Информатиканы оқу пәні ретінде сипаттаңыз


Орта мектепте информатиканы оқытудың мақсаттары



бет2/4
Дата26.10.2023
өлшемі21,9 Kb.
#188380
1   2   3   4
Байланысты:
айти рубеж
999
Орта мектепте информатиканы оқытудың мақсаттары

  • мектеп информатикасының мақсаттарын меңгеру және тусіну

  • жалпы оқушы білімінде информатика курсының мағынасы және орны

  • курс мазмұнын меңгеру(информатика және есептеуіш техника негіздері,базалық курсының білімін қалыптастыру,информатика курсы бағдарламалармен оқулықтарды салыстыру)

  • материал мазмұнын өңдеуде түсіну принциптері және оны қолдану

  • курстың оқу құралдарын меңгеру классикалық және оқытудың жаңа әдістерін меңгеру

  • сабақ түрлерін әртурлі етіп ұйымдастыруды меңгеру

  • информатиканың басқа пәндермен байланысын ашу ,көру және түсіну

  • информатиканы оқыту процесін талдауды уйрену оның программалық және техникалық жабдығын қолдану

  • оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру,бекіту және оята білу.

  1. Педагогикалық білім жүйесіндегі информатика курсын оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты

Пәннің мақсаты :
Болашақ мұғалімдерді техникалық және бағдарламалық әдістемелік қолдаудың әртурлі жағдайында мектептегі информатика пәнін шығармашылықпен оқыту ушін қажетті білім,білік, дағдылармен қаруландыру,болашақ мұғалімдерге информатиканы оқыту мәселелерін шеше білуге,өз бетінше білім алу,әдістемелік шығармашылық дағдыларын қалыптастыру.

  1. Орта мектепте информатиканы оқытудың міндеттері

Міндеттері:

  • информатиканы оқытудың нақты мақсаттарын анықтау

  • инф пәнінің мазмұнын анықтау

  • оқытудың турлері мен әдістерін құру

  • инф оқыту құралдарының сәйкестігін қарастыру және мұғалімнің оларды практикада қолдануға көмек беру.

  1. Қазіргі қоғамдағы компьютердің орны

Компьютер (ағылш. computer — «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) — есептеулерді жүргізуге, ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығаруға арналған құрылғы. Компьютер дәуірінің бастапқы кезеңдерінде компьютердің негізгі қызметі — есептеу деп саналатын. Қазіргі кезде олардың негізгі қызметі — басқару.
Алғашқы компьютерлер тек қана есептеулер үшін қолданылған болатын ("компьютер" және "ЭЕМ" терминдерінің шығу тегі де осыған байланысты). Ең қарапайым деген компьютерлердің өзі бұл салада адамдардан асып түседі. Ең алғашқы шыққан бағдарламалау тілі - Фортран тілі де осы себепті тек қана есептеулер шығаруға арналған болатын.
Екінші жолы - мәліметтер базасы үшін. Бірінші кезекте бұлар үкіметтерге және банктерге қажет болатын. Мәліметтер базасын басқару үшін күрделі компьютерлер және ақпаратты енгізу-шығару, сақтауға қажетті күрделі жүйелер қажет болды. Осы мақсаттарда Кобол тілі пайда болды. Кейінірек пайда болған мәліметтер базасын басқару жүйелерінің өз бағдарламалау тілдері бар болатын.
Үшінші жолы - әр түрлі құрылғылармен бірге қолдану. Даму жолы арнайы мамандандырылған (көп жағдайда аналогтық) құрылғылардан стандартты компьютерлік жүйеге дейін болды. Сонымен қатар, күн өткен сайын, техниканың көп бөлігі компьютерден тұратын болды.
Ақырында, компьютерлер кеңседе де, үйде де негізгі ақпараттық құрал ретінде пайдаланыла бастады. Яғни, ақпаратпен орындалатын кез келген жұмыс (мәтінді енгізу, фильм қарау) компьютер көмегімен жүзеге асырылатын болды. Осы тұжырымды ақпаратты сақтауға да, тасымалдауға да байланысты айтуға болады.
Компьютерлер қолданылатын салалардың ішіндегі ең күрделі, ең аз дамыған саласы жасанды интеллект - компьютерлерді белгілі бір алгоритм жоқ жерде пайдалану болып табылады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет