өсіп келе жатқан баланың физикалық немесе азын-аулақ 
дәрежеде әлеуметтік дүниемен өз бетінше эксперимент жасауы деп қабылдап, тарихи және 
мәдени факторлардың маңыздылығын ескермеген. Қазіргі теорияларға сүйенсек, даму ерте 
кезеңдерден-ақ басталады, бұл жағдайда әлеуметтік ортаның дамуға әсері елеулі болмақ.
Сонымен бірге Пиаже біртұтас танымдық тетіктердің, моториканың көріністері ретінде тіл 
және басқа да графикалық, музыкалық бейнелер сияқты таңбалардың жүйесін қарастырған. 
Гарднердің зияттың қырлары туралы соңғы уақыттағы зерттеулері әр жүйенің өзіне тән шығу 
тегі болатындығын және олардың мәдени, уақыттық мәнмәтіндер жүйесінде қолданылуы 
елеулі ықпал ететінін болжайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   358




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет