Сапалы және табысты оқыту жайында қорытынды қалыптастыру Оқытудың сапасын екі тәсіл арқылы анықтауға болады.
Біріншісі, бағалау оқу қызметінің нәтижесіне байланысты болмай, мұғалімнің іс-әрекетінің
тәжірибе талаптарына сәйкестігін, яғни – мұғалім жұмысының тиімділігін, оқушылармен
өзара байланысының сипаты мен жиілігін анықтау мақсатында жүргізіледі. Бұл жағдайда
баға мұғалім жұмыс істейтін оқушыларға байланысты қарастырылып, оқыту үдерісіне тәуелді
болмайды.
Оқыту сапасын бағалаудағы
екінші тәсіл жай ғана кәсіби міндеттерді жауапкершілікпен
орындағаннан гөрі, көбірек күш
- жігерді талап ететін сапалы әрі табысты оқытуға ерекше
көңіл бөледі. Табысты оқыту білім беру үдерісіне тәуелді болғандықтан, оқытудың шын
мәнінде жүзеге асырылуы мен құзіреттілік, шеберліктің деңгейі қаншалықты екенін де саралай
білу қажет. Сонымен қатар оқушылардың жай
- күйі мен әлеуметтік ортасының сипатын,
мүмкіндіктерінің дәрежесі мен қолжетімділік деңгейін білу қажет. Осыған байланысты сынып
туралы мәнмәтіндік мәлімет қажет болады.