Икт крит руководство для учителя 1 каз indd


Қорытындысында, соңғы жылдардағы зерттеулерде оқу адамның білім алудағы



Pdf көрінісі
бет15/358
Дата11.05.2022
өлшемі7,84 Mb.
#142594
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   358
Қорытындысында, соңғы жылдардағы зерттеулерде оқу адамның білім алудағы 
нақты мүмкіндіктерін пайдалану сипатын қалыптастыратын жиынтық, яғни бастан 
кешкен тәжірибе, әлеуметтік қарым-қатынастар, құндылықтар, амал-тәсілдер мен 
ұстанымдарының кешенді үйлесімі ретінде анықталған.
Адамдардың қалай оқитынын түсіну: «теориялық экспедициялар»
Оқу үдерісі туралы біздің жалпы түсінігімізге қарамастан, біз қалай білім алатынымызды 
толық түсінеміз деп айта алмаймыз. Бірақ психология саласындағы арнайы әдебиетте осы 
нысанды зерттеушілердің негізгі үш тобы анықталған: әлеуметтік психологтар, ынталандырушы, 
аффекттік теоретиктер және когнитивті психологтар.
 
Осы зерттеуші топтарды бейнелеу үшін 
«
тауға көтерілу
» аналогиясын пайдалана отырып, бұларға жақын арада мидың оқуды қалай 
бақылайтынын түсіну мақсатында инвазивті емес әдістерді қолданатын нейроғылым өкілдері 
тобы қосылған деген болжам жасауға болады 
(2-сурет). 
Біз ғылыми қордың мұраларын 
қарастырып, әрбір экспедиция ұсынған, оқыту тәжірибесінде пайдалы бола алатын заманауи 
идеялармен танысамыз.
2-сурет.
 Адамдардың қалай оқитынын түсінуге бағытталған психологиялық 
«экспедициялардың» негізгі бағыттары


| 12 |
Бұл «теориялық экспедицияның» өн бойында ең ұзақ болған топ – 
когнитивті теоретиктер.
Бұл теорияның өкілдері – когнитивті психологтер белгілі бір материалды қабылдауға қатысты 
адамдардың санасында болып жатқан үдеріс мәселелерін зерттейді. Танымдық үдерістерді 
(есте сақтау, қабылдау), зиятты және даму кезеңдерін анықтауға арналған қазіргі заманғы және 
ертеде жарияланған зерттеу әдебиеттері жеткілікті. Қазіргі заманғы неврологиялық әдістерді 
пайдалануға және жеке тұлғаның жалпы оқуына қатысты мәселелерге баса назар аударыла 
бастауына байланысты, осы теориялардың кейбіреулерінің дамып, өрістеуіне жол ашылды. 
Осы тарауда танымдық теориядағы өзгерістер есте сақтау және зияткерлікке қатысты соңғы 
зерттеулер тұрғысынан қаралған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   358




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет