Ылым министрлігі



бет53/62
Дата14.12.2021
өлшемі6,15 Mb.
#126934
түріСабақ
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   62
Байланысты:
сурет план

Сергіту сәтін орындайды

Жыл мезгілдеріне байланысты мақал- мәтел айтады

Жұптық жұмыс

Жоғары дәрежелі сұрақтар дайындауға бағытталады.

не

кім


қашан

қайда


неге

қалай


Егер ... болса, не болады?

Бармақ арқылы бағалау



Жеке жұмысты орындайды

Қыс мезгілін суреттеу.


 А) Өлең шумағы 
ә) мақал-мәтел 
б) жұмбақ. 
В) сурет салу. 

Қорытындылау




«Айрықша тапсырма»

Бекітемін:

Пәні: Сурет

Сабақ: №32 Уақыты:

Сабақтың тақырыбы: Пейзаж. Айлы түн. (қағаз, тушь, қаламұш).

ІІ. Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: пейзаж түрлерімен таныстыру; кескіндемелік дағдылар мен біліктерін қалыптастыру.

ә) дамытушылық: назар аудару және бақылағыштықты дамыту; табиғатқа деген сүйіспеншілік және қоршаған ортаға эстетикалық қарым-қатынас қалыптастыру.

б) тәрбиелік: табиғатты аялауға және қорғауға баулу; табиғат сұлулығын сезінуге, көре білуге үйрету.

ІІІ. Сабақ типі: жаңа оқу материалын меңгерту.

IV. Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.

V. Сабақ көрнекілігі: Слайдтар: табиғат көрінісі суреттерінің көшірмесі, фотосуреттер, «Сызықтық және кеңістіктік перспектива» кестесі, бейнелеу өнері пәніне арналған электронды оқулық (авторы Д. Ж. Бердібеков).

VI. Сабақтың кезеңдері:

1. Ұйымдастыру сәті.

2. Электронды оқулықпен жұмыс.

3. Жаңа сабақты түсіндіру.

4. Оқушылардың өзіндік жұмысы.

5. Сабақты қорытындылау.

VII. Сабақ барысы:

Сабақтың тақырыбын баяндау.

Пейзаж дегеніміз не?

Бейнелеу өнері пәніне арналған электронды оқулықпен жұмыс.

Электронды оқулықтан «пейзаж» ұғымының анықтамасын тауып, түсіндіру.

Пейзаж - француз сөзі, бұл ландшафты, табиғатты бейнелеу. Пейзаж дербес жанр ретінде Қытайда, Жапонияда және басқа шығыс елдерінде, сондай-ақ Еуропада дамыған. Пейзаж өнері әр алуан. Кейбір пейзаждар табиғаттың өмірде бар нақты көрінісін бейнелесе, енді біреулері суретшінің қиялынан туады. Ондай шығармалардың бәрінде де суретшілер табиғаттың мінез-құлқын айнытпай беруге тырысады.

XVIІ ғасырдан бастап суретшілер бірыңғай табиғат көрінісін бейнелейтін картиналар жазуды бастады. Әсіресе XІX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында орыс суретшілері пейзаж жанрында көркем шығармалар орындауда зор табысқа жетті. Ф. Васильевтің "Жаңбыр алдында", К. Юонның "Қыс соңы", С. Герасимовтың "Жаз өтті", К. Коровиннің "Көктем", И. Айвазовскийдің "Тоғызыншы балл", т.б. көркем шығармаларында табиғат көрінісінің алуан ерекшеліктері шынайы бейнеленген.

Қазақстан суретшілері Ә. Қастеев, Г. Ысмайылов, С. Мәмбеев, О. Таңсықбаев, Ү. Әжиев, т.б. пейзаж жанрында көптеген шығармалар ұсынды. А. Черкасскийдің "Көктем", Ә. Қастеевтің "Шалкөде жайлауы", Ү. Әжиевтің "Асы жайлауы", Ә. Ысмайыловтың "Хантәңірі", Ж. Шарденовтың "Қыс", т. б. көркем шығармалары Қазақстанның сұлу табиғатының көрінісін паш етті.

Табиғат көрінісі бейнеленген суретші шығармаларын көрсету.

Ә. Қастеев “Менің Отаным” 1959 ж.

Ә. Қастеев “Биік таудағы мұз айдыны” 1955 ж.

Пейзаж – табиғат көрінісін бейнелеу деген ұғым. Табиғаттың алуан түрлі болуы бейнелеу өнерінде пейзаждық жанрдың көптеген түрінің қалыптасуына ықпал етті.

Пейзаж түрлері:

Ауыл пейзажы

Саябақ пейзажы

Қала пейзажы

Теңіз пейзажы

Сәулет пейзажы

Индустриялық пейзаж

Ауыл пейзажы (Ү. Әжиевтің «Асы жайлауы» картинасы) ауыл өмірін, оның айналасындағы табиғатпен шынайы байланысын бейнелейді.

Саябақ пейзажында (В. Батуриннің «Ясная Полянадағы гүлдер» картинасы) адамдар демалу үшін арнайы жасалған табиғат аясы беріледі. Мұндағы табиғат бірде геометриялық тәртіпке қатаң бағындырылған, бірде табиғи пішіндер сәндік мүсіндер сәулеті әсем үйлесім тауып, еркін орналасқандай болып көрінеді.

Қала пейзажында (О. Нұржұмаевтың «Түнгі субұрқақ» картинасы) адамзат қолымен салынған биік ғимараттар, көшелер, даңғылдар, алаңдар, жағалаулар және басқа да көрікті жерлер бейнеленеді.

Теңіз пейзажы - марина (И. Айвазовскийдің «Теңіздегі түнгі дауыл» картинасы) бірде тыныш, бірде буырқанған теңіздің ғажап сұлулығын, көбік шашқан асау толқындарды немесе теңіз дауылын бейнелейді.

Сәулет пейзажы (А. Остроумова-Лебедеваның «Крюков арнасы» картинасы) қалалық пейзажға ұқсас келеді. Олардың арасындағы айырмашылық – сәулет пейзажында суретші сәулет ескерткіштерін табиғат аясында бейнелейді.

Индустриялық пейзажда (К. Моненің «Сен-Лазар вокзалы» картинасы) суретші зауыттар мен фабрикаларды, бөгеттер мен электр бекеттерін, вокзалдар мен көпірлердің айшықты құрылымдарын, теміржол тораптарын салған жасампаз адамның рөлі мен маңызын көрсетуге тырысады.

VIII. Өзіндік жұмыс.

Тапсырма: Елестету немесе қиялдау арқылы өз ойыңдағы көріністің суретін сал. Табиғаттың буырқанған, қозғалыстағы кейпін немесе тыныш, бірқалыпты күйін беруге тырыс.

IX. Қорытынды сұрақтар:

• Пейзаж дегеніміз не?

• “Пейзаж” сөзінің мағынасы қандай?

• Пейзаж түрлерін атаңдаршы.

• Қандай суретші шығармаларын білесіңдер?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет