Жүрек
Кәсіби
-
өнегелілік тұтастық
Мұғалімдер ұстаз мамандығының этикалық және моральдық
құндылықтарын ұстанады. Демек, олар шыншыл, батыл,
төзімді, оқушыларға аяушылық, мейірім және құрмет көрсете
білетін әділ адамдар.
Мұғалімдер – өз мамандығын сүйетін, балаға білім беру құнды
қызмет екенін түсініп, осыған қатысты нақты ұстанымдары
қалыптасқан жандар, олардың бұл ұстанымдарын осы
мамандықтың басқа иелері де бөліседі.
Табысты оқыту білім алуға мүмкіндік беретін нақты жағдайларды жасаумен қатар,
сол жағдайлардың өзімен тығыз байланысты. Табысты мұғалім оқушыларға, ортаға және
ресурстарға лайықтап нақты кезеңде қолданылуы тиімді оқыту элементтерін «реттеп»
отырады. Расында, оқытудың сапалы және табысты болуы белгілі бір деңгейде мұғалімнің
қалыптасып отырған жағдайларға бейімделе алуына да тығыз байланысты.
Табысты оқыту – мұғалім бейнесімен танылатын сан алуан элементтер арасындағы
байланыс болып табылады, ол өзі белгілі бір деңгейде тәуелді жағдайлар жасалынған кезде
жүзеге асырылады.
Табысты оқыту оқушылардың, қоршаған орта жағдайы және оқыту,
білім алу мүмкіндіктерінің бірлігі
ретінде қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |