Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату


§6. Жағдайдың өзгеруiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату



бет5/14
Дата17.12.2021
өлшемі1,47 Mb.
#102296
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
ҚҚ 13

§6. Жағдайдың өзгеруiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату

1. Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамды, егер iстi сот қараған кезде жағдайдың өзгеруi салдарынан ол жасаған әрекет қоғамға қауiптi емес деп танылса, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкiн.

2. Қылмыстық терiс қылықты алғаш рет жасаған не онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмысты алғаш рет жасаған адам, егер осы адамның содан кейiнгi мiнсiз мiнез-құлқына байланысты iс сотта қаралған уақытта оның қоғамға қауiптi деп есептелмейтiнi анықталса, соттың қылмыстық жауаптылықтан босатуына жатады (70-баптың 2-бөлiгi).

Қылмыстық кодекстiң 70-бабына сәйкес, жағдайдың өзгеруiне байланысты (70-баптың 1-бөлiгi) және қылмыстық құқық бұзушылық iстеген адамның со-дан кейiнгi мiнез-құлқының мүлтiксiз болуына байланысты (70-баптың 2-бөлiгi) iстелген iс-әрекет қоғамға қауiптi емес деп танылады. Жағдайдың өзгеруiне байланысты өмiрде болатын объективтi елеулi өзгерiстердiң болуынан бұрынғы iстелген iс-әрекеттердiң қоғамға қауiптiлiгi жойылады. Немесе ондай iс-әрекеттер жаңа қоғамдық қатынастарға байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық немесе тәртiптiк терiс қылық болып қалуы мүмкiн. Мысалы, соғыс жағдайынан бейбiт жағдайға өтуге байланысты көптеген қылмыс құрамдары қоғамға қауiптiлiк мәнiн жояды. Осындай iс-әрекеттер iстi сотта қараған кезде жағдайдың өзгеруiне байланысты қоғамға қауiптiлiк сипатын жояды, осыған байланысты сот қылмыс белгiлерi бар әрекеттi алғаш рет жасаған адамды қылмыстық жауаптылықтан бо-сатуы мүмкiн. Осы баптың екiншi бөлiгiнде бiрiншi рет онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған адам, қылмыс жасағаннан кейiн, өзiнiң өнегелi мiнез-құлқымен көзге түссе, онда сот iстi қараған кезде мұндай адам қоғамға қауiптi емес деп тауып, оны қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкiн. Мысалы, онша ауыр емес немесе орташа ауырлықтағы қылмыс iстеген адам, iстi сотта қарағанда басқа бiр қылмысты топты әшкерелеп ерлiк жасаса немесе еңбекте зор табысқа жетсе, онда сот мұндай адамды қоғамға қауiптi емес деп танып, оны қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкiн.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет