Икт крит руководство для учителя 1 каз indd



Pdf көрінісі
бет18/358
Дата11.05.2022
өлшемі7,84 Mb.
#142594
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   358
Табиғат немесе тәрбие
«Табиғат тәрбиеге қарсы» 
деген тезис физикалық немесе мінез-құлық сипаттамаларының 
жеке ерекшеліктерін белгілеуде немесе анықтауда «тәрбие» деп белгіленетін жеке тәжірибеге 
қатысты жеке тұлғаның туа біткен қасиеттерінің, яғни «табиғаттың» маңыздылығы туралы 
мәселеге қатысты бой көтеріп отыр.
Тарихи тұрғыдан «тәрбие» ұғымы ата-аналардың балаларына қамқорлық көрсетуі ретінде 
белгіленгеніне, әрі мұнда анаға ерекше рөл берілетіне қарамастан, қазіргі заманғы 
«табиғат 
тәрбиеге қарсы» 
дауында кейбір зерттеушілер бұл терминді қоршаған орта факторы ретінде 
(генетикалық емес) қарастырады. Осылайша, құрсақтағы және туылғаннан кейінгі, ата-
аналар, туған-туысқандар және құрбы-құрдастардың тәжірибесі, сондай-ақ бұқаралық ақпарат 
құралдары, нарықтық жағдай және әлеуметтік-экономикалық мәртебе сияқты себептердің 
дамуға ықпалын негізге ала отырып, «тәрбие» ұғымы қайта қарастырылды.
Табиғат пен тәрбие арасындағы дау – бүгінгі замандағы ең өткір ғылыми пікірталастардың 
бірі болып отыр. Соған қарамастан осы таласқа тартылған барлық топтар адамның жеке 
тұлғаның генетикалық ортасы мен оның тікелей әлеуметтік және физикалық қоршаған ортасы 
арасындағы өзара қарым-қатынас өнімі болып табылатындығын мойындайды. Жүргізіліп 
жатқан соңғы зерттеулерге сәйкес, ген адамның мінез-құлқына әсер етеді, ал адамның 
мінез-құлқы генге әсерін тигізетіні анықталған. Ридли (2004) ген біздің мінез-құлқымызды 
бақыламайды, алайда біздің тәжірибеміздің әсерінен өзгеріп отырады деп пайымдайды. Ол 
инстинкт білім алуға қарама-қарсы қоюға болатын құбылыс емес және де генетикалық әсерге 
қарағанда, қоршаған ортаның ықпалын қайтару ауыр екенін айтқан.
Өзінің «Тәрбие болжамдары» (
The Nurture Assumption
) деген кітабында Джудит Харрис 


| 14 |
әдетте «отбасылық тәрбие» деп түсінілетін «тәрбие» ұғымы бұл сөздің өз мағынасын толық 
бермейтіндігін айтады, себебі Америка Құрама Штаттарының тұрғындары өздерінің әлеуметтік 
және басқа да жағдайларына қарай оны әрқалай түсінеді. Керісінше, Харрис отбасы әсеріне 
қарағанда, отбасы тәрбиесіне қатысы жоқ құрбы-құрдастар тобы немесе қоршаған ортаның 
кездейсоқ факторларының ықпалы күштірек екенін тілге тиек етеді. Осылайша, отбасының 
тәрбиесі қалыс қалған кезде мектеп тәжірибесі жастардың «тәрбиесінен» елеулі орын алуы 
мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   358




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет