Оқушылар Кулон заӊын түсіндіреді және формуланы пайдалана отырып әрекеттесу күшін есептейді.
Пәнге тән лексика мен терминология: элементар зарядтар; тартылыс және тебіліс әр аттас заряд;
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Қозғалмайтын екі нүктелік зарядтыӊ өзара әрекет күші зарядтардыӊ көбейтіндісіне тура пропорционал және олардыӊ арақашықтығыныӊ квадратына кері пропорционал болады.
Құндылықтарға баулу
Бұл сабақ оқушылардың жекелей/жұппен жұмыс жасай отырып қолдану дағдыларын дамытуға және сыни тұрғыдан ойлаға дағдыландыруға бағытталған.
Пәнаралық байланыс
Кулон заңын есептер шығаруда қолдану барысында математика пәнімен байланыс.
Зарядтардыӊ екі тегі болады: оӊ зарядтар (таӊбасы оӊ +) және теріс зарядтар (таӊбасы -). Бірдей таӊбадағы зарядтар аттас зарядтар деп аталады. Әр түрлі таӊбадағы зарядтар әр аттас зарядтар деп аталады. Аттас зарядтар өзара тебіледі, ал әр аттас зарядтар өзара тартылады.
Үй тапсырмасы Тест тапсырмасы Жіпке ілінген жеңіл әрі нейтрал шарға теріс зарядталған таяқшаны тигізбей жақындатқанда ол электрленіп тепе-теңдік күйінен ауытқиды. Шардың зарядталу тәсілін көрсетіңіз
А) үйкелу арқылы
В) жанасу арқылы
С) индукциялық
D) үйкелу және индукциялық
2. Табиғатта кездесетін зарядтардың түрлері
А) оң, бейтарап
В) теріс, бейтарап
С) оң, теріс
D) бейтарап
3. Суретте заряд өткізбейтін екі жіпте шарлар ілінген.
Төмендегі тұжырымдардың қайсысы дұрыс:
А) 1 және 2 шар зарядталмаған
В) 1 шар оң, 2 шар теріс зарядталған
С) 1 шар теріс, 2 шар оң зарядталған
D) 1 және 2 шар бірдей зарядталған
4.Төменде келтірілген заттардың қайсысы электр зарядын өткізеді?
шыны
резеңке
графит
фарфор
5. Үш дене 1, 2 және 3 зарядталған. Қайсылары өзара тартылады?
A ) тек 1 және 2, 1 және 3
B) тек 1 және 2, 2 және 3
С) тек1 және 3, 2 және 3
D) тек 1 және 3, 2 және 1
6. Өткізгіш зат бұл-
А) электр зарядының барлығын өткізе бермейді
B) электр зарядының жартысын өткізу қабілетіне ие
С) электр зарядын нашар өткізеді
D) электр зарядын жақсы өткізеді
Жұптар арасында бірін – бірі бағалайды
Сабақтың ортасы
Жаңа сабақ Аттас және әр аттас зарядтар арасында тартылыс және тебіліс әсері болады. Осы әсерді зарядтар арасындағы әрекеттесуші күштер екендігін 1785 жылы француз ғалымы Шарль Кулон тәжірибе жүзінде дәлелдеп ашты. Өте сезімтал айнымалы таразы алып, сол арқылы зарядталған шаралардың қалай әсерлесетінін анықтады.Айнымалы таразы- жіңішке серпімді сымға ілінген және шыны цилиндр тәріздес ыдысқа орналастырылған,шыны таяқшадан тұратын қондырғы.таяқшаның бір ұшына кішкентай металл шар бекітілген,ал екінші ұшында оны тенгеріп тұратын жүк бар.Жіптің жоғары ұшыоның ширатылу бұрышын анықтауғаарналған бөліктері баршкалаға бекітілген.ыдыс тығынындағы тесік арқылы дәл сондай басқа сынақ шар енгізіледі.егер шарларға заряд берсек,онда олар бір-бірімен әрекеттеседі.Өзара әрекеттесу күшінің шамасын жіптің ширатылу бұрышына қарап анықтауға болады